2022-2023 оқу жылы
“Оқуға құштар колледж”, “Оқуға құштар мектеп” тұжырымдамасы аясында білім алушылардың зияткерлік және рухани-адамгершілік даму мақсатында 10″а” класс оқушылар арасында “Ең оқуға құштар топ” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Өткізген класс тәрбиешісі Мустафина Ж.Ж.
Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адами қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Осы орайда 8 “А” класында “Адам бойындағы асыл қасиеттер” атты дөңгелек үстел өтті.
Жас спортшыларға жалпы “олимпиада” сөзі мен тарихы туралы мағлұмат беру және ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту, Қазақтың даңқты спортшылар және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі спорттағы жетістіктер туралы білімдерін толықтыру, жеңіске деген сенімділік ұялату, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мақсатында 7 “А” класында “Тәуелсіздік алғаннан кейінгі спорттағы жетістер” тақырыбында ашық сабақ өтті.
https://www.instagram.com/reel/Cn_vUgNgGRe/?utm_source=ig_web_copy_link
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелей отырып “Сүйіспеншілік адамгершіліктің басты қасиеті, оның негізі, дұрыс әрекет оның шынайы-өмірі” атты 9 кластар арасында дөңгелек үстел өтті.
Ұйымдастырушылар: Исламбекова А.Б., Бешбаева А.Б.
https://www.instagram.com/reel/Cn8_CjxgxAj/?utm_source=ig_web_copy_link
20-қаңтар күні біздің 8-класс білімалушылары Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында өткен Қазақстанның халық жазушысы, драматург, прозашы Тахауи Ахтановтың туғанына 100жыл толуына арналған “Тарлан талант тағылымы” атты әдеби кейске қатысты.
Балалар өте құнды ақпараттармен сусындап, өздері де қатысушылар алдында өлең оқып, сұрақ-жауап алмасып, белсенділік көрсетті.
Есет батыр атындағы ОРОММИК 11Ә класс оқушыларымен «Қонаев – ұлы тұлға»тақырыбында танымдық сабақ өтті. Ұлы тұлғаның қайраткерлік өмірінен мағлұмат беру мақсатында видео фильмдер көрсетілініп Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәліметтер өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпараттар берілінді.
25 қазан Республика күніне орай “Жылы жүрек”еріктілер жасағы таэквондо бөлімінің тәрбиеленушілері қала халқының тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап тәтті шоколад таратты.Еріктілердің шын жүректен тарту еткен сыйлары тұрғындардың көңіліне қуаныш ұялатып,бір сәттік бақыт сыйлады. https://www.instagram.com/reel/CkK5INcgBZLjc4oo9DaXEAgMU88w1vINVUHA9Q0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде “Жылы жүрек” еріктілер жасағының жиналысы өтті. Жиналыс барысында еріктілер жасағының қатысушылары өз ойларын ортаға салды. Еріктілер жасағының жетекшісі Сұлтанғали Темірлан қарттар күніне арналған іс шараны өткізуге ұсыныс білдірді. Жиналыс соңында еріктілер жасағының қатысушылары өздерінің жұмыс бағыттарын айқындап, ағымдағы мәселелер мен іс шараға қатысуға белсенділік көрсетіп жұмысты бастауға дайын екендерін жеткізді. Жетекші тәрбиешілері: Исламбекова А., Бешбаева А.
Мемлекет басшысы жариялаған “Балалар жылы-2022″ аясында Білімді ұрпақ” тәрбиелеу және зияткерлік тәрбие беру арқылы балаларды мәдениеттілікке, жан-жақтылыққа тәрбиелеу мақсатында 22-қыркүйек “Тілдер күніне” орай 8 -кластарда “Мақал-сөздің маржаны” зияткерлік сайысы сайысы ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы жариялаған “Балалар жылы-2022” аясында “Білімді ұрпақ” тәрбиелеу және зияткерлік тәрбие беру арқылы балаларды мәдениеттілікке, жан-жақтылыққа тәрбиелеу мақсатында 22-қыркүйек “Тілдер күніне” орай 11-кластарда “Тіл – татулықтың тірегі” зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Оқушыларға адал, әділ, адамгершілік, бір-біріне деген көңілі таза, пейілі кең, шын дос бола білу ұғымдарын қалыптастыру мақсатында 7″ә” класына “Асыл қасиет – адалдық” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Әрқайсымыз ішімізден «кітап оқу керек еді, ә?» деп ауыр күрсінетініміз анық. Себебі қазіргі уақытта қарапайым нәрселерге уақыт табу, соның ішінде кітап оқып, өзімізді рухани байыту деген дүниелерден қапы қалып жатырамыз.
Дәл осындай сәтте 8 сынып оқушылары 1-тоқсан демалысын (күзгі демалыс) ұтымды пайдалана алды. Яғни мектеп кітапханасынан өздеріне ұнайтын кітаптарын алып кетіп, демалыс бойына оқып, Вookcrossing форматында қалған сыныптастарына сол кітаптың мазмұнымен бөлісіп, кітап алмасты.
“Кітап маған тақтан да қымбат”, – деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген – кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. “Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол”, – дейді Баус. Кітап – сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен – кітап.
Кітап оқып, тіл байлығымызды, ой өрісімізді өсірейік!
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да дұрыс таңдай білуі туралы түсінік беру. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек дей отырып мамандық таңдауда бағыт -бағдар беру мақсатында 11 класс оқушыларына “Мамандық-өмір таңдауы”тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан. Бүгін біз осыған орай жастарымыздың рухани дүниеге деген көзқарасы және біздің оларға беріп отырған ұтқыр тәлім-тәрбиеміз туралы ұғындыру, кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор екенін, жаһандану мен ғаламданудың обыр ағымы және оның кейбір қауіпті ықпалы күрделеніп, күшейіп тұрғанда, бұл кітап-рухани баюдың бірден бір жолы екенін жеткізу мақсатында тәрбие жұмысының қараша айына арналған жоспары бойынша ұйымдастырылған “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында білімалушылар арасында “МЕНІҢ ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТКЕН БІР КІТАП” атты эссе байқауы өткізілді.
Байқауға 12 білімалушы қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды.
І орын- білім алушы Асанов Н.
ІІ орын- білім алушы Жеңіс Ғ.
ІІ орын- білім алушы Сайлау Н.
ІІІ орын- білім алушы Саматов А.
ІІІ орын- білім алушы Абибулла А.
ІІІ орын- білім алушы Балтабай Ершат иеленді.
Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 24-қараша күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесе отырып, жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай 7-класс білімалушыларымен “Шежіре ғұмыр” атты әдеби кеш өтті.
Шара барысында бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған, халықтың өнері мен өнегесін, рухани құндылығын дәріптеген Ақселеу Сейдімбектің өлшеусіз еңбегі туралы насихатталды.
Сонымен қатар “Ата салтын жаңғыртушы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бірнеше шығармалары талқыланды. Және 7″А” класс тәрбиеленушілері Абибулла Алдияр мен Бақытғали Бекжан ақын Жүрсін Ерманның “Даладай дарханым, теңіздей тереңім”, Несіпбек Айтұлының ақын рухына арнаған “Ағаны жоқтау” өлеңдерін оқыды.
2022 жылғы 8 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың!» патриоттық акция ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу; балалар әдебиетін насихаттау; балалардың білімге құштарлығын арттыру.
Кітапхананың белсенді оқырмандары ретінде біздің Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің білімалушылары және М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының, Б.Момышұлы атындағы №62, №45, І.Есенберлин атындағы №15 орта мектептерінің оқушылары қатысты. «Жарқыра, жанған күндей Тәуелсіз ел!» мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылып, біздің білім ордамыздың 7 “А” класс білімалушысы, теннис бөлімінің спортшысы Асанов Нұрасыл мен 7 “Ә” класс білімалушысы таеквондо бөлімінің спортшысы Мейрам Самғат өнерлерін ұсынып, Мұқағалидың патриоттық өлеңдерін оқыды.
Сонымен қатар, жас патриоттар назарына «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жүргізілді.
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ
Бүгін біздің білім ордамыз Есет батыр атындағы ОРОММИК-не бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және бірнеше спорт шеберлерін дайындап шығарған, яғни екі дүркін Азия чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері Болат Ниязымбетов, екі дүркін Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, Әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев және әлем чемпионы Біржан Жақыпов сынды Қазақстанның көк байрағын сан мәрте көкке көтеріп, әнұранын шет елдерде асқақтатқан Чемпиондарды тәрбиелеп шығарған БУДАНБАЕВ ДАМИР БҰЛТБАЙҰЛЫ ағамызбен кездесу өтті.
Тәуелсіздік күні қарсаңында тәуелсіздік алғаннан кейінгі спорттағы жетістіктер туралы мәлімет алып, жас спортшылармен әңгімелесіп, өнегелі кеңестерімен сусындап, өмірлік тәжірибесінде қажетті ақпараттар алсын деген мақсатта ұйымдастырылған жүздесуде спортшыларымыздың танымы көптеген құнды дүниелермен толығып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еңбек сіңірген ел ағасына өз өнерлерін де арнады. МИК директоры Г.Р.Анесов Дамир Бұлтбайұлына арнайы АЛҒЫС ХАТ ұсынып, ризашылығын білдірді.
«Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танимын!»“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында “Бір колледж – бір кітап” акциясына ұсынылған Александр Бектің “Арпалыс” кітабына әдеби кейс ұйымдастырылды.Кейс әдісінің мақсаты – ақпаратты талдауға, негізгі проблемаларды анықтауға және оларды шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға үйрету.Білім алушыларға ойынның шарттарын түсіндіріп, шығарманың авторымен, басты кейіпкерлері жайлы мәлімет берілді. Кітаптан үзінді оқылып, эпизодтың аяғына дейін жетпей, топтарға өзіндік даму нұсқасын табуды ұсынды. Білім алушылар берілген сұрақтар бойынша шығарманы өз бетінше әрі қарай жалғастырды. Кейс ойыны қызықты және өз деңгейінде өтті.
2021-2022 оқу жылы
22 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де қасиетті. Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады. Тіл мерекесіне орай, жас спортшылармен “Спорт терминдері” тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
ӨЗГЕ ЕМЕС ӨЗІМ АЙТАМ, ӨЗ ЖАЙЫМДЫ
Есет батыр атындагы ОРОММИК кітапханасында қазақ поэзиясының аса көрнекті, дарынды ақыны – Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» тақырыбында шара өтілді.
Мақсаты: оқушыларды ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстырып, ақынның өзіндік мұратын түсіндіру, шығармашылыққа дағдыландыру, әдебиетке қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Балаларды кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, балалар әдебиеттерін насихаттау мақсатында Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында “Балалар бағының бағбаны” тақырыбында көрме ұйымдастырылып, танымдық сағаты өтті.
“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында және білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7-класс оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану мұражайына саяхат жасады. Экскурсия барысында балалар ерекше әсер алып, рухани байлығын кеңейтіп қайтты.
Оқушыларға даңқты спортшы, елжанды азамат Жақсылық Үшкемпіров жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері, өмір жолын өнеге ету мақсатында “Тұғыры биік – нар тұлға” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар чемпионның балалық шағынан бастап үлкен спортқа келуіне, Олимпиаданың жеңіс тұғырына көтерілуіне дейінгі өнегелі өмірімен танысып, ел спортын дамытуға, туған жерін түлетуге, ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі туралы мәліметтермен таныс болды.
ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін жас спортшылар грек-рим күресінен КСРО спорт шебері – Ізбасар Ахметұлы Насыровпен өнегелі кездесу болып, өз тәжірибесімен бөлісіп, әсерлі сұхбаттасу өткізілді. Кездесуден кейін Ізбасар Насыров боз кілемде грек-рим күресі бөлімінің тәрбиеленушілерімен шебер класс сағатын ұйымдастырды. Жас спортшыларды үлкен спортқа даярлайтын білім ордасына арнайы келген Ізбасар Ахметұлына мектеп директорының алғыс хаты тапсырылды.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.
Кітап оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз! Сондықтан да «Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел» идеясы біздің мақсатымыздың дұрыс бағытын көрсетіп тұр.
Бүгін, әлемдік деңгейдегі қазақ бапкері, талай шәкірттер тәрбиелеп бағы мен бабы қатар шапқан балуан самбо және дзюдо күрестерінен КСРО спорт шебері, кейін дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Құлмағанбетов Асылбек Қалыбайұлымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында қазақ елінің көк байрағын желбіреткен спортшылар дайындаған – Асылбек Қалыбайұлының шәкірті Әлемдік деңгейдегі дүлдүлдердің бірі — Асхат Шахаров және әлем чемпионаттарын, бірнеше мәрте Азия құрлығын бағындырған Қазақстанның үздік спортшылары Р.Байлиева, М.Досанов, Қ.Шалтақов С.Нұрғалиев, Б.Бакешев, А.Бимұрзаев, Е.Тұрсынғалиев, А.Исмаилова сынды шәкірттерін дайындау кезіндегі іс тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибелі бапкер спортты өмірмен байланыстыра отырып, жетістікке жетудің қыр -сырын баяндады.
Кездесу барысында Асылбек Қалыбайұлы жас спортшыларға: “Спорт ерекше рух беретінін білеміз. Жарыста жеңімпаз болу – сол елдің мерейін үстем етеді. Сол рух басқа жастардың да оқ бойы озып шығып, ерекше жетістікке жетуге алға жылжуға үлкен ұмтылыс”, – болатындығын баса айтты.
Кездесуде жас спортшыларды жігерлендірумен қатар, білімді болу басты міндет екендігін айтып, үздік спортшыларға Болат Рамазан мен Тыныштық Ризатқа арнайы естелік кітаптар сыйға тартты.
ҚР-сы Президенті Қ.К. Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесінде біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін атап көрсеткен болатын. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин. Ұлы ағартушының 180 жылдық мерейтойына орай 7-класс білім алушыларымен “Даланың дара ұстазы” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Балалар ұлы ұстаздың өмірбаянымен, шығармаларымен танысты. Сабақ соңында, кітап көрмесін тамашалады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақстан Республикасының «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты Қыдырбек Рысбек 1945-2021 жылдар аралығындағы қазақтың таңдаулы бапкерлері мен шәкірттері туралы «ҚАЗАҚТЫҢ 90 БАПКЕРІ» атты деректі кітабы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушылары мен спортшыларына және мектеп кітапханасына тарту етілді. Тарихқа көз жүгіртсек, республика спортының тарихында жаттықтырушылар туралы мұндай толымды әрі құнды кітап бұрын болмаған екен.
Бұл еңбекте XX, XXI ғасырлардағы қазақтың белгілі бапкерлері мен олардың шәкірттері туралы қысқа да түйінді деректер мен фотолар бар.
9 ақпан күні мектебімізде мәңгілік жырдың марғасқасы,қазақ поэзиясына ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында шара өткізілді. Аталмыш шарада 7-9-сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық бейнематериалдарды тамашалады.
Мақсаты: ақын шығармаларының өміршеңдігі мен ұлттық құндылығын танытып, жас спортшыларды қазақтың сөз өнерін бағалай білуге тәрбиелеу және әдебиет әлеміне қызығушылықтарын арттыру
Ақиық ақын-Мұқағалиға 91 жыл
Сенбі-жексенбі күндері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатында Есет батыр атындағы ОРОММИК 8 класс оқушылары «Мәңгілік сағыныш» атты деректі фильм тамашалады.
2022 жылдың 14-ақпанында “Геолог” МҮ-де Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай “Өшпес ерлікке – мәңгі тағзым” атты Ауғанстан ардагерлерімен кездесу өтті. Кеш қонағы Ауған соғысының ардагері, Құрмет орденінің иегері, “Ер-Бақыт” спорттық клубының төрағасы, еліміз үшін аянбай еңбек жасап, көптеген жастарға үлгі болған азамат Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы Ауған соғысы туралы өткенді еске алып, мағлұматтар беріп, жастарға патриоттық сезімін оятатын, рух беретін жігерлі сөздерін арнады. Оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап беріп, көпшіліктің сұрауымен ән де шырқады. Осы кездесу кешіне қатысқан МИК тәрбиеленушілері керемет әсерде болды. Және өз өнерлерін сахна төрінде де көрсетіп, естелік суретке де түсті.
Батыр ағамызға және ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз!!!
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ
Бүгін, белгілі қаламгер, спорт тарихшысы, ҚР «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты, қазақ спортының абыройын асқақтатқан бапкерлер туралы жинақтың авторы-Қыдырбек РЫСБЕКПЕН рухани-танымдық кездесу өтті.
Қыдырбек ағаны қазақтың қалың оқырманы өткен ғасырдың 80-жылдарынан жақсы біледі. Ол кісі қазақ спорт журналистикасының көшбасшыларының бірі. Сол кезден бері ол еліміздің барлық жаттықтырушыларымен, спортшыларымен, спорт мамандарымен, басшыларымен, ардагерлерімен етене араласып, олардың бәрін жастар газеті мен басқа да басылымдарға жазып, аттарын қазақтың кең жазиралы даласына танытты.
Кездесуге «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі – Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, Асылбек Құлмағамбетов, Рақымжан…. Айнағұлов және Шолпан қыздар клубының …… қатысты.
МАХАББАТҚА ТОЛЫ ЖЫРДАН ҮЗІНДІ
Ақын, журналист, Қазақ журналистикасының қайраткері, «Қазақ СТА құрметті профессоры, «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы – Мусағали Тасқалиевтің «МАХАББАТҚА ТОЛЫ ЖЫРДАН ҮЗІНДІ…» атты шығармашылық кеші өтті. Аталмыш кешке біздің Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері қатысып, әдемі кештің көрермені болып қайтты.
Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітап күніне орай “Кітапханаға кітап сыйла” акциясын ұйымдастырды. Осы акцияға ат салысқан 7-класс білім алушылары мектеп кітапханасына кітаптар сыйлады. Мектеп – интернат кітапханашысы А. Отыншина кітап, спорт туралы қызықты сұрақтар қойып, балалар белсенді жауап беріп, жақсы көңіл – күйде болды. Акция әлі жалғасуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Білім және Ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Осы жоба аясында мектебімізде биылғы жылғы атаулы күндер тізбесіндегі тұлғалардың шығармаларын оқуға ұсынылды.
Сол тұлғаның бірі – Шерхан Мұртаза. Биыл абыз тұлға Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл. Бұл есім – қазақ әдебиеті алыптарының көш басындағы санаулыларының арасында тұр. Ол – қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан Қаламгер.
Мерейлі датаны атап өтуге біздің бірден-бір қосар үлесіміз – халық жазушысының шығармаларын оқу және оны сахналау.
Дәл осы мақсатта, ағымдағы жылдың 22 сәуір күні, Есет батыр атындағы ОРОММИК 7-8 класс оқушылары арасында «Шерхан Мұртазаның өнегелі әңгімелері» атты шағын сахналық қойылымы өтті.
2022 жылғы 5 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі кітапханасында Совет Одағының батыры І.Үргенішбаевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Батырдың ізін жалғар ұрпағы бар» атты тағзым сағатын өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қаһармандық ерлігін, мұғалімдік бейнесін жан-жақты ашып көрсету, елін, жерін қорғай білуге, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шарада қаламын винтовка мен автоматқа ауыстырған кешегі ауыл мұғалімінің тар жол, тайғақ кешудегі ерлік істері жете таныстырылып, оқырмандарға батыр туралы естелік видеолар мен слайдтар көрсетілді.
«Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
2022 жылдың 19 мамыр күні Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде Халықаралық отбасы күніне орай Ақтөбе қаласында тұратын үлгілі, озат отбасыларының бірі, ” Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының номинанты, спортшылар династиясы, әкесі мен балалары тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Төлегенов Бауыржан Өндірбайұлымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Бауыржан Өндірбайұлы ұлттық құндылықтарымыздың бірі, тоғызқұмалақ ойыны жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдіруге маңызды зияткерлік спорттық ойын екендігін, қазіргі жаһандану заманында өзіміздің мәдени ерекшеліктерімізді сақтап қалуымызды, дәріптеуіміздің қажет екендігін айтып өтті.
Студенттер мен білім алушылар қонағымызға қызықтырған сұрақтарын қойып, құнды мәліметтер алды.
Кездесу соңында Бауыржан Өндірбайұлына МИК директоры Ғ.Р.Әнесовтың атынан алғыс хат берілді.
2020-2021 оқу жылы
«Дүние үлкен көл
Заман соққан жел
Алдыңғы толқын ағалар,
кейінгі толқын інілер…»
А.Құнанбаев
Халықтың рухани мұратына қызмет еткен және етіп жүрген тұлғалар аз емес. Алдыңғы буын ағалардың көпшілікке үлгі болып нағыз спорт сүйер қауымның көңілінен шыға отырып, еңбек етіп жүрген облысымыздың тұлғалары баршылық. Өскелең ұрпақты өлкеміздегі халықтың, спорт сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген спорт жанашырымен таныстыру, спорт туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың бойына жеңіске деген ұмтылыс, патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін арттыру мақсатында облысымыздың белгілі спорт сарапшысы, комментатор, Ақтөбе облысы грек- рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы директоры, спорт тарихшысы және жанашыры – Есенжолов Аспандияр Марякұлымен онлайн кездесу.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7«Ә» класс оқушылары – Қалқаман Салауат және Смағұл Мансұр мектебімізде өтіп жатырған «Адамдарға қуаныш сыйлайық!» атты акцияға, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғындары ретінде адамдарға қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес беріп, медициналық маска таратып, қарт әжейдің үйіне барып шаруашылық жұмыстарына қолғабыс етті!
“Арман”. “Мақсат”. “Еңбек” осы үш қасиетті өз ұстанымында дағдыға айналдырып, еліміздің абыройын асқақтатып, ел намысын қорғай білген спорт саңлағы, бокстан екі дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР құрама командасының капитаны, ТOKYO – 2021 олимпиадасына жолдама ұтып алған бокста ауыр салмақта өнер көрсетіп, жеңіліс таппаған спорт майталманы боксшы Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлымен онлайн кездесу өтеді.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлескен жоспарына сәйкес, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облысының «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы ұйымдастырған спорт саласында, спортшылар арасында «Адалдық алаңы» бағдарламасына қатысып, өз ойларымен, пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.
Ақтөбе облысының бас арнасы «Қазақстан Ақтөбе» 60 жылдығына орай, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің І курс студенттері ширек ғасырдан артық тарихы бар телеарнаның медиа музейіне барып келді.
Осы 60 жыл ішінде жаңалықтардың жаршысы болған, талай спортшылардың жетістіктері туралы хабар таратқан облыстың бас арнасына барлық спортшылар атынан шығармашылық табыс тілеп, арнайы құттықтау хаттарын да қалдырды.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заманының сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет!» – деп атап көрсетті. Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын – оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары т. б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері.
Осыған орай, мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру – ұлттық мүдде» тақырыбында ұлттық қолөнер, ұлттық тағам, ұлттық ойындардан отбасылық сайыс өткізілді.
“ЕЛ ОҚИТЫН 30 кітап” атты тұрақты кітап көрмесі Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» республикалық рухани-мәдени акциясы аясында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 КІТАП» акциясына ұсынылған кітаптардың QR коды жасалынып тұрақты кітап көрмесі ұсынылып отыр. Көрменің мақсаты: кітап оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету, оқушылардың демалыс күнгі уақытын тиімді пайдалану.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай біздің тәрбиеленушілеріміз шалғайдағы ата- аналарына жергілікті почта арқылы өздерінің ақ тілектерін, жүрек жарды лебіздерін қағазға түсіріп хат жолдады.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы балаға ең алдымен ақ сүт беріп әлпештеген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды.
Тәрбиеленушілердің бойында ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 9 класс оқушыларымен “Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар аналарына жыр шумақтарын арнап, аналары туралы мақтанышпен әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылар күніне орай мектеп кітапханасында білімалушыларға тұтынушылар, тұтынушылардың құқықтары туралы мәлімет берілді.
Бата-қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дəстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, жақсылықтарда беріледі.
Бата- қысылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, əрбір іс-əрекетіңе даңғыл жол ашып, бəле-жаладан қорғайды деп есептелген.
“Батамен ер көгереді,
Жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған.
Бүгін сіздерге тəрбиелік мəні жоғары, халқымыздың асыл қазынасының бірі бата беру үрдісі топтамасын ұсынамыз.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев жариялаған “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған. Осы орайда “Киелі қала-Түркістан” тақырыбында оқытушылармен, білім алушылармен мәдени орындарға қашықтықтан виртуалды саяхат ұйымдастырылды. Бұл виртуалды саяхатпен Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне шолу жасалды. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде 21 қазақтың ханы, 8 сұлтаны, 23 биі, 63 батыры жерленген.
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді. “Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық” – деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде. Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды. Қуғын сүргін құрбандарын еске алу мақсатында 10 класс оқушыларына «ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ – АЛАШ ЖҰРТЫНЫҢ ЗИЯЛЫЛАРЫ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
2019-2020 оқу жылы
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде спорт майталмандарының өмірімен, спорттағы мансаптарымен таныстыру мақсатында кездесу кештері ұйымдастырылып отырады. Бүгінгі кездесу кешінің қонағы – спорт саласында өзіндік орны бар, Грек-рим күресінен Қазақстанға Еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Таңат Өмірзақұлы Сағындықов.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген – Мұқағали Мақатаев ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан 7 класс білім алушы спортшылар арасында поэзия сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты-білім алушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру, өлеңді мəнерлеп оқуға дағдыландыру болып табылады.
«……Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы»
Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып, жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын жаттаған жас қауым ешқашан естен шығармайтыны анық.
Ақын поэзиясы – бүгінгі өткен сайыс барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау бола білді.
Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек!
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр! ….
Ауған оқиғасы туралы мәлімет беру, ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу өткізілді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Г.А.Галиев, Н.А.Зайнеденов және сол соғыста жанын қиған ержүрек батырымыз С.Қ.Суюндуковтың бауырлары қатысты. Кездесуді ұйымдастырған ауған соғысы ардагері, АӘД пәні мұғалімі Е.Ж.Мурсалимовке алғыс айтамыз.
Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғаны күніне орай «Геолог» мәдениет үйінде «Ауған соғысы-жүректегі жара» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге 10-11 класс оқушылары қатысып, ардагерлерге сұрақтарын қойып, сұхбаттасып келді.
Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақыны– абзал дос.
«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп бастағаннан өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық.Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, шынайы достыққа тәрбиелеу мақсатында 9 «а» класс оқушыларымен «Достық-таусылмас қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастар және әдеп» атты дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға Есет батыр атындағы ОРОММИК 8Ә класс оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз белсенділіктерін ерекше көрсетіп, сұрақтарға нақты жауап беріп отырды. Шара соңында, оқушыларымыз ұлы жазушыларымыздың шығармаларына, әдебиетке деген қызығушылықтарының бар екендігінің дәлелі ретінде түрлі шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіре орындап берді. Кітапхана басшылығы өз ризашылықтарын білдіре отырып, Есет батыр атындағы ОРОММИК директоры Г.У Ташенбаевқа Алғыс хат жолдады.
«АБАЙ-ДАНА, АБАЙ ДАРА-ҚАЗАҚТА!» Елімізде болып жатырған төтенше жағдайларға байланысты, қашықтықтан оқытуды қолдау және Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, кейінгі жас ұрпаққа ақынның өнегелі қара сөздері мен шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жалынды спортшыларының бастамасымен «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты челленджі өтті.
Кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, білімге құштарлығын ояту мақсатында 10-класс окушылары арасында қашықтықтан «Кітап – рухани қазына» атты тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында ата-аналар да қатысып, сұрақтарға жауап берді.
1-мамыр Қазақстан бірлігі күніне орай 9 класс оқушыларының ұйымдастыруымен «Татулық. Тұрақтылық. Бірлік» тақырыбында үздік слайдтар.
Класс тәрбиешілері:Шекина Д.,Трумова Б.
Бүгін, Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжінде Жеңістің 75- жылдығына орай білім алушыларға патриотизмге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне орай « Желбіре, Жеңіс жалауы» тақырыбында оқушылар мен студенттер арасында онлайн тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары бойынша білімалушыларға тың деректер берілуімен қатар, кері байланыс ретінде өз отбасы бойынша соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен ата-әжелерінің естелік әңгімелері туралы айтылып, шығармаларын оқыды.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінде білім алушылармен қашықтық форматында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігімен бірлесе ұйымдастырылған жалпы республикалық «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.
1997 жылдан бастап «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Деректер көзіне сүйенсек 1936-1938 жж. Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңы атылған. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың белгілі ұлт зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері Алаш арыстары еді. Қазақ үшін қайғы-қасіретті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ емес. Біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
2018-2019 оқу жылы
Қазақтың ұлы ақыны,дана ойшылы,сазгер,ағартушы,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі -Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығына орай, ақын шығармаларынан «Абай оқулары» атты 7 класс тәрбиеленушілері арасында сайыс өтті. Балалар өздеріне жақын деп тапқан Абайдың шығармаларын жатқа айтып бір-бірлеріне эстафета етіп жолдады. Сонымен қатар Ұлы тұлғаның өмірбаянынан деректер келтіріп , әндерін шырқады.
Кітап оқу- басқа, ал, таңдап оқу -бір басқа. Тәрбиеленушілердің көркем әдебиетті оқып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханадағы жаңа әдебиеттермен таныстырылып, библиографиялық шолу өткізілді. «Оқырмандардың сұранысы» атты сауалнама жүргізіліп, кітапхананы пайдалану деңгейін, кітапханаға қандай ақпарат алу үшін келетіндігі төңірегінде әңгімелесілді. Кітапты көп оқу- адамның ойлау өрісін арттырып,өз ойын еркін жеткізуге,және баланың бойына табандылық, тапқырлық қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. «Заманның дамыған шағында әлеуметтік желіге сұраныс көп,алайда рухани жан азығы саналатын кітап- алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді» Н.Ә.Назарбаев.
7 класс тәрбиленушілері облыстық тарихи- өлкетану мұражайына экскурсияға барды. Экскурсияның мақсаты: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы жайлы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы түсінік беру; оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
7-желтоқсан күні оқушыларды кітапхана өмірімен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасына саяхат жасалды. Оқушылар кітапхананың тыныс тіршілігімен танысып, қажетті мәліметтер алды.
Бүгін 8 «а» класында спортшылар туралы мəлімет беру, білімдерін толықтыру, ұлттық мақтанып сезімдерін ояту мақсатында «Əлемге Қазақстанды танытқан спортшылар» тақырыбында танымдық сабақ өткізіліп, тәрбиеленушілер «Менің арманым – чемпион болу» тақырыбында эссе жазды.
Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай, «Әбу Насыр әл-Фараби Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында ғалымның өмірімен, шығармаларын таныстыру, тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында 8»А» класс оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді.
Әлемнің даңқты спортшылары олардың спорттағы жетістіктері туралы мәлімет беру, жас спортшылардың бойына ұлттық мақтаныш сезімдерін ұялату мақсатында ҚР-сы таеквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі спорт жаттықтырушысы, белгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік туралы 9ә класында «Қазақстан таеквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрік» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында атақты спортшының өмірбаяны, спорттағы жетістіктерінен мәлімет берілді. Сабақ соңында «Спортшылардың құрмет тұғыры» суретімен кері байланыс жасалды. Жас спортшылардың жеңіске деген сенімділігі артып, сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісті.
Грек-рим күресінен әлем чемпионы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтың өмір жолын үлгі-өнеге ету, Қазақстандық спортшылардың жеңістері біздің қазақ елі үшін мақтаныш екендігі жайлы айта отырып, оқушылардың жеңіске деген сенімділігін арттыру мақсатында 10 «ә» класында «Әлем таныған балуан Жақсылық Үшкемпіров» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
«Есет Ата рухына-тағзым» атты дөнгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Батыр бабаларымыздың есимдерін жас ұрпаққа таныту, оларды құрметтеуге, тағзым етуге тәрбиелеу.
Окушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының өмірбаяны және қарасөздерімен таныстыра отырып, шығармалары арқылы туған елге деген махаббаты, қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Сонымен қатар білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында, 7ә класс оқушыларымен «Абай- ұлы ақын» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханасында Ұлы ақынның даналығын, рухани асыл мұрасын кеңінен насихаттау, құрмет ету мақсатында «Абай мұрасы- халық мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175жылдығына арналган,7б класс оқушыларымен «Абай-дана ақын» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,ақынның даналығын,рухани асыл-мұраларын насихаттап,өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
«Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы». Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы, әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеуші Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, тәрбиеленушілерді ғұлама ғалымның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, білімдерін толықтыру мақсатында 11» ә « класс оқушыларымен» Ұлы даланың-ұлы тұлғасы» атты тәрбие сағаты болып өтті.
2017-2018 оқу жылы
Есет батыр атындағы ОРОММИК-де М.Мақатаевқа арналған «Қазағымның дара туған данасы» атты əдеби кеш өткізілді.Әдеби кешті ұйымдастырған тәрбишілер: Г.Жумагалиева, Е.Мұханбетов.
1 наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне орай Есет батыр атындағы ОРОММИК-де түрлі іс-шаралар өтіп, оқушылар барлық ұжым мүшелеріне өздерінің алғыстарын айтып, өлең жолдарын оқып,өнерлерін көрсетті.
1 – наурыз алғыс айту күні қарсаңында 9-11 класс оқушылары және студенттер жаттықтырушыларымен сыр-сұхбат өткізді.Ұйымдастырған:психолог,өзін-өзі тану пәні мұғалімі Л.Бердимуратова, А.Уразбаева.
Сәуір айының 24 жұлдызында колледж студенттері арасында Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Елбасы-елінің тірегі, Астана-елімнің жүрегі» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Ұйымдастырушысы гуманитарлық пәндер оқытушысы Э.Е.Әдіманова.