2022-2023 оқу жылы
“Жылы жүрек”еріктілер жасағының жетекшілері және мүшелері,грек-рим тобының тәрбиеленушілері және өзін-өзі басқару ұйымы “Жолда жүру ережесін сақтайық”акциясын ұйымдастырды.Бұл акцияның мақсаты қаламыздың кішкентай тұрғындарының жолда жүру ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге,сақ болуға үйрету, яғни түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.Еріктілер кішкентай тұрғындарды жолдан өткізе отырып,жол ережесі жазылған жадынамаларды таратты.
МИК өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың шығармашылығын, олардың жауапкершілігі мен азаматтық позицияларын, әлеуметтік белсенділікті дамытуға ықпалын тигізеді.
Осы орайда МИК өзін-өзі басқару ұйымының отырысы өткізілді оқушылардың маңызды мәселелері шешіліп, өзекті сұрақтары талқыланды.
МИК ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
♦Президент – Қуандық Ералхан;
♦Премьер министр – Сәлімжан Әлімжан;
♦Премьер министр – Салауатов Нұрхан;
♦Білім министрі – Сүндетбаев Құдірет;
♦Білім вице министрі – Жүсіпбергенов Төлеген, Нұрбергенов Омар;
♦Спорт және денсаулық министрі – Жұма Арсен:
♦Спорт және денсаулық вице министрлері – Ермекбай Арман; Саматов Ақтан;
♦Тәртіп және еңбек министрі – Жеңіс Әбдірайым;
♦Тәртіп және еңбек Вице министрлері Есенғұл Жансерік; Жамбылұлы Бағдаулет;
♦Мәдениет министрі – Қалмағамбетов Аян;
♦Мәдениет Вице министрі: Әкімәлі Арслан; Жайлыбаев Бибарыс;
♦Шаруашылық министрі – Ықыласов Ақжан;
♦Шаруашылық Вице министрлері – Ташмағанбетов Нұрсұлтан, Байтурин Рамазан;
♦Ақпарат және технология министрі – Асанов Айтбек;
♦Ақпарат және технология Вице министрлері – Қалмағамбетов Қазбек; Сабыркерей Сұңғат.
МИК президенті және парламент мүшелеріне алдағы оқу жылына сәттілік тілейміз!
МИК ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2022-2023 оқу жылының Ұстаздар және Қарттар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылған болатын. Аталмыш шараға тұспа тұс келген 10-11 класс оқушылары арасында ДӘСТҮРЛІ МИК ПРЕЗИДЕНТІ және ПАРЛАМЕНТ мүшелігін сайлау іс-шарасы өтті.
МИК Президенті мен парламент мүшелерін сайлаудың басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді, қызықты етіп пайдалану және қоғамдық шараларға белсенділіктерін арттыру болып табылады.
Өзін-өзі басқару ұйымының басшысына дауыс беру бекітілген ережелерге сай ашық және еркін түрде жүргізіліп, комиссия төрағасы Жайлаубаев Ерсұлтан тікелей дауыс берудің әділ өтуін қамтамасыз етті.
Сайлауға 10-11 класс оқушылары арасынан 21 үміткер өтініш беріп, өздерінің сайлауалды бағдарламалаларымен таныстырды. Осы тұрғыда әр кандидаттың өз ойын ашық айтып, оны аргументтер арқылы дәлелдей алғанын, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білгенін атап өткен жөн.
Есеп жүргізген комиссияның шешімі бойынша, ең көп дауысты 11 «А» класс, грек-рим күресі бөлімі – Қуандық Ералхан жинап, 2022-2023 оқу жылына өзін-өзі басқару парламентінің президенті болып сайланды. Және парламент құрамына:
Премьер-министр болып Сәлімжан Әлімжан және Салауатов Нұрхан сайланды.
Сонымен қатар, қалған кандидаттар Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Әділет, Еңбек, Спорт, Мәдениет, Қоршаған орта және экология министрі мен министрдің орынбасарлары болып тағайындалды.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп -интернат колледжінің тәрбиеленушілері соның ішінде өзін-өзі басқару МИК президенттігіне үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырды.Үміткерлер барлық оқушыларды өз бағдарламаларымен таныстыра отырып алдыға қойған мақсаттарымен,жоспарларымен бөлісті. Бағдарламаларын ортаға сала отырып өздеріне сенім артып дауыс беруге шақырды.
2021-2022 оқу жылы
МИК өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың шығармашылығын, олардың жауапкершілігі мен азаматтық позицияларын, әлеуметтік белсенділікті дамытуға ықпалын тигізеді. Осы орайда МИК өзін-өзі басқару ұйымының бірінші отырысы өткізілді оқушылардың маңызды мәселелері шешіліп, өзекті сұрақтары талқыланды.
МИК президенттігіне үміткерлер туралы ақпарат және ұстанымдары.
Бүгін 2021 жыл 24 қараша күні Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп -интернат колледжінің тәрбиеленушілері соның ішінде өзін-өзі басқару МИК президенттігіне үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырды.Үміткерлер барлық оқушыларды өз бағдарламаларымен таныстыра отырып алдыға қойған мақсаттарымен,жоспарларымен бөлісті. Бағдарламаларын ортаға сала отырып өздеріне сенім артып дауыс беруге шақырды.
ЕСЕТ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІНІҢ МИК ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚҰРАМЫ:
МИК Президенті-Қалиев Жанарыс,еркін күрес, 11А
Премьер-министр-Мустафинов Ерасыл-бокс, 11Ә
Премьер-министрдің орынбасары-Ғұмар Бекарыс – грек-рим күресі, 11А класс;
Ақпарат және қоғамдық даму министрі-Айымкулов Жеңіс – таэквандо, 11Ә класс;
Әділет министрі-Мұратұлы Бекзат, таэквондо 11Ә; Әділет министрінің орынбасары- Әнуарбеков Серікбол – грек-рим күресі, 11А; Қожақов Арсен – бокс, 10Ә класс;
Білім және ғылым министрі-Досбергенов Мирас – еркін күрес, 11А. Білім және ғылым минстрінің орынбасары-Мұқан Бекнұр – грек-рим күресі, 10А
Еңбек министрі – Сәлімжан Әлімжан – еркін күрес, 10А. Еңбек министрінің орынбасары-Қалиев Ақарыс – еркін күрес, 11А, Қуаныш Жарбол – дзюдо, 10Ә, Бірімғалиев Әділет – үстел теннис, 10А;
Мәдениет министрі-Әділхан Ерхан – грек-рим күресі, 11А; Мәдениет министрінің орынбасары-
Қонақбаев Әділет – грек-рим күресі, 11А
Оразбай Ғазиз – еркін күрес, 11А
Сүндетбаев Құдірет – дзюдо, 10Ә
Сүеу Ақжол – грек-рим күресі, 11А
Спорт министрі – Ибрашев Дамир – грек-рим күресі, 11А. Спорт министрінің орынбасары-
Ерлан Иса – таэквандо, 10А
Калмагамбетов Аян – бокс, 10Ә
Қайролла Қуаныш – еркін күрес, 11А
Салауатов Нұрхан – ауыр атлетика, 10Ә
Экология және қоршаған орта министрі-Мұратұлы Саламат грек-рим күресі, 11А класс;
Экология және қоршаған орта министрінің орынбасары- Курачев Ибрагим – дзюдо, 11Ә
Мурзин Диас – еркін күрес, 11А класс сайланды.
Оқушылар арасында өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту және бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында МИК Парламентінің ұйымдастыруымен “ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН” атты сенбілік кеш өткізілді.
Кеш барысында оқушылар ән айтып, өлең оқып өз өнерлерін көрсетті. Үздік танылған оқушыларды МИК Президенті Қалиев А.Ж. “Үздік ән”, “Үздік өнер” номинацияларымен марапаттады.
Бүгін, Мектеп директоры-Г.У Ташенбаев Өзін өзі басқару ұйымының мүшесі, МИК Президенті – 11«А» класс оқушысы, Қалиев Ж.А кездесу өткізіп, мектеп өміріне қатысты мәселелерді талқылады.
Өзін өзі басқару ұйымы – бұл мектеп оқушыларынан құралған тәрбиелі, саналы, табысты оқып, спортта жетістіктерге жетуді көздейтін жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, өзіне берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарайтын, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылармен тығыз байланыс орната алатын ұйым болып табылады.
Елімізде және айналамызды қоршаған қоғамда қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің оқу-тәрбие және спорт үдерісіне белсене араласып отыратын ұйымның жаңа МИК ПРЕЗИДЕНТІ болып сайланған – Қалиев Жанарыс, Мектеп директорымен кездесуде өзінің жоспарларымен, мектеп-интернат-колледжге енгізуге қажетті өзгерістер туралы өз ойын толыққанды жеткізді. Болашаққа бағдар жасай отырып, мектептің даму жолындағы жоспарларын айқындай түсті.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің еріктілер клубының 11″ А” класс оқушылары қардың қалың жаууына байланысты өз еріктерімен мектебіміздің қызметкерлеріне көмек көрсетті. Қыс қызығы әппақ қарымен келеді. Айналаны әдемі көрініске бөлеп, ерекше көңіл күй сыйлайды. Осындай табиғаттың сұлу тартуы – қардан ауланы тазарту жұмыстарын кім-кімнің де болмасын, ерекше ықыласпен атқаратынын білеміз. Оқушыларымыз мектеп ауласын қардан тазартып, өздерінен кейінгі өскелең балаларға үлгі көрсете білді. Оқушыларымыздың ата-аналарына алғыс білдіре отырып, мектебіміздің әр оқушысының жұмылып жасаған жұмысымен мақтанып отырамыз. Жұмыла көтерген жүктің жеңілдейтінін білген балалар біріге қимылдап, әп-сәтте аяқ жолды жеңілдетті. ЖАРАЙСЫҢДАР!
“Ер татулығы – ел татулығы” демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Осы аталған сөздерді тілге тиек ете отырып 2022 жылдың сәуір айының 26-жұлдызында 11 “А” класс оқушылары және класс тәрбиешісі А.Ж. Ахабаеваның ұйымдастыруымен пікірталас-ойталқы өткен болатын. Ортада талқыланған тақырып: “ҚР көп ұлттардың болуы еліміздегі патриотизмді төмендетеді деп есептейді”. Қызу талқыға түскен тақырып барлық көрермендерді де бей жай қалдырмағаны сөзсіз.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата – бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ. Достығымыз ажырамасын! Еліміз аман болсын!
2020-2021 оқу жылы
АКЦИЯНЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНАН ҚОБДА АУДАНЫ ҚАБЫЛ АЛДЫ !
Қазақстан жастарына бүгінде мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктер көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы республикада «Жастар жылы» деп жарияланса, биыл 2020 – Еріктілер жылы!
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде өтіп жатырған «Адамдарға қуаныш сыйлайық!» атты акцияға, Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғыны ретінде 10 “Ә” класс оқушысы – Курачев Ибрагим Қарғалы ауданынан қабыл алып, игі іс бастамасын қолдай келе, жақсылық жасауға, осы акцияға барынша атсалысуға шақырды!
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлескен жоспарына сәйкес, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облысының «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы ұйымдастырған спорт саласында, спортшылар арасында «Адалдық алаңы» бағдарламасына қатысып, өз ойларымен, пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.
Жас ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 10-11-класс білім алушыларымен “Сыбайлас жемқорлықка жол жоқ!” тақырыбында “ZOOM” платформасында сабақ өткізілді.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7«Ә» класс оқушылары – Жанабекұлы Заман және Ибраев Аянбек мектебімізде өтіп жатырған «Адамдарға қуаныш сыйлайық!» атты акцияға, Ақтөбе қаласының тұрғындары ретінде адамдарға қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес беріп, медициналық маска таратып, үй шаруашылығы жұмыстарына қолғабыс етсе, Бекенов Мадияр үй жануарларына қамқорлық танытып, қорғауға алды.
2019-2020 оқу жылы
- Тәрбие жұмысының мақсаты-табысты тұлғаны дамыту үшін, әр оқушының дарындылығын шығармашылық,креативтік ерекше қасиеттерін ашу.
- Тәрбие жұмысының міндеті-тәрбие сапасын көтеру үшін дарындылардың өсуіне арнайы орта жасау.
Осы орайда, МИК Парламенті жыл сайын жасақталып , тәрбиеленушілер арасында өзін-өзі басқару ұйымы құрылады. Ұйымның мүшелері , көшбасшылары МИК Парламентінің ұйымына іріктеліп тағайындалады. Сенбі , жексенбі күндері балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өзін-өзі басқару тобының мүшелері түрлі спорттық эстафеталар өткізді. Эстафетаның шарттарын ұйымдастырып, әділқазы мүшесі болып төрелік етті. Алғашқы кезеңнен жақсы нәтиже көрсеткен командалар финалға жолдама алды.
Демалыс күндері оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, 7а-7ә-7б класс оқушыларымен “Жігітке жеті өнерде аз” атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Мектебіміздің
МИК Президенті мен оның әкімшілік құрамы жұмыла жұмыс жасады. 1-бөлім бойынша 7б сынып окушылары жоғары ұпай жинап, белсенділікпен жоғары ұпай жинады. Сайысқа қатысушыларға екінші кезеңге тапсырмалар беріліп,байқау соңы би кешімен жалғасын тапты!
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және дойбы ойындарын насихаттау,дойбы ойынына деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыта түсу мақсатында мектепішілік 7-8 класс оқушылары арасында дойбы ойындарынан жарыс өткізілді. Жарысты ұйымдастыруға мектеп-интернат-колледжіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері барынша атсалысқан болатын. Ойын барысында айқын басымдықпен, тапқырлықпен жеңіске жеткендер келесі кезеңдерге жолдама алды. Атап айта кетер болсақ :
?Әлішер Сұлтан-7б кл;
?Хамитов Мансур-8а кл;
?Төлеубай Ақжол-7б кл;
?Қонарбай Аслан-8а кл;
?Ержанов Ерасыл-7б кл;
?Мұқанов Азим-7ә кл;
?Жамбылұлы Бағдәулет-7а кл;
?Жеңіс Әбдірайым-8ә кл.
МИК өзін-өзі басқару тобы жетекшілерінің бастамасымен ұйымдастырылған “Тәуелсіздік тірегім- Қазақстан жүрегім” атты байқауға, жас спортшылар өз үлестерін қосуда. Байқау қорытындысы алдағы жақын күндері анықталады.
Қ.Р. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020жыл «Волонтер»жылы деп жарияланды.Осыған орай 11″ә”, 9″ а” сынып оқушылары технология пәні мұғалімімен ардагер ұстазымыз Жақсылық атамыздың үйіне барып қайтты.
Оқушылар қариямыздың үйінде барып, үй шаруаларына көмек көрсетті.
Қариямыз оқушылардың көмектеріне риза болып, мектеп қабырғасында атқарған жұмыс тәжірибесі туралы айтып, ақ батасын берді.
Қазақ халқы-үлкенге қарап бой түзейтін халық. Алдыңғы буыннан үлгі алып, соларға ұқсап бағады. Сондықтан алдымен үлкендерге жол беріп, ақ батасын алуға тырысамыз. Сол үлгі тұтып, ардақтаған ағаларымыздың қатарында ардагер ұстаз – Жақсылық атамыз да бар. Бүгінде 11 класс оқушыларымен бірге қарияның үйіне барып, құрмет көрсетіп, қолғабыс етілді.
Жақсылық ата – көмектесуге дайын тұратын, үлкенді сыйлап, тәрбиелі де саналы ұрпақтың бой түзеп келе жатқанына қуанышын білдірді, қызықты әңгімелерімен бөлісіп, күмбезді күй шертті.
__________________________________________________
Мектеп ұжымына, ерікті жастарға алғыс айтып, ақ батасын берді.
Биылғы жыл “Еріктілер жылы” деп жарияланған болатын. Жастармен бірге мұндай шаралар жалғасын таба бермек. Өйткені, қазыналы қарияларды құрметтеу, бүгінгі ұрпақтың парызы болып саналады.
14 ақпан күні МИКде тарих, өлкетану бойынша “Менің өлкемнің электронды энциклопедиясы” тақырыбында әр аудан балаларының туған жері туралы слайд презентация жасау күні өтті. Оқушылар өз туған жерлерінің мақтанышы болатын түрлі мәдени орындары мен спортшыларымен, тарихи орындары туралы мәлімет беруде мақтанышпен айтып өтті. Кеш соңын әр аудан өз мақтанышымен ақын жазушыларының әндерімен көңілді кешті аяқтады.