Ел намысын биіктетіп, Тайланд елінде 20-21 шілде күндері боз кілемде бақ сынасып, қанжығаларына қос КҮМІС байлаған грек-рим күресінің (U20) спортшылары, мектеп-интернат-колледжіміздің мақтаныштары ЖҰМА АРСЕН (55кг) @arsen_5104 мен БЕРЖАНОВ РАХАТТЫ (97кг) @berzhanov__ жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Және грек-рим күресі бөлімінің Бапкерлерін, аға бапкер Тукенов Қонысбек Кәрімұлын командалық есептегі Қазақстанның КҮМІС жүлдесімен құттықтаймыз!!!
Әлем ЧЕМПИОНАТЫНДА жүлделеріміз АЛТЫНҒА айналсын деп тілейміз!!!
Жеңіс құтты болсын, ҚАЗАҚ ЕЛІ!!!🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Бейбіт заманда да ерлік көрсеткен батырлардан кенде емеспіз. Солардың бірегейлері біздің білім ордамыздан тәрбиеленіп жатқан спортшылар десек қателеспеспіз. Оған тағы бір дәлел кеше ғана Өзбекстан елі, Ташкент қаласында ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА Қазақстанның гимнін шырқап, туын көкке көтерген, кеуделеріне АЛТЫННАНмедаль таққан, Еліміздің мәртебесін асқақтатқан батырларымыз, Чемпиондарымыз БИСЕНОВ НҰРЖАН , АЛМАТ ӘДІЛЕТ , РАХМЕТҚАЛИ ЖАНАРЫСТЫ жеңістерімен тағы да құттықтаймыз!!Және дзюдо бөлімінің Бапкерлеріне де шын жүректен құтты болсын айтамыз!
ӨЗБЕКСТАН ЕЛІ, ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНАН АЛТЫН? мен ҚОЛА ?
2023 жылдың 28-3 ақпан күндері аралығында Өзбекстан елі, Ташкент қаласында өткен грек-рим күресінен 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Л.И.Капты еске алуға арналған халықаралық турнирге біздің спортшыларымыз қатысып,
Советов Жарас 45кг салмақта?АЛТЫН және
Қалмағамбетов Қазбек 60кг салмақта? ҚОЛА жүлдеге ие болды.
Жетістікке жеткен спортшыларымызды және грек-рим күресі бөлімінің бапкерлерін құттықтаймыз! ??????
Жеңісті күндер көп болғай!!!
Ағымдағы жылдың ақпан айының 4-жұлдызында Есет батыр атындағы ОРОММИК-де WT Таеквандодан Ақтөбе ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ өтті. Қорытынды нәтижесінде біздің спортшыларымыз:
Кадеттер арасында –
?Төлеу Диас 37кг
?Губайдуллин Ернар 41кг
?Едіге Арсен 65кг
?Кобланды Алихан 37кг
?Медетов Санжар 33кг
?Жаппарбердиев Нұрбақыт 41кг;
Жастар арасында –
?Ешимов Актан 45кг
?Әкімәлі Арслан 48кг
?Клычев Асадбек 51 кг
?Сұлтанғали Темірлан 55кг
?Кажбаев Адлет 45кг
?Ерлан Иса 48кг
?Сериков Ислам 51 кг
?Бақтыкерей Мадияр 55кг
?Сабыркерей Сұңғат 51 кг
?Мұрқабай Нұрбек 63кг;
Таеквандо бөлімінің спортшыларын және бапкерлерін құттықтап, алдағы ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА сәттілік тілейміз! Биіктерді бағындырыңыздар!
ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ?
2023 жылдың қаңтар айының 24-28 аралығында Еркін күрестен U-15 және U-17 арасындағы АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ екінші кезеңі, U-15 жас ерекшелігі арасындағы 2 күн бойы жаоғасқан жарыс нәтижесі бойынша біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшылары
5?АЛТЫН, 3?КҮМІС және 5?ҚОЛА жүлделерге қол жеткізді:
? Дүйсенбай Кәдіржан 38кг
?Сисенбайұлы Саят 41кг
? Асланұлы Ислам 44кг
? Жолаш Мирлан 52кг
?Еркін Нұрәли 57кг
?Жексенбай Диас 41 кг
?Көшер Сағынжан 44кг
?Үйелбаев Мерей 48 кг
?Есентүгел Ислам 38кг
?Хасан Назар 41кг
?Тойбазар Ерасыл 62кг
? Мақсат Ералы 62кг
? Сайлау Нұржол
Жеңіске жеткен спортшыларымызды және Еркін күрес бөлімінің бапкерлерін жетістіктерімен құттықтаймыз!??????
Әлі талай шыңдарды бағындырар чемпиондарымыз көбейе берсін!
ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ?
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 24-28 аралығында Еркін күрестен U-15 және U-17 арасындағы АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ бірінші кезеңі, яғни U-17 жас ерекшелігі арасындағы жарыс тәмамдалып, біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшылары өз бақтарын сынап, төмендегідей жетістікке қол жеткізді:
?Сәкен Бекзат 48кг
?Жарасов Азамат 60 кг
?Жүсіпбергенов Төлеген 65 кг
?Аманғали Әділет 45 кг
?Жусупов Толеген 48 кг
?Самат Саят 55 кг
?Исатаев Айдар 92 кг
Жеңіске жеткен спортшыларымызды және Еркін күрес бөлімінің бапкерлерін жетістіктерімен құттықтаймыз!??????
Әлі талай шыңдарды бағындырар чемпиондарымыз көбейе берсін!
ӨЗБЕКСТАН ЕЛІ, ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ БӨЛІМІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ қос АЛТЫН ??, КҮМІС ? және ҚОЛА ? медальдарды қанжығалады.
Үстіміздегі жылдың 23-26 қаңтар күндері Өзбекстан елінің астанасы Ташкент қаласында Грек рим күресінен 2008-2009 ж. т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ГРЕК-РИМ, ЕРКІН және ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР мен ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛУҒА арналған халықаралық турнирге МИК спортшылары қатысып, жетістіктерге жетті. Атап айтсақ:
?Оңайбаев Бекзат 41 кг
?Ибраев Аянбек 85 кг
?Досжан Асылжан 75 кг
?Абдол Әліби 41 кг
?Алмас Исламбек 62кг
Жеткен жетістіктерімен спортшыларымызды және грек-рим бөлімі бапкерлерін құттықтаймыз! ??????
Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болғай!
ТАЕКВАНДОДАН 5 АЛТЫН ?, 4 КҮМІС ?, 3 ҚОЛА ?
2023 жылдың қаңтар айының 19-21 аралығында WT ТАЭКВОНДОДАН 2006-2008 ж.т. Жастар және 2009 – 2011 ж.т. Кадеттер арасындағы “Pavlodar OPEN” республикалық ашық турниріне біздің МИК спортшылары қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
2006-2008 ж.т. Жастар арасында:
?Ешимов Ақтан 45кг
?Әкімалі Арслан 48 кг
?Серіков Ислам 55кг
?Казбаев Адлет 48 кг
?Сабыркерей сұңғат 51кг
?Клычев Асадбек 55кг
?Мұрқабай Нұрбек 63кг
?Ерлан Иса 51кг
2009 – 2011 ж.т. Кадеттер арасында:
?Жаппарбердиев Нұрбақыт 45кг
?Едіге Арсен 65кг
?Медетов Санжар 33кг
?Төлеу Диас 41кг
Таэквандо бөлімінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және жаттықтырушыларын құттықтаймыз!??????
Жеңісті күндеріміз көп болсын!2023 жылдың алғашқы күнінен бастап, яғни қаңтар айының 1-18-і аралығында Шымкент қаласында біздің Грек-рим бөлімінің спортшылары ҚР Чемпионатының алдындағы оқу-жаттығу жиынында.
Спортшыларымызға алдағы ЧЕМПИОНАТТА сәттілік тілейміз!!!
РЕСЕЙ ЕЛІ, ОРЫНБОР ҚАЛАСЫНАН ЗІЛТЕМІРШІЛЕРІМІЗ КҮМІС ? және ҚОЛА ? ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ. 2022 жылдың 22-25 желтоқсан аралығында Орынбор (Ресей) қаласында өткен ауыр атлетикадан Орынбор облысының ашық Кубогын және Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Г. Осиповты еске алуға арналған Орал, Еділ және Қазақстан қалаларының дәстүрлі матчтық кездесуінде колледжіміздің ІІ курс студенті Қазақстан Республикасының Спорт шебері Пахтов Нұржан күміс ?жүлдегер атанды!Жүлдегер спортшыларымыз бен ауыр атлетика бөлімінің БАПКЕРЛЕРІН құттықтаймыз!!!
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТУРНИРДЕН ҚАНЖЫҒАМЫЗ ТАҒЫ БІР ҚОЛА ?ЖҮЛДЕМЕН ТОЛЫҚТЫОсы жылдың 16-17-желтоқсанында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында өткен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен Еуразиялық турнирінде біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің спортшысы Франция елінің Нормандия қаласында өткен Дүниежүзілік ХІХ жазғы гимназиаданың грек-рим күресінен жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы, СШҮ ЫҚЫЛАСОВ АҚЖАН қола? жүлдеге ие болды.Сонымен қатар осы турнирде командалық есеп бойынша АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ КОМАНДАСЫ жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Барша спортшыларды және грек-рим күресі бөлімінің БАПКЕРЛЕРІН шын жүректен құттықтаймыз!
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТУРНИРДЕН ҚАНЖЫҒАМЫЗҒА АЛТЫН ? мен КҮМІС ?2022 жылдың 16-17-желтоқсанында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында өткенКСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен Еуразиялық турнирінде біздің спортшыларымыз, Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің студенттері
БЕРЖАНОВ РАХАТ 97 кг салмақ дәрежесінде чемпион ?атанып, ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ атағын орындады.
ӘБІЛДА АЙДЫН 82 кг салмақ дәрежесінде күміс ? жүлдеге ие болды.Жетістікке жеткен спортшыларымызды және грек-рим күресі бөлімінің БАПКЕРЛЕРІН шын жүректен құттықтаймыз!
ДЗЮДОДАН ӨЗБЕКСТАН, ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ҚОС КҮМІС ?? және БІР ҚОЛА ?2022 жылдың 9-10 желтоқсан аралығында Өзбекстан елі Ташкент қаласында дзюдодан Н.С Кулдошовты еске алуға арналған ХVII Халыкаралық турнирде Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің студенттері, мақтаныштарымыз, кеше ғана Қырғыз елінен 3 алтын еншілеген спортшыларымыздың бұл жолы қанжығаларына қос күміс пен қола бұйырды.
Атап айтар болсақ, 60кг салмақ дәрежесіндеБакытжан Аман және 73 кг салмақ дәрежесінде Алмат Әділет күміс ?? жүлдегер атанса,66 кг салмақ дәрежесінде Рахметқали Жанарыс қола ?жүлдеге ие болды.Дзюдо күресі бөлімінің БАПКЕРЛЕРІ мен СПОРТШЫЛАРЫН жүлделерімен құттықтаймыз!!!
Тағы да, тағы да АЛТЫН ҚОЛДА!!!?????? ДЗЮДОДАН ӨЗБЕКСТАН, ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА АЛТЫН ?МЕДАЛЬ!!!Ағымдағы жылдың 9-10 желтоқсан аралығында Өзбекстан елі Ташкент қаласында дзюдодан Н.С Кулдошовты еске алуға арналған ХVII Халыкаралық турнирде біздің білім ордамыз Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің студенті, мақтанышымыз 81 кг салмақ дәрежесінде БИСЕНОВ НҰРЖАН жеңімпаз атанды!!! Құттықтаймыз???Дзюдо күресі бөлімінің БАПКЕРЛЕРІ мен СПОРТШЫЛАРЫН жетіп жатқан жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
ОРАЛХАН БОКСТАН ЧЕМПИОН
2022 жылдың 12-19 маусым аралығында Түркістан қаласында өткен 2022 жыл – Балалар жылы, ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына Сидней Олимпиадасының және Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері «Парасат»ордерінің тесты ҚР ЕССШ Ділдәбеков Мұхтархан Қобланбекұлының жүлдесіне арналған БОКСТАН жастар арасындағы Халықаралық турнирінде біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК түлегі, қазіргі таңда колледжіміздің І курс студенті, Туралин Оралхан Чемпион атанды.
Бокс бөлімінің бапкерлері @7akilbek7 @kudabaev_coach және спортшымыз Оралханды жүлделі орынымен құттықтаймыз??Жарайсың!
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
2022 жылдың 5-7маусым күндері аралығы Атырау қаласында өткен ДЗЮДО күресінен К.Баракатовты еске алуға арналған Республикалық турнирінде біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК – Бакытжан Аман есімді спортшымыз 60 келі салмақ дәрежесінде КҮМІС жүлдеге ие болса, 66 келі салмақ дәрежесіндегі спортшымыз – Алмат Әділет қола жүлдегер атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ??
Дзюдо күресі бөлімінің бапкерлері мен спортшыларын жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын??
БАҚЫТЖАН АМАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР
Қазақ күресі – ұлттық төл спортымыз. Біздің күрес – ешқандай күрес түрлеріне ұқсамайды. Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған спорттық-теориялық және әдістемелік зерттеулер бойынша қазіргі самбо, дзюдо, еркін күрестердегі негізгі айла-тәсілдер қазақ күрес өнерінен алынғаны дәлелденуде. Әсіресе, белбеу пайдаланып күресу тәсілінің бай тәжірибесі Ұлы Даладан бастау алып, Шығыс пен Батыс елдеріне танымал спорт түрінің алғышартына айналды.
Ағымдағы жылдың 2 маусым күні Ақтөбе қ. біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК спорт кешенінде ҚАЗАҚ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алып бүгінде белдесу өз мәресіне жетті.
Жарыс бағдарламасына сәйкес:
І күн – 78, 84, 90, 100, +100 келі (жігіттер)
ІІ күн – 55, 60, 66, 72 келі, ТБ (жігіттер)
ІІІ күн – 44, 48, 52, 60, 65, 70, +70 келі (қыздар)
еліміздің әр өңірінен келген жас балуандар Qazaq kuresi Ассоциациясы бекіткен қазақ күресі ережесі бойынша өзара бақ сынады.
Аталмыш жарыста біздің дзюдо бөлімінің спортшысы, самбо күресінен ҚР спорт шебері, мектебіміздің мақтанышы, қазіргі таңда колледжіміздің І курс студенті – Бақытжан АМАН @janburin 60 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанып, ІІІ орынға ие болды.
Құттықтаймыз, ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН??
НҰРЖАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР
Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Алматы қ. ДЗЮДО күресінен жастар арасындағы АЗИЯ КУБОГІ басталды. Бұл додада бірнеше елдің спортшылары Татами кілемінде өзара бақ сынауда.Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша, 81 келі салмақ дәрежесінде біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшысы, «KYRGYZSTAN OPEN-2021» халықаралық турнирінің ЧЕМПИОНЫ, Ливан елінің астанасы Бейрут қ. өткен Азия чемпионатының КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ, 2021 АЗИЯ КУБОГЫНДЕ алтыннан алқа таққан ЖЕҢІМПАЗЫ, қазіргі таңда колледжіміздің І курс студенті, дзюдо күресінен спорт шебері – Бисенов НҰРЖАН ҚОЛА жүлдегер атанды.
Дзюдо күресі бөлімінің БАПКЕРЛЕРІ мен спортшыларын жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ??
? Asian Cadet and Junior Judo Cup in memory B.Makhmutov
?Baluan Sholak, Almaty, Kazakhstan
?13-15 May
ДІНИСЛАМ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР. Ағымдағы жылдың 10-26 мамыр күндері аралығы ХОРВАТИЯ, Пореч қ. грек-рим күресінен өткен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ турнирінде біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК, грек-рим күресі бөлімінің спортшысы, ІІ курс студентіміз – Сағитжан Дінислам 63 келі салмақ дәрежесінде ҚОЛА жүлдегері атанды. Әлемдік деңгейдегі бұл додаға ЕУРОПА бойынша 18 мемлекеттен келген палуандар қатысып, бозкілемде бақ сынады.Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша ҚАЗАҚСТАН командасы жалпы есепте І ОРЫНҒА ие болды.Естеріңізге сала кетейік, Сағитжан Дінислам таяуда ғана өткен Қызылорда қ. Грек-рим күресінен 23 жасқа (U23) дейінгі Жастар арасында ҚР чемпионатының 67 келі салмақ дәрежесіндегі ЧЕМПИОНЫ, Грек-рим күресінен СПОРТ ШЕБЕРІ, мектебіміздің түлегі және мақтанышы, бірнеше Халықаралық, Республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері.Грек-рим күресі бөлімінің жаттықтырушылары мен спортшыларын жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ?? Жеңісті күндер көп болсын!
ЖАНАРЫС ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР
Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Алматы қ. ДЗЮДО күресінен жастар арасындағы АЗИЯ КУБОГІ басталды. Бұл додада бірнеше елдің спортшылары Татами кілемінде өзара бақ сынауда.
Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, 60 келі салмақ дәрежесінде біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшысы, «KYRGYZSTAN OPEN-2021» халықаралық турнирінің ЧЕМПИОНЫ, таяуда дзюдодан Ақтау қ. өткен 2002-2004 ж.т жастар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы, сонымен қатар қазіргі таңда колледжіміздің ІІ курс студенті, дзюдо күресінен спорт шебері – Рахметқали ЖАНАРЫС (60кг) ҚОЛА жүлдегер атанды.
Дзюдо күресі бөлімінің БАПКЕРЛЕРІ мен спортшыларын жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ??
Естеріңіге сала кетейік ертең дәл осы жарыс алаңында біздің спортшымыз-Бисенов Нұржан бақ сынайтын болады. Спортшымызға сәттілік тілейміз!
? Asian Cadet and Junior Judo Cup in memory B.Makhmutov
?Baluan Sholak, Almaty, Kazakhstan
?13-15 May
ДІНИСЛАМ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуір аралығы, Қызылорда қаласында өткен, Грек рим күресінен 23 жасқа (U23) дейінгі Жастар арасында ҚР чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті.Боз кілемде белдескен балуандардың қатарынан, біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болды, атап айтар болсақ:?Сағитжан Дінислам – 2 курс студентіміз, мектебіміздің түлегі және мақтанышы, 67 келі салмақ дәрежесінде ЧЕМПИОН атанып, СПОРТ ШЕБЕРІ атағын орындады.Сонымен қатар, 3 курс студентіміз – Тлеуберген Нұрхан 82 келі салмақта ?ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР, колледж түлектеріміз -Жәнібекұлы Асылбек(130 кг)-2 орын ?, Құрман Азамат(60 кг)-алтын жүлдегер атанып?, Спорт шебері атағын орындады.Грек-рим күресі бөлімінің жаттықтырушылары мен спортшыларын жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ?? Жеңісті күндер көп болсын!
@aqtobe_obl_sport
ТАЛДЫҚОРҒАН қ. ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРI ӨТУДЕ
Ағымдағы жылдың 30.03-01.04 күндері аралығында Талдықорған қ., ДЗЮДО күресінен Наурыз мерекесіне орай 23-жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнирі өтіп жатыр.
Бүгінгі жарыстың алғашқы күнінің нәтижесі бойынша біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК студенттері, дзюдо күресінен бірнеше жарыстардың жеңімпазы, дзюдо күресінен (СШҮ) және 2021 ж. Өзбекстан елінде өткен самбодан АЗИЯ чемпионы, Грецияда өткен ӘЛЕМ чемпионатының жеңімпазы, Самбо күресінен Спорт шебері – Бақытжан Аман @janburin 60 келі салмақ дәрежесінде КҮМІС жүлдеге ие болса, 1 курс студентіміз, мектебіміздің түлегі және мақтанышы, дзюдодан «Спорт шеберлігіне үміткер» (СШҮ), 2021ж. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ҚР қола жүлдегері, Нұр-Сұлтан қ. өткен «KIMONO KZ-2019» жеңімпазы, 2019ж. Словенияда өткен халықаралық дәрежедегі турнирдің чемпионы, 2020ж. Анталияда өткен кадеттер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогының, жүлделі 5 орын иегері және стипендияты – Алмат Әділет @almatadilet_ 66 келі салмақ дәрежесінде АЛТЫН жүлдегер атанды.
Дзюдо бөлімінің бапкерлерін және спортшыларын жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Жарайсыңдар??
БІЗДІҢ ЖАНАРЫС ҚР ЧЕМПИОНЫ
2022 жылдың 1-6 наурыз аралығында Ақтау қаласында өткен дзюдодан 2002-2004 ж.т жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 60кг салмақ дәрежесінде Рахметқали ЖАНАРЫС чемпион атанды.Жанарыс біздің мектеп түлегіміз, қазіргі таңда Есет батыр атындағы ОРОММИК 2 курс студенті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ЖАРАЙСЫҢ??
ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ. Ағымдағы жылдың 1 – 5 наурыз күндері аралығында ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 2002-2004 ж.т Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарыс нәтижесінде біздің Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшыларымыз, қазіргі таңда колледж студенттеріміз:
?Сағитжан Дінислам – ІІ орын (63кг);
?Аймұханов Медет – ІІ орын (87кг);
?Бержанов Рахат – ІІІ орын (97кг);
Грек-рим күресі бөлімінің жаттықтырушылары мен спортшыларын жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ?? Жеңісті күндер көп болсын!
ДЗЮДОДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ
2022 жылдың 29-30 қаңтар аралығында 2003-2004 ж.т жастар арасында Ақтөбе облысының чемпионаты өтті. Жарысқа біздің дзюдо күресі бөлімінің 5 спортшысы қатысып, барлығыда дерлік, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ, 60 келі салмақ дәрежесінде І орынды – 2 курс студентіміз – Рахметқали Жанарыс, осы салмақта ІІ орынды – 1 курс студентіміз – Бақытжан Аман иеленді.66 келі салмақ дәрежесінде І орынды – 1 курс студентіміз – Алмат Әділет иеленсе, Қайыржан Аян жүлделі ІІ орынға жайғасты.Сонымен қатар, 81 кг салмақ дәрежесінде 1 курс студентіміз Бисенов Нұржан чемпион атанды.Дзюдо күресі бөлімінің Бапкерлерін және спортшыларын жүлделі орындарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ??
?????? ДЗЮДОДАН ҚЫРҒЫЗСТАН, БІШКЕК ҚАЛАСЫНАН ҮШ АЛТЫН ???
2022жылдың 3-4 желтоқсан аралығында дзюдодан Қырғызстан елі, Бішкек қаласында өткен еңбегі сіңген жаттықтырушы Петр Тельпизовты еске алу арналған V халықаралық турнир өтті. Турнирге Есет батыр атындағы ОРОММИК студенттері, дзюдо күресінің спортшылары қатысып, үш бірдей АЛТЫНды қанжығаларына байлап, ЧЕМПИОН атанды. Атап айтар болсақ, 60кг салмақ дәрежесінде дзюдо күресінен бірнеше дүркін жарыстардың жеңімпазы, дзюдо күресінен спорт шебері және 2021 ж. Өзбекстан елінде өткен самбодан АЗИЯ чемпионы, Грецияда өткен ӘЛЕМ чемпионатының жеңімпазы, Самбо күресінен Спорт шебері БАҚЫТЖАН АМАН??????. 73 кг салмақ дәрежесінде дзюдодан «Спорт шебері», 2021ж. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ҚР қола жүлдегері, Нұр-Сұлтан қ. өткен «KIMONO KZ-2019» жеңімпазы, 2019ж. Словенияда өткен халықаралық дәрежедегі турнирдің чемпионы, 2020ж. Анталияда өткен кадеттер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогының, жүлделі 5 орын иегері және стипендияты АЛМАТ ӘДІЛЕТ ??????. Және 66кг салмақ дәрежесінде дзюдодан бірнеше жарыстардың, жастар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы, ЖАСТАР арасында АЗИЯ чемпионатында қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қатысушысы , “Спорт шебері” РАХМЕТҚАЛИ ЖАНАРЫС ??????.
ТАЕКВОНДОДАН ӘСКЕРИЛЕР АРАСЫНДА СІSM ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ – ИРАН – БЕКЖАН – ҚОЛА ???
24-қарашадан Иран астанасы Тегеран қаласында таеквондодан әскерилер арасында CISM әлем чемпионаты бастау алды. Қазақстан Республикасы Қарулы күштер командасының атынан 11 таеквондошы өнер көрсетеді.Біріншілік 29 қарашаға дейін жалғасады.
Әлем чемпионатында әлемнің 20-дан астам елінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатыр.
Аталмыш чемпионатқа Есет батыр атындағы ОРОММИК студенті, Таеквондо бөлімінің спортшысы WT Таеквондодан ересектер арасында ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ жүлдегері НУСНАЛИМ БЕКЖАН @nusnalim да қатысты. Қуантарлық ЖАҢАЛЫҚ!!! Бүгін, яғни 25-қараша күні Бекжан 80 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып, ЖҮЛДЕЛІ 3-ОРЫНДЫ ҚАНЖЫЛАДЫ. ?
СТУДЕНТТЕР САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің бокс бөлімінің 2-курс студенттері, Серажадин Рустам, бүгін таңертең отбасымын бірге азаматтық борышын орындап, әділетті мемлекет үшін, Отанымыз Қазақстанның болашағы үшін ең алғаш рет дауыс беруге барып келді.
Дауыс беру учаскесінде Ақтөбе облысының әкімі Е.Тоғжановпен кездескен студентіміз Рустамды құттықтап, ең алғаш дауыс беруші ретінде сый- сияпат табыстады.
Серажадин Рустам :
“Барлық студенттерді және отандастарымызды сайлау учаскелеріне барып, өз елі, өз қаласы және отбасы үшін таңдау жасауға шақырамын.
Баршамыз әлемдегі күрделі геосаяси және экономикалық жағдайдың куәгеріміз және бүгін қабылдайтын шешіміміз күнделікті өмірімізге, ортақ болашағымызға, әл-ауқатымызға ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміздің одан әрі нығаюына және әлемдік аренадағы ұстанымдарымызға да әсер етеді”.
Сондықтан “Әр адамның дауысы маңызды!”- деп барлық студенттерді осы сайлауда өз таңдауларын жасауға шақырды.
ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ – ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА – ЖҮЛДЕЛІ 3 ОРЫН!
Ағымдағы жылдың 15-18 қараша күндері Атырауда “Атырау” спорт кешенінде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 500-ден астам дзюдошы қатысты.
Есет батыр атындағы ОРОММИК атынан Дзюдо бөлімінің спортшылары қатысты. 81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан студентіміз БИСЕНОВ НҰРЖАН – ҚОЛА жүлдегер атанды. ?
17-18 қарашада Ақтөбе қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Бүкілодақтық Универсиаданың жеңімпазы, командалық есепте Әлем Кубогының және жеке есепте Кеңес одағы кубогының иегері, КСРО халықтарының Х жазғы спартакиадасының кеңес спорты тарихындағы соңғы чемпионы Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған грек-рим күресінен (U20) ашық республикалық турнир өтеді.
Бас төреші -халықаралық санаттағы төреші Серік Жоламанов.
Бас хатшы-халықаралық санаттағы төреші Асылбек Ережепов.
Турнирге Қазақстан өңірлерімен қатар Қырғызстан мен Әзірбайжан елдерінің балуандары қатысады. Жарысқа 2003-2005 ж. т. спортшылар 10 салмақ дәрежесінде – 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 және 130 кг күреседі.
БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР – ҚОС БІРДЕЙ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!
Ағымдағы жылдың қазан айының 25-і мен 30-ы аралығында Ақтөбе қаласында бокстан халықаралық дәрежедегі Спорт шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған ХХІV халықаралық турнир өтті. Аталмыш турнир ересектер арасында болды және турнирде Өзбекстан, Қырғызстан сонымен қатар Ресей мемлекетінен қатысушылар бақ сынасты. Жалпы қатысушылар саны 130 спортшыны құрады.
Кезекті турнирде Есет батыр атындағы ОРОММИК, бокс бөлімінің спортшылары да қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Атап айтар болсақ, 51 келі салмақ дәрежесінде, колледжіміздің 2-курс студенті СЕРЕЖАДИН РУСТАМ ?және 67 келі салмақ дәрежесінде 3-курс студентіміз ҒАБИТҰЛЫ ДАНИЯР ?.
Жүлдегер атанған қос спортшыларымыз да қарсыластарының осал еместігін айтып, жеңіске деген ұмтылыс пен тыңғылықты дайындықтың арқасында бұл жеңіске қол жеткізгендігін атап өтті.
2022 жылдың 19-21 қазан аралығында “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми -тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Үстел теннисінен Ұлттық Студенттер Лигасы өтті.
Аталған шараға Ақтөбе облысының 22 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.
Барлық қатысқан қатысушыларды ойсырата жеңіп, ешқандай жеңіліссіз топ арасынан оза шапқан колледжіміздің IlІ курс студенті ЖАМАШЕВ ИСЛАМ мен lІ курс студенті АСЫЛБЕКҰЛЫ ҒАЗИЗ – 1 – орынға ие болып, жарыс жеңімпаздары атанды.
Сонымен қатар, студенттерімізге жетекшілік еткен Спорт әдіскері Мөлдір Надырбекқызы да алғыс хатпен марапатталды.
ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР – ҚОС АЛТЫН!
Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған дзюдодан 2003-2005 ж.т. ЖАСТАР арасындағы ХХІ халықаралық турнирде 60 кг салмақ дәрежесінде БАҚЫТЖАН АМАН және 73 кг салмақ дәрежесінде АЛМАТ ӘДІЛЕТ – екі спортшымыз да ЧЕМПИОН АТАНДЫ!
Естеріңізге сала кетсек, БАҚЫТЖАН АМАН – 60 келі салмақ дәрежесінде дзюдо күресінен бірнеше дүбірлі жарыстардың жеңімпазы, дзюдо күресінен спорт шебері және 2021 ж. Өзбекстан елінде өткен самбодан АЗИЯ чемпионы, Грецияда өткен ӘЛЕМ чемпионатының жеңімпазы, Самбо күресінен Спорт шебері атағын алған колледж студенті!
Сонымен қатар, мектебіміздің түлегі және қазіргі таңда студенті, мақтанышы – АЛМАТ ӘДІЛЕТ дзюдодан «Спорт шебері», 2021ж. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ҚР қола жүлдегері, Нұр-Сұлтан қ. өткен «KIMONO KZ-2019» жеңімпазы, 2019ж. Словенияда өткен халықаралық дәрежедегі турнирдің чемпионы, 2020ж. Анталияда өткен кадеттер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогының, жүлделі 5 орын иегері және стипендияты атанған мақтанышымыз!
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР!
2022 жылдың 6 – 8 қазан аралығында Алматы облысы, Талғар қаласында КСРО спорт шебері ЕСЕНЖОЛ АЛИМАНОВТЫ еске алуға арналған грек-рим күресінен Жастар арасында Республикалық турнир өткен болатын.
Кезекті Республикалық турнирде Есет батыр атындағы ОРОММИК Грек-рим бөлімінің спортшылары АЛТЫН мен ҚОЛА МЕДАЛЬ иегерлері атанды.
Намысты қолдан бермей, 97 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан БЕРЖАНОВ РАХАТ – ЧЕМПИОН ? болса, 82 келі салмақ дәрежесінде АЙДЫН ӘБДІЛДА – ҚОЛА ? жүлдені еншіледі.
Ерекше атап айтар жайт, оқу ордамыздың студенттері ЖАСТАР және ЕРЕСЕКТЕР арасындағы додаларда күш сынасып, жүлделі орындарды иемденіп, керемет жетістіктерге жетіп жатыр!
Ендеше, Грек – рим бөлімінің жаттықтырушылары @erlanmirzagulov @nurtasutepbergenov @sayasat.shangitbaev @aslan_takhayev @aslan_kuanbayev және спортшыларын жеңістерімен құттықтаймыз!
БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЕКІ БІРДЕЙ ҚОЛА!
25 – 30 қыркүйек аралығында Атырау қаласында КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған 2005 – 2006 ж.т жастар арасында халықаралық турнир өткен болатын.
Есет батыр атындағы ОРОММИК, Бокс бөлімінің споршылары бұл турнирден құр қол қайтқан жоқ. Екі салмақ дәрежесінде екі бірдей ҚОЛА МЕДАЛЬ еншіледі!
Халықаралық турнирде оқу ордамыздың атын шығарған спортышаларымыз:
? Асанов Айтбек – 48 кг
? Мустафинов Ерасыл – 60 кг
Бокс бөлімінің еңбектерінің нәтижесі осындай үлкен марапаттарға ұласа берсін демекпіз! Бокс бөлімінің бапкерлері @7akilbek7 @kudabaev_coach және спортшыларын жүлделі орындарымен құттықтаймыз?? Жарайсыздар!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАЕКВОНДОДАН ЕРДОС ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР! Ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында WT таеквондодан ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшылары арасынан 63 келі салмақ дәрежесінде ОРАЛБЕКОВ ЕРДОС? ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!Бапкерлері @zharaswtf пен @iamzhandosabdrakhmanov және таеквондо бөлімін құттықтаймыз!Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!