Грек-рим күресінен 03-04 сәуір күндері Қарағанды қаласында өткен U-23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионаты: 1.Ықыласов Ақжан 77кг чемпион 2.Мұратұлы Саламат 60кг 2-орын. 3.Сайлауов Диас 67кг 2-орын. 4.Бержанов Рахат 97кг 3-орын. 5.Өтегенов Ұланқандас 130кг 3-орын. Құттықтаймыз🔥
“ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ” Наурыз мерекесінде мектебімізде ұлттық ойындардан жарыс өткізілді! Қатысушылар Ләнгі тебу, Қой көтеру, Бес асық және Аударыспақ сияқты ұлттық ойындарда өз күштері мен шеберліктерін сынады. Осы қызықты ойындар барысында белсенді қатысқан командаларға мектебіміздің басшысы *ақшалай сыйлықтар* табыстап, жеңімпаздарды құттықтады! Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, мерекелік көңіл-күйде өткен бұл шара барлығымызға ерекше әсер қалдырды!
Чемпионаттың алғашқы куні грек-рим куресінен U20 санаты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының 55кг салмақ дәрежесі бойынша Арсен Жұма чемпион атанды.
2024 жылдың 13-23 қазан күндері аралығында Қызылорда қаласында өткен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер Ауыр атлетикадан ҚР Чемпионатында біздің спортшымыз ТАШМАҒАМБЕТОВ АРСЛАНБЕК ЖЕҢІМПАЗ атанып, СПОРТ ШЕБЕРІ атағын орындады.Арсланбекті және бапкері ҚАЗДАЕВ БАУЫРЖАН ПАХТОВИЧТІ шын жүректен құттықтаймыз!
🏆KZ БОКСТАН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ
Бүгін 30 қыркүйек Есет батыр атындағы ОРОММИК-де БОКСТАН Ақтөбе облысы Чемпионаты салтанатты түрде ашылып, алғашқы жекпе-жектер басталып кетті. Әдеттегідей 5 күнге жалғасатын жарыстың финалдық кездесулері 4 қазан күні өтетіндігін хабарлаймыз!!! Барша қатысушыларға СӘТТІЛІК тілейміз!