Skip to content

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Әкімшілік
    • Мектеп тарихы
    • Мекеме әкімшілігінің құрылымы
    • Мемлекеттік рәміздер
    • Жемқорлықпен күрес
    • Педагогикалық кеңес
    • Директор жанындағы кеңес
    • Психологиялық қызмет
      • Психологиялық қызмет бойынша атқарылған жұмыстар
      • Психологиялық қызметтің жылдық жоспары
    • Медициналық қызмет
    • Нормативтік құқықтық құжаттар
    • Біздің жетістіктер
      • Колледж спортшыларының жетістіктері
      • Мектеп спортшыларының жетістіктері
    • Кадр бөлімі
      • Педагогикалық әдеп
  • Педагогикалық құрам
    • Жаттықтырушылар құрамы
    • Колледж оқытушыларының құрамы
    • Мұғалімдер құрамы
    • Тәрбиешілер құрамы
  • Оқу-тәрбие бөлімі
    • Әдістемелік жұмыс
      • Мектеп
      • Колледж
    • Оқу үрдісі
      • Сабақ кестесі
      • Күн тәртібі
      • Қорытынды аттестаттау
      • Жоспарлар
    • Тәрбие бөлімінің жұмысы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Мектеп парламенті
        • Парламент құрамы
        • Парламент жұмысы
      • Тәрбие бағдарламасы
    • Колледждің әдістемелік жұмысы
  • Оқуға қабылдау
    • Мектепке қабылдау
    • Колледжге қабылдау
  • Студенттерге
    • Оқу үдерісінің кестесі
    • Сабақ кестесі
    • Әлеуметтік-психологиялық қызмет
    • Аттестаттау
    • Түлектердің жұмыспен қамтылуы
    • Колледждің тәрбие жұмысы
  • Материалдық-техникалық база
    • Колледж
    • Оқу ғимараты
    • Жатақхана
    • Асхана
    • Кітапхана
      • Жылдық жоспары
      • Атқарылған жұмыстар
    • Жаттығу залдары
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Мемлекеттік аттестаттау
  • Аттестаттау нәтижелерінің қорытындысы бойынша кемшіліктер мен ескертулерді жою жұмыстары
  • Toggle search form

Атқарылған жұмыстар

Оқу жылының жоспары бойынша атқарылған  іс-шаралар.

2022-2023 оқу жылының басында кітапхана  жоспары бекітілді.

Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар жасалды.

Тұрақты көрмелер: «Тіл және тәуелсіздік», «Ұлы жеңіске мың тағзым»,

Есет батыр бұрышы, «Абай мұрасы – халық   мұрасы»,

2022жылдың 30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ орай кітапханада «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында  көрме ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің дамуымен гүлденуінің мықты негізі.Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің  Конституциясы бекітілді. Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру,  ірі реформаларды жүргізу,  демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа.

https://www.instagram.com/p/Ch3Jxd0o2xG/

2022 жылдың 8 қыркүйек  күні Халықаралық отбасы күніне орай, сондай үлгі тұтарлық отбасылардың бірі, «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсы номинанттары,  төрт баланың  үлгілі Ата-аналары НҰРАЛИНДЕР ОТБАСЫМЕН кездесу өткізілді.

Серікбол Нұралин – дзюдо және самбодан спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионы. Жұбайы Айна Жарманова – дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 дүркін Азия чемпионы.

Бүгінде бұл үлгілі отбасы 2 ұл, 2 қыз баланы тәрбиелеп отыр. Отбасымен бірге салауатты өмір салтын ұстанады. Балаларында спортқа үйір еткен Ата-ана, болашақта облыстық спорт саласын, спорт секцияларын дамытуды бірге қолдайды.Кездесу барысында біздің спортшыларымызға азық болар сүбелі әңгімелер қозғалып, тәрбиелік мәні зор кеңестер айтылды. Отбасы –бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

https://www.instagram.com/p/CiQMNLDMV74/

Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыдан тура 150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген алашарысының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері,  Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақтіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ұлтұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Есет батыр атындағы ОРОММИК-те қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебімізде  «ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында,  Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейне баян көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Шара аясында ұлы тұлғаның еңбектеріне  арналған кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Көрмеде қойылған әдеби жинақтардың мазмұны мен маңызы туралы шолу жасалды.

https://www.instagram.com/p/CianqXaoDhF/

Мұхтар Әуезов 125 жыл.
Блиц сауалнама.
Құрметті білімалушылар!
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында, ағымдағы жылдың 28-інші қыркүйегінде М. Әуезовтың 125 жылдығына орай кітапхананың ұйымдастыруымен блиц сауалнама жүргізілетінін хабарлаймыз.
Блиц сауалнаманың сұрақтары М. Әуезовтың өмірі мен шығармаларына арналады.
Білімімізді жетілдіруге, өз жазушыларымызды ұлықтауға бәріміз ат салысайық.

https://www.instagram.com/p/Ci45vZ4sPyu/

“Оқуға құштар мектеп”,“Оқуға құштар колледж”  жобасы аясында, ағымдағы жылдың 28-інші қыркүйегінде М. Әуезовтың 125 жылдығына орай блиц сауалнама жүргізілетіні  хабарландырылды. Блиц сауалнаманың сұрақтары М. Әуезовтың өмірімен шығармаларына арналады. Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өр­ке­ние­ті­нің жаңа болмысын ашқан жа­зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын­шы. Бір сөзбен түйіндеп айт­сақ, энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткері.Мақсаты: білімалушылардың білімдерін  жетілдіру, өз жазушыларымызды ұлықтау.  Блиц сауалнама қызықты өтті,  оқытушылар, білім алушылар белсене қатысты.

https://www.instagram.com/p/CjPoHZYMtQp/

2022 жылдың қазан айында әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеуге, қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге,  кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған  «Қазақтың ұлы жазушысы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

М.Әуезовтің шығармашылық мұрасы-халық игiлiгi және ұлттық мәдениеттiң бренді, алтын дәуiрiнiң бастауын да тұрып,оны ғасырдан ғасырға ұрпағымыздың қазынасы болып қалатыны сөзсіз.

https://www.instagram.com/p/Cjnt-kaIO2P/

2022 жылдың 15 қазанда “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапханада І курс студенттерінің ұйымдастыруымен  8-сынып оқушыларына Квест ойыны өткізілді.Ойын барысында сан алуан тапсырмалар, қызықты сөзжұмбақтар және жұмбақтар, логикалық есептер берілді. Оқушыларымыздың ұшқыр ойлылығымен шапшаңдығы сыналған. Квест ойынының жеңімпаздары сыйлықтар мен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/CjuZKzlgde0/

2022 жылдың 17 қазанда “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында ІІ курс кураторы А.Аманқосова,  кітапханашы А.У.Отыншина бірлесіп студенттермен “Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз” тақырыбында әдеби аукцион өткізілді.Аукционның мақсаты: студенттердің Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға, көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу.

А.Аманқосова қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, аудармашы, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. Студенттер аукционға дайындалған сұрақтарға жауап беріп, жеңіске жеткен жеңімпаз,  белсене қатысқан студенттер сыйлықтармен марапатталды. Әдеби аукцонды Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі толықтырып,  көрмеге шолу жасалды.

https://www.instagram.com/p/Cj0yOO_geDE/

2022 жылдың 20 қазанда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай 8-классоқушыларымен “Дәуірдің жарық жұлдызы” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында, қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінен айрықша орын алған ұлы тұлғаның өмірі мен өлшеусіз еңбегі жайында айтылды. Сабақ соңында,  Ахмет Байтұрсынұлының білімге, мәдениетке шақырған ойлы шығармалары оқушылар назарына ұсынылды.

https://www.instagram.com/p/Cj7EbiWo6A5/

Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында, 24- қазан кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай өзін-өзі басқару күні өткізілді. Шара барысында 101 тобының студенті Ермұханбет Ерлік кітапханашы стажері болды.

Студенттер кітапхананың күнделікті жұмысымен танысып,  кітапхана оқырмандарына қызмет көрсетті. Сонымен қатар, 25-қазан Қазақстан Республикасы ұлттық мерекесіне орай көрме жасақтады.

https://www.instagram.com/p/Cj-S337gQ3Z/

2022 жылғы 27 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап. Тұлға. Рух» жобасы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күйші Жайлау Жаншаұлы Асылханов және ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласаның үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірмен «Өнері биік тұлғалар»  атты кездесу кеші болды. Есет батыр атындағы ОРОММИК студенттері және ДТІЖО Сандуғаш Мұратқызы  аталған шараға белсене қатысып, сұрақтар қойып, ерекше кештің куәсі болды.

Шара қонақтары жас ұрпақтың рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен тәрбие құралы –кітап екендігін, өз өмірлеріндегі жетістіктері туралы, жетістікке жетудің қырымен сырымен бөлісіп, адам жасында қиялға берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсекелең  өмірге шынайы көзібен қарайтын парасатты, жалғанмен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік кемелденген тұлға болып қалыптасатыны туралы айтып, оқырмандармен еркін сұқбаттасты.

https://www.instagram.com/p/CkXlwYRshQe/

2022 жылдың  17 қарашада «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы  аясында кітапханада «Өз кәсібің туралы әдебиет» тақырыбында квилт стенді дайындалды. Стендге кәсіп бойынша, мамандық бойынша QR кодталған әдебиеттерден ақпарат ілінді. Білімалушыларды «квилт» сөзінің мағынасымен таныстырып, яғни квилт сөзінің мағынасы құрақ дегенді білдіреді. Білімалушылар ақпаратпен танысып, өз ойларын квилт стендіне ілді.

https://www.instagram.com/p/ClEUy5xsJ9j/

“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Бір колледж – бір кітап” акциясына А.А. Бектің «Волоколамск тас жолы. Арпалыс» кітабы таңдап алынып, студенттерге оқуға ұсынылды. Бұл шығарманың басты кейіпкері – қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлы. Осы шығармада аты аңызға айналған қолбасшының ұлттық мінезі мен қаһармандық іс – әрекеті, біздің спортшыларымызға елін, жерін сүюге, көк туымызды асқақтатуға ұлттық рух берері сөзсіз.Ендеше, оқырмандарымызды “Бір колледж – бір кітап” акциясына ат салысуға шақырамыз.

https://www.instagram.com/p/CkxsH4ns9g-/

2022 жылдың 23 қарашада “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында “Бір колледж – бір

кітап” акциясына ұсынылған Александр Бектің  “Арпалыс”  кітабына әдеби кейс  ұйымдастырылды. Кейс әдісінің мақсаты – ақпаратты талдауға, негізгі проблемаларды анықтауға және оларды шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға үйрету.Білім алушыларға ойынның шарттарын түсіндіріп,  шығарманың авторымен, басты кейіпкерлері жайлы мәлімет берілді. Кітаптан үзіндіоқылып, эпизодтың аяғына дейін жетпей, топтарға өзіндік даму нұсқасын табуды ұсынды. Білімалушылар берілген сұрақтар бойынша шығарманы өз бетінше әрі қарай жалғастырды. Кейс ойыны қызықты және өз деңгейінде өтті.

https://www.instagram.com/p/ClTnbTiM2VI/

2022 жылдың 24 қарашада Білімалушылардың зияткерлік, рухани  дамуына, кітап оқуға қызығушылығын ояту мақсатында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында «Топтың үздік оқырманы»   конкурсы өткізілді. Конкурс Leorning Apps.org  платформасы арқылы “Қазақтың белгілі спортшылары”, “Спорт түрлері” тақырыптарында тапсырмалар берілді. Конкурс нәтижесінде, «Топтың үздік оқырманы» Құсайын Мұхаммед Әли Алғыс хатпен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/ClWpttLsPOf/

Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан. Бүгін біз осыған орай жастарымыздың рухани дүниеге деген көзқарасы және біздің оларға беріп отырған ұтқыр тәлім-тәрбиеміз туралы ұғындыру, кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор екенін, жаһандану мен ғаламданудың обыр ағымы және оның кейбір қауіпті ықпалы күрделеніп, күшейіп тұрғанда, бұл кітап рухани баюдың бірден бір жолы екенін жеткізу мақсатында тәрбие жұмысының қараша айына арналған жоспары бойынша ұйымдастырылған  “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында білім алушылар арасында “МЕНІҢ ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТКЕН БІР КІТАП” атты эссе байқауы өткізілді.

Байқауға 12 білім алушы қатысып, жүлделі орындармен алғысхаттарға ие болды.

І орын-білімалушы Асанов Н.

ІІ орын- білімалушы Жеңіс Ғ.

ІІ орын- білімалушы Сайлау Н.

ІІІ орын- білімалушы Саматов А.

ІІІ орын- білімалушы Абибулла А.

ІІІ орын- білімалушы Балтабай Ершат иеленді.

Қалған  қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/ClY3DQLIjo2/

Ағымдағы жылдың 24-қараша күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесе отырып, жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай 7-класс білім алушыларымен  “Шежіре ғұмыр” атты әдеби кеш өтті.Шара барысында бүкіл саналы ғұмырын  шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған, халықтың өнерімен өнегесін, рухани құндылығын дәріптеген Ақселеу Сейдімбектің өлшеусіз еңбегі туралы насихатталды.
Сонымен қатар “Ата салтын жаңғыртушы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бірнеше шығармалары талқыланды.  Білім алушылар Абибулла Алдияр мен Бақытғали Бекжан ақын Жүрсін Ерманның “Дала дайдарханым, теңіздей тереңім”, Несіпбек Айтұлының ақын рухына арнаған  “Ағаны жоқтау” өлеңдерін оқыды.

https://www.instagram.com/p/ClbzXm0ofeV/Кітап-рухани сарқылмас қазына. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Есет батыр атындағы ОРОММИК-тің  9 Ә класс оқушылары “Біз оқыдық, сенде оқы” атты бейнеролик түсіріп, өзгелерді кітап оқуға деген ықыластарын арттырып, қызығушылық білдіруге шақырды.

https://www.instagram.com/p/Cl1SGEtoVk1/

2022 жылдың 7 желтоқсанда Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында А. Ж.Ахабаеваның ұйымдастыру мен білім алушылардың оқу мәдениетін, сөйлеу қабілеттері мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, орындаушылық шеберлігін дамыту мақсатында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында “ Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады “ тақырыбында дебат өткізілді.

Пікір талас барысында спикерлер өз ойларын ортаға салып, қызу талқыға түскен резолюцияны талдап, керемет ойын өрнегін көрсетті .

https://www.instagram.com/p/Cl8Hz0Vg_oO/

2022 жылғы 8 желтоқсанда Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың!» патриоттық акция ұйымдастырды.

Шараның  мақсаты: балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу; балалар әдебиетін насихаттау; балалардың білімге құштарлығын арттыру.

Кітапхананың белсенді оқырмандары ретінде біздің Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің білім алушылары  қатысты. «Жарқыра, жанған  күндей  Тәуелсіз  ел!» мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылып, біздің білім ордамыздың 7 “А” класс білімалушысы, теннис бөлімінің спортшысы Асанов Нұрасылмен 7 “Ә” класс білімалушысы таеквондо бөлімінің спортшысы Мейрам Самғат өнерлерін ұсынып, Мұқағалидың патриоттық өлеңдерін оқыды.

Сонымен қатар, жас патриоттар назарына   «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/Cl6sVr0oFpr/

Оқырмандардың кітапқа және кітапханаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында “Поэзия әлемі” тақырыбында библио пост айдарына  кітапхананың белсенді оқырмандары ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жаттап, бейне баян түсіріп, esetbatyr-oku-tarbie парақшасына салынуда.

https://www.instagram.com/p/CloIOzoIHS7/

https://www.instagram.com/p/CmZZ32OIgdY/

https://www.instagram.com/p/CmUXmDWIDzB/

https://www.instagram.com/p/CmT2hvXoBjb/

https://www.instagram.com/p/CmKNG6IIvHV/

https://www.instagram.com/p/CmE82igoV8n/

https://www.instagram.com/p/CmD3vTAAhk7/

https://www.instagram.com/p/CmDqHFcop9S/

https://www.instagram.com/p/Cl6JsAOo87X/

Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді.(ФрэнсисБэкон)
Сондықтан студенттер, оқушылар кітап оқуды күнделікті әдеттеріне айналдырып қызығушылықтарын арттыру мақсатында “Менің үйдегі кітапханам” атты байқаудың болатынын хабарланды. Байқау ерекшелігі үйдегі жеке кітапханаңыз туралы бейнеролик түсіріп esetbatyr-oku-tarbie парақшасына жариялау. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі шектелмеген. Кітап-өмір ұстазы дей келе байқаудан тыс қалмаңыздар!

https://www.instagram.com/p/Clla5BZM5Sf/

 “Менің үйдегі кітапханам” байқауының қатысушылары

https://www.instagram.com/p/CmD1dRZAi-V/

https://www.instagram.com/p/CmD1LABAfHv/

https://www.instagram.com/p/CmD1BdKgs8a/

https://www.instagram.com/p/CmBoF_JAGK5/

https://www.instagram.com/p/CmBegIYg54c/

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында «Тәуелсіздік белестері» атты ашық кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Тәуелсіздікті аңсаған ата–бабаларымыздың ерліктерінен сыр шертетін тарихи әдебиеттер,  желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы мәліметтер, егемен Қазақстанның дербестігін қалыптастыру мен еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітіп және мемлекетіміздің шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озған кезеңдерін сипаттайтын шығармалар ұсынылды.

https://www.instagram.com/p/CmKEjMhMkBr/

2022 жылдың желтоқсан айының 20-сы күні  “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында кітапханада білім алушылардың оқырмандық белсенділігі мен оқу сауаттылығын арттыру, кітапқа қызығушылығын ояту мақсатында «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында әдеби ойын өткізілді. Ойын-сабақ қызықты,тартысты өтті. Оқырмандар “Кітапхана білімпаздары”, “Кітапхана белсенділері” номинациялары бойынша Дипломдармен марапатталды

https://www.instagram.com/p/CmZFZ-4skAp/2022 жылдың желтоқсан айының 22-сі күні  “Отан тарихы әдебиеттерде” тақырыбында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында III курс кураторы Әдіманова Э.Е. ұйымдастыруымен оқырман конференциясы өтті. Студенттер баяндама оқып, тарихи әдебиеттер туралы Н. Байғанин атындағы балалар кітапханасының кітапханашылары Сүндеталина С.Қ., Байзакова Г. Ж. «Әдемі әдебиет әлемі» тақырыбында көрмеге шолу жасады. Оқырман конференциясында білім алушылар көптеген мәліметтер алды.

https://www.instagram.com/p/CmgRBt7soh_/

2022 жылдың желтоқсан айының 26-сы күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында дәуірдің кемеңгер қаламгері, әлемнің назарын өзіне аударған шебер жазушы, майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай “Ерлік пен махаббат жыршысы» тақырыбында
8-класс оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында, өнегелі ғұмырының соңына дейін қаламымен сыр шерткен , көрнекті жазушының өмірі туралы мәлімет беріліп, жас ұрпақты әдепті болуға баулитын аталы өсиеттері айтылды. Халықтың ыстық ықыласына бөленген «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Мәңгілік махаббат жыры», «Өмір өрнектері» көркем шығармалары таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/Cmo_oP2o88D/

Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасының

2021-2022 оқу жылының жоспары бойынша атқарылған  іс-шаралар.

 

Кітапханада өткізілген барлық шаралардың ақпараттары Instagram – esetbatyr_oku_tarbie,esetbatyr_college парақшаларына уақытылы жарияланып отырады. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар жасалды.Тұрақты көрмелер: «Тіл және тәуелсіздік», «Ұлы жеңіске мың тағзым»,Есет батыр бұрышы, «Абай мұрасы – халық   мұрасы», «Өзін-өзі тану – өмірді тану».

2021 жылдың 17 қыркүйек күні 9 “ә” класында «Тіл мерейі, ел мерейі» тақырыбында   көрме  өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеуге, өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету, патриоттық сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету. Кітапхана қорындағы тіл туралы кітаптарды насихаттау

2021 жылдың 10 қазан күні 8 “б” класында «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда»  тақырыбында   әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/CVLp-m7An0Y/

2021 жылдың 26 қазан күні 7 “а” класына «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат»  тақырыбында   мұражайға саяхат ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

https://www.instagram.com/p/CVev9AQD63F/2021 жылдың 31 қазан күні 7 “а” класына ««Балалар бағының бағбаны » тақырыбында балалар жазушыларының шығармаларын  таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Мақсаты: балалар әдебиеті – жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, ой-өрісін дамытатын, ақылына ақыл қосатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмірдің рухани оқулығы

https://www.instagram.com/p/CVegS1oIeEL/

2021 жылдың бірінші қараша мен бесінші қараша аралығында  «Оқуға құштар мектеп»
жобасы бойынша “Отбасымен бірге кітап оқимыз”, “Оқимыз – зерттейміз” тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты:  кітап оқуға баулу, кітапқа деген  құштарлықтарын арттыру

https://www.instagram.com/p/CV4XQ30IySr/

2021 жылдың 17 қараша  күні 7 “а” класына «Теңге – Тәуелсіздік келбеті» тақырыбында танымдық сағаты өткізіліп,кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:Ұлттық валютамыздың шығу тарихымен таныстыру, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру

https://www.instagram.com/p/CWYINMHgmWu/

2021 жылдың 30 қараша  күні 7 “а” класына «Даланың дара ұстазы» тақырыбында
тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту

https://www.instagram.com/p/CW5fet6gQnM/

2021 жылдың 29 қараша  мен 3 желтоқсан аралығында «Кемеңгер көшбасшы» тақырыбында кітап көрмесі  өткізілді. Мақсаты:Елбасының өмірі мен шығармашылығын, рухани өсу жолдарын таныстыру арқылы өнегелі өмірін оқушыларға үлгі қылу

https://www.instagram.com/p/CW8JQkfgDuS/2021 жылдың 6 желтоқсан   күні  студенттерге  «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫНАЙЫЛЫҚ» тақырыбындатанымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Өскелең жастар арасында «парасаттылық принциптерін ілгерілету», «парасаттылық,әділдік,шынайылылық»  ұғымдарын трендке айналдыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

https://www.instagram.com/p/CXIao1sAGV7/ 

2021 жылдың 10 желтоқсан   күні студенттер мен оқушыларға «ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ»тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен таныстыру

https://www.instagram.com/p/CXSn6V6oGhs/ 

2021 жылдың 16 желтоқсан   күні Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-ақ батасы атаның, Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы!» тақырыбында патриоттық акцияға тәрбиеленушілеріміз белсенді қатысты.
Мақсаты: Балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу; балалар әдебиетін насихаттау; балалардың білімге құштарлығын арттыру

https://www.instagram.com/p/CXi4WiBgle-/

2022  жылдың 16 ақпан    күні «Бір ел – бір кітап – 2022» республикалық рухани-мәдени акциясы аясында “Ұлт ұстазы” тақырыбында тұрақты көрме ұйымдастырылды
. Мақсаты :Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу

https://www.instagram.com/p/CaZ0e7eAO2p/

2022  жылдың 26 сәуір  күні «Тағылымы мол кездесу» тақырыбында
белгілі қаламгер, спорт тарихшысы, ҚР «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты, қазақ спортының абыройын асқақтатқан бапкерлер туралы жинақтың авторы Қыдырбек Рысбекпен рухани-танымдық кездесу өтті.Мақсаты: құнды жинақты оқушыларға таныстыру,  қазақ спортының шежіресін ұғынып, кітап оқудың маңыздылығы мен жетістікке жетудегі рухани құндылықтарды бағалау

https://www.instagram.com/p/Cacg34WAD-9/

2022  жылдың 18 наурыз  күні 9 “ә” класына «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/CbP2Q-ygTd8/2022  жылдың 25 наурыз  күні оқушыларға “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Мақсаты: жастарды патриотизмге, еңбек сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, оқырманмен кітапхана арасын нығайту, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру.

https://www.instagram.com/p/CbhEAUcAxyc/

https://www.instagram.com/p/Cb2nKBqAelP/

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында өткізілген  онлайн байқауына 8 класс тәрбиеленушілері Көшер Сағынжан, Амангелді Марлен қатысып, “Алғыс хаттармен” марапатталып, сыйлықтар алды.  Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/CcAz5B0DXCx/

https://www.instagram.com/p/CcAyjg0Dfkr/

2022  жылдың 26 қаңтар мен 27 қаңтар аралағында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп-колледж кітапханасына Рысбек Қыдырбек ағайымыздың сыйға тартқан  “Қазақтың 90 бапкері” атты кітабына көрме ұйымдастырылды, библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: жаңа кітап пен таныстыру, Хатқа түсіп,тасқа басылған тарих – келешек ұрпаққа мұра, кейінгі ұрпақ үшін қымбат қазына.

https://www.instagram.com/p/CZOxTGcBR-n/

2022  жылдың 14 сәуір күні «Қазақ прозасының қазығы» тақырыбында Сафуан  Шаймерденовке 100 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.  Мақсаты: Сафуан  Шаймерденовтың шығармашылығын насихаттап, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/CcU9-V5scjg/

https://www.instagram.com/p/CcVr70esQXT/

2022  жылдың 20 сәуір  күні 8 “б” класына «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында дөңгелек өткізілді. Мақсаты: рухани және мәдени құндылықтарды дамыту; кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

https://www.instagram.com/p/CcrY2Y7I2m2/

2022  жылдың 22 сәуір  күні 7-8   класстары арасында Шерхан Мұртазаның 90 жыл толуына орай  «Шерхан Мұртазаның өнегелі әңгімелері» тақырыбында сахналық қойылым қойылды. Мақсаты: атаулы күндер тізбесіндегі тұлғалардың шығармаларын оқу.
https://www.instagram.com/p/Ccz9qWeAhb5/
https://www.instagram.com/p/Ccz9zXCAF9A/
https://www.instagram.com/p/Cc0m-5EoAwb/
https://www.instagram.com/p/Cc_QEBUMNQH/

https://www.instagram.com/p/Cc_T_CzsIh6/

2022  жылдың 29 сәуір  күні 9 “б” класына «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында тарихи сағаты  өткізілді. Мақсаты: Қазақстан бірлігі күнінің маңыздылығын көрсету, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, «достық», «өзара сыйластық» ұғымдарын ашу

https://www.instagram.com/p/Cc95P6xMt3J/ 

2022  жылдың 5 мамыр   күні 8 “а”, “ә” кластарына «Ер есімі- ел есінде»
тақырыбында тағзым сағаты  өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қаһармандық ерлігін, мұғалімдік бейнесін жан-жақты ашып көрсету, елін, жерін қорғай білуге, ерлікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу
https://www.instagram.com/p/CdYzS3xAXtn/Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы
Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өз мәресіне жетіп, қорытындыланды. Акцияға белсене қатысқан 7 «а», 8 «ә», 8 «б», 9 «а», 11 «а» класс оқушыларына, класс тәрбиешілеріне, ата-аналарына алғыс білдіреміз. Сіздер сыйға берген кітаптар кітап сөресінен ерекше орын алып қана қоймай, оқырмандарға ерекше көңіл күй сыйлайтыны сөзсіз.
Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған акцияға сексенге жуық кітап сыйға тартылды.
Оның ішінде: Абай Құнанбаев «Қара сөздер», «Абай туралы естеліктер», Д.Досжан «Абай айнасы», М.Мағауин «Көкбалақ», Т.Жексенбай «Бала бүркіт», М.Әуезов «Шығармалары», О.Сүлейменов «Шығармалары», Т.Ахтанов «Шығармалары», «Шырағың сөнбесін», «Боран», Ш.Айтматов «Шығармалары», Б.Момышұлы «Шығармалары», М.Шүйіншәлиева «Өкініш», І.Есенберлин, Х.Есенжанов, Қ.Қайым «Көпір астындағы үй», М.Твен «Том Сойердің басынан кешкендері», Р.Стивенсон «Қазына аралы», Қ.Шонбай «Екінші болма», «Жас Мұхтар», «Әлия, Маншук», «Әлем тарихындағы атышулы соғыстар», «Абылайхан», «Тарихи таным», т.б. кітаптармен кітапхана қоры толықтырылды.https://www.instagram.com/p/Cdavj8_gKu5/2022  жылдың 19 мамыр   күні тәрбиеленушілерге  Халықаралық отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының номинанты, спортшылар династиясы, әкесі мен балалары тоғызқұмалақтан спорт шебері Төлегенов Бауыржан Өндірбайұлымен кездесу сағаты  өткізілді. Қонағымыз  ұлттық құндылықтарымыздың бірі, тоғызқұмалақ ойыны жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдіруді қажет ететін зияткерлік спорттық ойын екендігін, әрі қарай сақтап қалуымызды, дәріптеуіміздің қажет екенін айтып өтті.https://www.instagram.com/p/Cd55XWEgajG/

Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасының

2021-2022 оқу жылының жоспары бойынша атқарылған  іс-шаралар.

Кітапханада өткізілген барлық шаралардың ақпараттары Instagram – esetbatyr_oku_tarbie,esetbatyr_college парақшаларына уақытылы жарияланып отырады. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар жасалды

2020  жылдың 6 қыркүйек күні білім алушыларға «Тіл рухани қазына»
 тақырыбында онлайн бейнеролик ұсынылды. Мақсаты: Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету ,қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу

https://www.instagram.com/p/CEyXiLrgzG5/

2020  жылдың 15 қыркүйек
   күні білім алушыларға «Әдеби кітаптарға шолу» айдары ұйымдастырылды.  
С.Жүнісов «Заманай мен Аманай»  кітабын оқырманға оқуға ұсынылды. Мақсаты: повесть оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, жерін сүюге үндейді, өскелең ұрпаққа берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек

https://www.instagram.com/p/CFKIbJCg6TD/2020  жылдың 1 қазан   қарттар күніне орай  « Халықаралық қарттар күні »  тақырыбында құттықтау.Мақсаты: Қартар күнін атап өтудегі басты мақсат –аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға ,жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу,оларға материалдық,әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады

https://www.instagram.com/p/CFycP3yAmcN/

2020  жылдың 5 қазан
   күні білім алушыларға «Спортшыға пайдалы ақпараттық кеңестер» айдарында спортшыға  пайлы кеңестер берілді. Дұрыс тамақтану –мақсаттарына қол жеткізудегі және жарыстар кезіндегі басты әлементтерінің бірі
https://www.instagram.com/p/CFYs6–gac_/

https://www.instagram.com/p/CF9_rgVAJso/

2020  жылдың 9 қазан
күні білім алушыларға  «Президент ұсынған  30 кітап » тақырыбында мемлекет басшысы кеңес берген әлем және қазақ әдебиеті, публистика, ғылыми-танымдық, рухани жаңғыру әдебиеттер тізімі ұсынылды

https://www.instagram.com/p/CGHEplPgiyC/2020 жылдың 15 қазан күні білім алушыларға «Әдеби кітаптарға шолу»  айдары келесі кезекте Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы ұсынылды

https://www.instagram.com/p/CGXtHFqgWFa/

2020 жылдың 8 қараша  күні білім алушыларға «Әдеби кітаптарға шолу»  айдары келесі кезекте  Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз » шығармасын оқуға ұсынылды.Бұл шығармада Әзілхан Нұршайықов осы бір жайды терең барлап, өз шығармасын “Ақиқат пен аңыз” деп дұрыс атаған. Бауыржан Момышұлы жөнінде тараған аңыз-әңгімелердің түпкі түйіні өмір шындығында, сол шындықтың куәсі болған басты кейіпкерінің  характерінде жатқандығы анық та ақиқат

. https://www.instagram.com/p/CHVfuqKgSxx/

2020 жылдың 8 қараша
  күні білім алушыларға «Қазақтың ұлттық спорт түрлері»  тақырыбында мәлімет берілді. Мақсаты: оқушыларға «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру

https://www.instagram.com/p/CHVhepog_tl/

2020 жылдың 18 қараша
күні Дәулет Тұрлыхановтың туылған күніне орай  “Әлем таныған чемпион” тақырыбында  Кеңес одағының 7 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы  және күміс жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері Дәулет Болатұлы Тұрлыханов туралы мәлімет берілді

https://www.instagram.com/p/CHvIXv1AZWz/

2020 жылдың 29 қараша
  күні білім алушыларға «Жаңа кітаптар» тақырыбында көрме ұйымдастырылып әлеуметтік желіге жарияланды. Мақсаты колледж білім алушыларына, оқытушыларына жаңадан келіп түскен кітаптарды таныстыру

https://www.instagram.com/p/CIKeSoUA4_3/2021 жылдың 29 қаңтар  күні білім алушыларға «Тәуелсіздік жылдары  Қазақстан»

тақырыбында спортшыларымыздың жетістіктері туралы  бейне ролик әлеуметтік желіге жарияландыТәуелсіздіктің 30 жылындағы ең елеулі оқиғалардың бірі 1992 жылы рәміздеріміздің белгіленуі. Тәуелсіз елдің елдігін танытатын бірден-бір белгісі мемлекеттік рәміздер. Рәміздерді асқақтатып, көкке көтеруге Есет батыр атындағы ОРОММИК спортшыларыда зор үлес қосуда

https://www.instagram.com/p/CKo2LMiAwl5/

ҚР Тәуелсіздігінің 30- жылдығына орай спорт саласы бойынша өз үлестерін қосып, Әлемдік спорттық жарыстарда көк Туымызды биікке көтерген спортшылар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз
https://www.instagram.com/p/CNaLEpygkFK/
https://www.instagram.com/p/CNKxxOFAA-e/
https://www.instagram.com/p/CNIS_EygV0_/
https://www.instagram.com/p/CLdkcyGALba/

https://www.instagram.com/p/CK5k4uCgvy9/

2021 жылдың  21ақпан
күні білім алушыларға”Бір ел-бір кітап” республикалық рухани-мәдени акциясы аясында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпы халықтық оқуға  “Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап” акциясына ұсынылған кітаптардың QR коды жасалынып «Ел оқитын 30 кітап » тақырыбында  тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:  білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру

https://www.instagram.com/p/CLjzlZ_gSJZ/

2021 жылдың 11 наурыз
  күні білім алушыларға «Дүниежүзілік тұтынушылар күні» тақырыбында мәлімет берілді. Мақсаты:15-наурыз –Дүниежүзілік тұтынушылар күніне орай  білім алушыларға тұтынушылар, тұтынушылардың құқықтары туралы мәлімет беру

https://www.instagram.com/p/CMRLTCfgp0P/2021 жылдың 24 сәуір  күні білім алушыларға 23 сәуір “Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні” орай «Кітап –жан серігің» тақырыбында бейнаролик әлеуметтік желіге салынды, Мақсаты: оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

https://www.instagram.com/p/CODcSiGAa8U/

2021 жылдың 30 сәуір күні 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірілігі күні мерекесі қарсаңында “Бірлігі мықты елдің болашағымыз” атты кітап көрмесі жасақталды. Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігі, ынтымағы туралы кітаптармен таныстыру арқылы оқырмандар арасында этностар мәдениетін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу

https://www.instagram.com/p/COQ1gZMABf_/

2021 жылдың 12 мамыр
күні білім алушыларға ««Отанды сүю отбасынан»  тақырыбында ардагерлермен кездесу өткізілді.Мақсаты өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.2021 жылдың 31 мамыр Ашаршылық пен қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне орай парақшаға бейнеролик ұсынылды

https://www.instagram.com/p/CPhnxxjgE_Q/

2021 жылдың 3 маусым күні .Қазақстан республикасының Рәміздер күніне орай мектеп-колледж ауласында “Менің рәміздерім-тәуелсіздіктің белгісі” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттау, еліміздің рәміздерін құрметтеп, патриоттық сезімдерін ояту
https://www.instagram.com/p/CPp5UgggHwY/

Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасы

Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге.

А.Құнанбаев

Отыншина Анаргул Утеубаевна – кітапхана меңгерушісі, білімі орта арнаулы, жалпы жұмыс өтілі 13 жыл, соның ішінде осы Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында 3 жыл.

Кітапхана қызметі туралы ақпарат

Кітапхана жұмысы Есет батыр атындағы ОРОММИК директорымен бекітілген кітапхана ережесіне, кітапханашының қызметтік нұсқауларына, кітапхананы пайдалану  ережесіне, мектептің іс номенклатурасына, кітапхананың жұмыс кестесіне және жұмыс жоспарына сай жүргізіледі.

Кітапхана жұмысын ұйымдастыру ҚР Заңдарына, ҚР БҒМ 2016 жылғы 19 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» №44 бұйрығына, колледж Жарғысына және кітапхананың жұмыс ережесіне сай жүргізіледі. 

  1. Кітапхана жұмысы

Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орталықтардың бірі – кітапхана. Кітапхананың тұрақты жұмысын кітапханашы қамтамасыз етеді.

Кітапхананың мақсаты: Кітапхана  оқырманға түрлі ақпараттар ұсыну

Сондықтанда кітапхана мынандай міндеттерді қабылдайды:

  • Педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау;
  • Кітапханаға білім алушыларды тарту;
  • Кітапхананың ақпараттық жұмысын жандандыру;
  • Пәндік-циклдық апталықтар бойынша жұмыстану;
  • Оқу-әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз ету;
  • Күнтізбедегі атаулы күндерге сәйкес әдебиеттерді насихаттау;
  • Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу мен каталогтық жіктеу;
  • Оқырмандарға қызмет көрсету (абонемент, оқу залы);
  • Кітапханалық-библиографиялық процесін автоматтандыру және механизациялау (компьютерлер, аудио-видеотехника).

Кітапхананың басты міндеті: Заманның ағымына ілесе отырып, көп салалы толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысын, талаптарын қанағаттандыру;

кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

Кітапхана – кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын.

Кітапхана – өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын қатпары терең білім қорымен сусындатып, іздегендерге ізгілікпен бағыт көрсететін ғылыми, мәдени орта.

Кітапхана интернет желісіне қосылған, esetbatyr.orommik.kitaphanasy@gmail.com электронды поштасы қызмет етеді. Кітапханамызда 2 компьютер, 2 принтер орналасқан. Кітапхана іс-қағаздарын жүргізу үшін электронды поштаны қолданады. Кітапхана  қажеттілігі үшін есептеу орталығы қызмет етеді. Ақпарат алмасу үшін электронды пошта, интернет, байланыс құралдары қолданылады. Мобильді кітапханада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы 100 кітаптың QR – код стенді орнатылған.

Кітапхана құрылымы:

  • Абонемент
  • Оқу залы
  • Кітап қоймасы

Біздің ресурстар:

Жаңартылған білім бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемеліктер қоры

1 Кітап қоры 6232
2 Оқулықтар + аудио диск 5956
3 Оқу-әдістемелік кітаптар 146
4 Электрондық кітаптар 130

Колледж студенттерінің оқулықтар мен оқу-әдістемеліктер қоры

1 Кітап қоры 4119
2 Оқулықтар 833
3 Оқу-әдістемелік кітаптар 360
4 Электрондық кітаптар 20
5 Көркем әдебиет 2906

Жыл сайын мерзімді басылымдарға, оның ішінде: ғылыми –педагогикалық, ғылыми әдістемелік, ғылыми – техникалық, кәсіби , әскери-патриоттық, көркем-әдеби және анықтамалық құралдарға тапсырыс беріліп отырады.

Кітап қорын толықтыру көздері

Іскерлік байланыстар

  • С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап – ғылыми кітапханасы
  • Облыстық Н.Байганин атындағы кітапханасы
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасы
  • Ақтөбе қаласындағы колледж кітапханалары
  • Қарғалы селолық модельді кітапханасы

Оқу жылының жоспары бойынша жүргізілген көпшілік іс-шаралар

Тұрақты көрмелер: «Тіл және тәуелсіздік», «Ұлы жеңіске мың тағзым», Есет батыр бұрышы, «Абай мұрасы – халық мұрасы», «Өзін-өзі тану – өмірді тану»

Әбу Насыр әл –Фарабидың 1150 жылдығына орай «Әбу Насыр әл – Фараби Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл – Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке еліміздің білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу.

«Кемел елдің кемеңгер басшысы» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мәлімет беру, елбасының өмір жолыннан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Мектебімізде «Спортшы балалардың табысқа жету жолындағы ата-ананың ықпалы» тақырыбында «Ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күніне орай ата-аналарға кітапханада спорт, спортшылар туралы әдістемелік бұрыштары ұйымдастырылып, қажетті ақпараттар ұсынылды.

Тілдер күніне орай «Тіл мерейі, ел мерейі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мен оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Көп ізденуді және оқуды талап етеді.

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

Copyright © 2025 Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі.