2023-2024 оқу жылы
22- наурыз Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесі қарсаңында “Наурызнама” онкүндігіне орай 3- курстың топ кураторы А.Ж. Аманқосова “ Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білеміз?” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: жастардың бойына ұлттық сезім арттыру жолында қазақ ұлтының тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалай отырып ,қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуді дәріптеу спортшылардың ағзасына пайдалы тағамдар туралы мәліметтер беру.
Бүгін, ағымдағы жылдың 9- қаңтар күні Алматы ауданы №4 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Е.Н.Утенов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М. Нұрмағамбетова жатақханада тұратын студенттер мен оқушылардың бөлмелері мен қол сөмкелеріне адам өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулыққа қауіп төндіретін заттарды анықтау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Рейдтің қорытындысы бойынша, адам денсаулығына зиян келтіретін кескіш, үшкір заттар табылған жоқ.
“Отан тарихы әдебиеттерде” тақырыбында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында III курс кураторы Әдіманова Э.Е. ұйымдастыруымен оқырман конференциясы өтті. Студенттер баяндама оқып, тарихи әдебиеттер туралы Н. Байғанин атындағы балалар кітапханасының кітапханашылары Сүндеталина С.Қ., Байзакова Г. Ж. «Әдемі әдебиет әлемі» тақырыбында көрмеге шолу жасады. Оқырман конференциясында білім алушылар көптеген мәліметтер алды.
“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында кітапханада білім алушылардың оқырмандық белсенділігі мен оқу сауаттылығын арттыру, кітапқа қызығушылығын ояту мақсатында «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында әдеби ойын өткізілді. Ойын-сабақ қызықты,тартысты өтті. Оқырмандар “Кітапхана білімпаздары”, “Кітапхана белсенділері” номинациялары бойынша Дипломдармен марапатталды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында «Тәуелсіздік белестері» атты ашық кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Тәуелсіздікті аңсаған ата –бабаларымыздың ерліктерінен сыр шертетін тарихи әдебиеттер, желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы мәліметтер, егемен Қазақстанның дербестігін қалыптастыру мен еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітіп, және мемлекетіміздің шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озған кезеңдерін сипаттайтын шығармалар ұсынылды.
Ақтөбе облыстық ғылыми -тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен облыс колледждері арасында үздік кәсіби бағдар берушісін анықтау мақсатында облыстық байқау өтті. Байқау кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздеу, мектеп оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында колледж мамандықтарын дәріптеуге бағытталған. Аталған шараға біздің колледж де қатысып, “Үздік мамандықтар көрмесі” номинациясымен дипломмен марапатталды.
“Үздік кәсіби бағдар беруші”
Білім алушылардың зияткерлік, рухани дамуына, кітап оқуға қызығушылығын ояту мақсатында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында «Топтың үздік оқырманы» конкурсы өткізілді. Конкурс Leorning Apps.org платформасы арқылы “Қазақтың белгілі спортшылары”, “Спорт түрлері” тақырыптарында тапсырмалар берілді. Конкурс нәтижесінде, «Топтың үздік оқырманы» Құсайын Мұхаммед Әли Алғыс хатпен марапатталды.
«Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танимын!» “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында “Бір колледж – бір кітап” акциясына ұсынылған Александр Бектің “Арпалыс” кітабына әдеби кейс ұйымдастырылды. Кейс әдісінің мақсаты – ақпаратты талдауға, негізгі проблемаларды анықтауға және оларды шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға үйрету. Білім алушыларға ойынның шарттарын түсіндіріп, шығарманың авторымен, басты кейіпкерлері жайлы мәлімет берілді. Кітаптан үзінді оқылып, эпизодтың аяғына дейін жетпей, топтарға өзіндік даму нұсқасын табуды ұсынды. Білім алушылар берілген сұрақтар бойынша шығарманы өз бетінше әрі қарай жалғастырды. Кейс ойыны қызықты және өз деңгейінде өтті.
“Менің өмірімді өзгерткен кітап”. Биылғы жылдың қараша айының 14-і күні “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас буынның оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, көркем ойлауын дамыту. Білім алушыларды оқылған кітаптарын талдауға және өз ойын сауатты білдіруге баулу. Білім алушылар өздері ұнатып оқыған кітаптары бойынша эссе жазды. Кітап-атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл-ой бастаушысы. Эссе байқауының нәтижесі бойынша: І орын- білім алушы Асанов Н. ІІ орын- білім алушы Жеңіс Ғ. ІІ орын- білім алушы Сайлау Н. ІІІ орын- білім алушы Саматов А. ІІІ орын- білім алушы Абибулла А. ІІІ орын- білім алушы Балтабай Ершат иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
“Өз кәсібің туралы әдебиет”. “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы аясында Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында “Өз кәсібің туралы әдебиет” тақырыбында квилт стенді дайындалып, кәсіп бойынша, мамандық бойынша QR кодталған әдебиеттерден ақпарат берілді. Кітапханашы Отыншина А. білім алушыларға «квилт» деген сөздің мағынасымен таныстырып, яғни квилт сөзінің мағынасы құрақ дегенді білдіреді. Білім алушылар ақпаратпен танысып, өз ойларын квилт стендіне ілді.
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» іс шарасын өткізу тұжырымдамасына сәйкес Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі КММ-сі кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді іс қимыл жасау мақсатында 2022 жылдың 15 қарашасында «Жұмыс беруші күні» іс шарасы өтті. Шараға Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, қамқорлық алған кәсіпорындар, мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар, колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отырған кәсіпорындар, білім басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер қауымдастығы және спорт түрлерінің федерациялары қатысты. Қатысушылар арасында «№2 ОМБЖСМ» КММ басшысы – К.М.Ажбагамбетов, «№4 ОМБЖОРМ» КММ басшысы – Т.М.Тақабаев, Бокстан ОРРДБЖОМСМ басшысы – Г.М. Джафаров, №1 Ақтөбе қаласы БЖСМ басшысы – Б.М.Тулеуов, В.Н.Цеханович атындағы №1 МБЖСМ басшысы – Д.К.Дәрменов
«Бір колледж – бір кітап” “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Бір колледж – бір кітап” акциясына А.А. Бектің «Волоколамск тас жолы. Арпалыс» кітабы таңдап алынып, студенттерге оқуға ұсынылды. Бұл шығарманың басты кейіпкері – қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлы. Осы шығармада аты аңызға айналған қолбасшының ұлттық мінезі мен қаһармандық іс – әрекеті, біздің спортшыларымызға елін, жерін сүюге, көк туымызды асқақтатуға ұлттық рух берері сөзсіз. Ендеше, оқырмандарымызды “Бір колледж – бір кітап” акциясына ат салысуға шақырамыз.
Бүгін,3- қараша күні кезекті жоспарға сәйкес Есет батыр атындағы ОРОММИК -де “Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі” “Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының” теолог маманы Ә.Б.Ұзақбаевпен және психолог Т.Т. Төлепбергеновпен ұжым қызметкерлері және колледж студенттерімен “Дін- тәрбиенің рухани тірегі ” атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында, қазіргі кезде адам санасын, жалпы қоғамымызды улап жатқан діни ағымдар туралы, олардың өмірге қаншалықты зиян келтіретін қисапсыз түрлері бар екені айтылды. Студенттерге елді адастырып, қатерге бастайтын діни ағымдар туралы мәлімет беріле отырып, одан аулақ болудың жолдары туралы айтты. Әлеуметтік желідегі жалған діни топтар мен деструктивті идеологияны насихаттаушы парақшалардың айла-тәсілдері, іс-әрекеттері және де қолдануға болмайтын, бұғатталған сайттар жайында да ұтқыр мысалдар келтіріп, бейне слайдтар көрсетілді.
2022 жылғы 27 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап. Тұлға. Рух» жобасы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күйші Жайлау Жаншаұлы Асылханов және ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласаның үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірмен «Өнері биік тұлғалар» атты кездесу кеші болды. Есет батыр атындағы ОРОММИК студенттері “Оқуға құштар колледж” аясында аталған шараға белсене қатысып, сұрақтар қойып, ерекше кештің куәсі болды. Шара қонақтары жас ұрпақтың рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен тәрбие құралы –кітап екендігін, өз өмірлеріндегі жетістіктері туралы, жетістікке жетудің қыры мен сырымен бөлісіп, адам жасында қиялға берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсе келе өмірге шынайы көзібен қарайтын парасатты, жалған мен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік кемелденген тұлға болып қалыптасатыны туралы айтып, оқырмандармен еркін сұқбаттасты.
“Ата-бабам арман еткен, Егеменді қазақ жерім” атты 25-қазан Республика күніне арнап 1 – курс кураторы Шоқбаров Н., 2 – курс кураторы Аманғосова А., 3 – курс кураторы Әдіманова Э. аталған 3 курстың студенттерімен Ұлттық мерекеге орай дөңгелек үстел өткізді. Шарада мемлекетіміздің тарихы, әлеуметтік-экономикалық , мәдени дамуы бағытында тақырыптар қозғалды.
Бүгін,яғни 4- қазан күні ЖИТС орталығының маман- дәрігері М.К.Саламатова, мектеп дәрігері А.Байсейтова және ДТЖО С.Нұрмағамбетованың қатысуымен ” ЖИТС- қа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттаумеп қатар, ЖИТС инфекциясының адам ағзасына зияны, адамдарға жұғу жолдарымен оның белгілерін, зиянын және алдын алу шаралары туралы баяндалды.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Бүгінгі күні Есет батыр атындағы ОРОММИК Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Мұратовна және колледж студенттері ардагер ұстаз С.Айжарықованы төл мерекемен құттықтады!
Қазақтың ұлы жазушысы , көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай мектебімізде “Әуезовті оқимыз” блиц – сауалнама жүргізілді. Шараның мақсаты- кешегіні келешекпен байланыстыра отырып , қаламгер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби – рухани байланысты нығайту және Әуезовтың өміржолымен шығармашылығын, ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау. Ұлттың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің мерейтойы-барша қазаққа ортақ. Себебі,Әуезов төл әдебиетіміздің құдіретімен қазақ есімін шартарапқа паш етті.Жазушы бір ғана “ Абай жолы” роман-эпопеясымен әлемдік әдебиетте ойып тұрып орын алды. Қызықты блиц тестты ұйымдастырушысы Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханашысы Отыншина Анарул Утеубаевнаға және 1-2 курс студенттеріне өз алғысымызды білдіреміз!
“Мен оқыған бір кітап” “Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Мен оқыған бір кітап” тақырыбында көрме ұйымдастырылып, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Серекеқызы Айтаңсық, студенттер өздерінің оқыған кітаптарын оқуға ұсынды. Мақсаты: білімалушылардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, жастар арасында сапалы оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-НҰРАЛИНДЕРМЕН КЕЗДЕСУ «Отбасы –шағын мемлекет» Ол тәлім мен тәрбиенің , үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендеп, үлгілі ұрпақ дариды. 8 қыркүйек – Халықаралық отбасы күніне орай, сондай үлгі тұтарлық отбасылардың бірі, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы номинанттары, төрт баланың үлгілі Ата-аналары НҰРАЛИНДЕР ОТБАСЫМЕН кездесу өтті. Серікбол Нұралин – дзюдо және самбодан спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионы. Жұбайы Айна Жарманова – дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 дүркін Азия чемпионы. Бүгінде бұл үлгілі отбасы 2 ұл, 2 қыз баланы тәрбиелеп отыр. Отбасымен бірге салауатты өмір салтын ұстанады. Балаларында спортқа үйір еткен Ата-ана, болашақта облыстық спорт саласын, спорт секцияларын дамытуды бірге қолдайды. Кездесу барысында біздің спортшыларымызға азық болар сүбелі әңгімелер қозғалып, тәрбиелік мәні зор кеңестер айтылды. Отбасы –бұл қоғамның негізі.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Осы орайда, Есет батыр атындағы ОРОММИК-де тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасы әлемде алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, патриоттыққа, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет – ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында «ҚАЗАҚСТАН-БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» атты мерекелік салтанат
«Спортшылар салауатты өмір салтын қолдайды!» Бүгін, 19 сәуір күні «Балалар жылы» аясында жаратылыстану пәндері апталығының алғашқы күні Ақтөбе облыстық салауатты өмір салтын насихаттау орталығының дәрігерлері Г.Т. Сидашева , А.С Исмагулова және спорт инструкторы А.А Айткуловамен пән мұғалімдерімен бірлескен «Спортшылар салауатты өмір салтын қолдайды!» атты студенттер мен оқушылар арасында денсаулыққа зиянды заттардан аулақ болып, белсенді өмір сүруді қолдау мақсатында акция ұйымдастырылды. Акция барысында, дәрігерлік кеңестер беріліп, Салауатты өмір салтына деген саналы көзқарасты қалыптастыру темекі шегу, спирттік ішімдікке салыну, есірткі қолдану секілді зиянды әрекеттерден аулақ болу туралы түсіндірілді. Болашақ үшін дүниетанымы терең, білімі мен адамгершілігі мол, саналы ұрпақтарды тәрбиелеу мен ұлтымыздың кемелді келешегі біз үшін аса маңызды екендігі айтылды.
2022 жылғы 13 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесе отырып, «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында қазақ классик жазушысы Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығына арналған «Қазақ прозасының қазығы» атты әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты: Сафуан Шаймерденовтың шығармашылығын насихаттап, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру. Шарада жазушының өмірі мен рухани мұрасы жайлы жете таныстырылып, студенттерге естелік видеолар мен слайдтар көрсетілді. «Қазақ прозасының қазығы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі А.Б.Тәжімұратов ұстаздар мен "Адалдық Алаңы'жобасының аясында кездесу өткізді. «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру . Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және қызмет алушылардың қызметкерлермен әрекеттесу көрсеткішін төмендету мақсатында цифрландыру мүмкіндіктері белсенді қолданылуда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік цифрландыру жобалары ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын факторларды болдырмау, экономикалық қайтарым және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталғандығы туралы ақпарат берді. #сыбайласжемқорлыққажолжоқ
«Рухани жаңғыру-патриоттық тәрбиенің бастауы» «Рухани жаңғыру-патриоттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында білімалушылармен 6655 әскери бөлімінің ТжӘҚЖ бөлімшесі бастығының аға көмекшісі аға лейтенант Бекболатов Абылай Абенович пен аға лейтенант Баймурзина Алтыншаш Балтабайқызы кездесу өткізді. Мақсаты: білімалушыларға өз Отанына деген құрмет көрсету мен қатар, қызмет етуде патриоттық сенімдерін нығайту және кәсіптік бағдар беру. Бұл кездесуде білім алушыларға кәсіптік бағдар бере отырып, әскери қызметкер туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау — адам өміріндегі алдағы болашағын айқындайтын, үлкен өмірге аяқ басатын маңызды қадамдарының бірі. Болашағында жақсы, білімді, қажетті маман иесі болу әрбір оқушының алға қойған мақсаты. Осыған орай, жас түлектерге дұрыс мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар бойынша колледж оқытушылары түсінік жұмыстарын жүргізуде.
Қазақ елі Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақстан Республикасының «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты Қыдырбек Рысбек 1945-2021 жылдар аралығындағы қазақтың таңдаулы бапкерлері мен шәкірттері туралы «ҚАЗАҚТЫҢ 90 БАПКЕРІ» атты деректі кітабы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушылары мен спортшыларына және мектеп кітапханасына тарту етілді. Тарихқа көз жүгіртсек, республика спортының тарихында жаттықтырушылар туралы мұндай толымды әрі құнды кітап бұрын болмаған екен. Бұл еңбекте XX, XXI ғасырлардағы қазақтың белгілі бапкерлері мен олардың шәкірттері туралы қысқа да түйінді деректер мен фотолар бар. «Қазақтың 90 бапкері» кітабын қазақ спортының 1945-2021 жылдары аралығындағы шежіресі десе де болады. Хатқа түсіп, тасқа басылған тарих – келешекке мұра. Біздер осыдан мың жыл бұрынғы тарихты кітап арқылы танып жүрміз.
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ҚАДАМЫ 14 желтоқсан күні, Есет батыр атындағы ОРОММИК студенттерімен «Тәуелсіздіктің 30 қадамы» атты конференция өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерін және осы уакыт аралығындағы спорттағы ең үздік жетістіктерге тоқталу. Отанды Қазақ елін өркендетуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлттық әдет-ғұрыпты , салтын дәстүрді сақтап әрі карай жалғастыруға тәрбиелеу болып табылады.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯ ҚР ТӘуелсіздігінің 30 жылдығы, Республикалық спорт колледжінің 50 жылдық мерейтойына орай «ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ИННОВАЦИЯЛАР, ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2021 жылдың 10 желтоқсанында Алматы қ. өтті. Конференцияда қазіргі жағдайда олимпиада резервін дайындаудағы өзекті мәселелерді, тәжірибедегі инновациялар мен перспективті даму мәселелерін талқылау үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетіне бағынышты олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушылары, оқытушылары, студенттері бас қосты. Ғылыми-тәжірибелік конференция 4 платформа негізінде жұмыс жасалды.
Елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбеюі мен қатар адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай жыл сайын күрделеніп, жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажеттігін арттыру мақсатында студенттермен Ақтөбе қаласының батальон патрульдік полицияның қызмет инспекторы ,аға лейтенант полициясы Ж.С.Сайнов және кіші лейтенант Д.Ж.Данабаев ” Жол ережесін бәріне білу- міндет ” тақырыбында дәріс сабақ өткізілді. Дәрісте жол-көліктердің оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегу салдары мен оның түрлі себептері, көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамағандықтан адам өміріне, денсаулығана қауіпті екендігі түсіндіріліп, дәріс соңында студенттердің сауалдарына жауап берілді.
Бүгін колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мынандай мәселелер қаралды: 1. Құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу; 3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау мақсатындағы жүргізілген жұмыстардың есебі; 4
Алынған психологиялық сауалнамалардың қорытындылары таныстырылып, ата-аналардан кері байланыс алынды.
Ақтөбе облысы ПД ЖПДБ патрульдік полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы полиция майоры Ә.М. Сағынтаев 1-курс студенттерімен кездесіп, жалпы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығымен, міндеттері туралы айтып, тұрып жатқан жатақхана бөлмелерін аралап өтті.
С.Бәйішев ат.облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» ұлттық спорт күні аясында кітапхананың өлкетану әдебиеттер бөлімі ҚР самбо және дзюдодан еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, Халықаралық төреші – Асылбек Құлмағанбетов және ҚР бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, 2001-2003 ж.ж. ҚР үздік бапкері – Әлімбек Балмағамбетовтің қатысуымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты ZOOM қосымшасында әңгіме-сұхбатын өткізді. 2004-2006 жылдары Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Нұрмахан Азия чемпионатына дайындық өткізуге іс-сапармен Шымкент қаласында болса да, қатысушыларға жылы лебізін бейне жазба арқылы жолдады. Облыстық балалар – жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен оқушылары, аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері, Есет батыр ат. олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің психологі Т.Советова сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы колледж білім алушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамаға барлық колледж білім алушылары қатысып, ашық жауап берді.
24- ақпан күні кезекті апталықтың жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен оқытушылар мен білімалушылар арасында “Экономикалық дамудағы мақсатты көрсеткіштер” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: нарықтық экономикалық жағдайда қаржыны тиімді пайдалану, жастарға кәсіби өсу кезіндегі экономикалық даму, экономикалық есеп, талдау жасау, адал еңбек етумен қатар және дамыған шет елдердің тәжірибесін үлгіге ала білу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау,жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің 201-топ студенттерімен "ZOOM" платформасы арқылы "Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздігімнің нышаны тақырыбында" тәрбие сағаты өткізілді.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Нұрмағамбетова рәміздердің мемлекет үшін де, халқымыз үшін де маңыздылығына тоқталып өтті. Ұйымдастырған: 201-топ кураторы Л.Бердимуратова
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 201-топ кураторы Л.Бердимуратова студенттермен құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында “ZOOM” платформасы арқылы “Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.