2023-2024 оқу жылы
Құқықбұзушылық, зорлық- зомбылықтың алдын алу.
Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.Оқушылардың құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында “Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік” атты 10 класс оқушылары арасында тренинг өткізілді. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және МИК ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында ата-аналармен бірге білімалушылардың жатақханадағы орындарына рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде бөлмелер талапқа сай болды.
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу, «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында 7 класта «Буллинг дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан мектеп-интернат-колледжде іс-шаралар атқарылды. Соның ішінде Алматы ауданы №4 КГБ ЖІ КТЕЖ УТИ полиция
лейтенанты А.Б.Курыкшы және полиция лейтенанты А.Д.Бекмурзина
«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыктың алдын алу шаралары» тақырыбында оқушылармен ақпараттық жиналыстар өткізді
Оқушыларға қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, салқын қарудан аулақ болуын,
келешек өмірлеріне зардаптары туралы түсіндіру мақсатында 10 “а” класында
“Қылмыс және жасөспірім” тақырыбында тәрбие сағаты өтті
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Заречный полиция бөлімі бастығының орынбасары Полиция капитаны Саденов Талғат Сарсенгалиевич «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 7-8 кластар арасында түсіндірмелі жұмыстар жүргізді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
15.11.2023 жылғы № 02-21/3647 хатына сәйкес “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясын өткізу жоспарына сәйкес 8«ә» білімалушыларына зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап соққы екенін түсіндіру, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де тәртіпті де тұлға болып өсу мақсатында мектеп психологімен біріккен «Мен зорлық-зорлыққа қарсымын» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Құқық бұзушылықтың, зорлық- зомбылықтың алдын алу бойынша, мобильдік топ кезекті жұмысын атқарып, рейд жұмысын жүргізді.
МИК талаптарына сәйкес, артық заттардың болмауы, нақты айтқанда (суық қару, денсаулыққа зиян заттар) қадағаланды2022 – 2023 оқу жылы
Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, тәрбие сағаты психологпен бірге 9 “Ә” класс білім алушыларымен жүргізілді.
Зорлық-зомбылықтың салдары түсіндіріліп, әр тұлғаның мықты жағымен жұмыстану туралы пікір алмасты
15.11.2023жылғы № 02-21/3647 хатына сәйкес “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясын өткізу жоспарына сәйкес білімалушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның ең жаман қасиеті екенін айтып,з орлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіріп,жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу мақсатында 10”а”класс арасында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” атты тренингі өтті
Ағымдағы жылдың 19 – желтоқсан күні, Есет батыр атындағы ОРОММИК білім алушылары назарына психологиялық жоспарға сәйкес жадынама жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: тик-ток, интернет желісіндегі трендтерді пайдала отырып, білім алушылардың назарын ала отырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу, достыққа баулу, ауызбіршілікке шақыру, топ аралық сыйластықты нығайту, білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілетін нығайту. Психологиялық сенімді орта қалыптастыру
Бүгін, ағымдағы жылдың 9- қаңтар күні Алматы ауданы №4 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Е.Н.Утенов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М. Нұрмағамбетова жатақханада тұратын студенттер мен оқушылардың бөлмелері мен қол сөмкелеріне адам өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулыққа қауіп төндіретін заттарды анықтау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Рейдтің қорытындысы бойынша, адам денсаулығына зиян келтіретін кескіш, үшкір заттар табылған жоқ.
Бүгін, яғни 2024 жылдың 9 қаңтар күні жасөспірімдер арасындағы әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 8ә класс тәрбиешісі Б.Т.Трумова жылдық жоспарға сәйкес Алматы ауданы №4 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Е.Н.Утеновпен “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және нашақорлық” тақырыбында білім алушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында жағымсыз әрекеттерден аулақ болу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кезекті рейдтік шаралар өткізілді.
“ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ.
2024 жылдың 9-қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М. Нұрмағамбетова жылдық жоспарға сәйкес жергілікті жасөспірімдер инспекторы Е.Н. Утеновпен “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.Кездесу мақсаты:-жасөспірімдерарасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
-білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып,әкімшілік және қылмыстық жазатүрлерімен таныстыру;
-қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу;
-мектепішілік ережелердің сақталуы ;
Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін, қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтықсауаттылыққа тәрбиелеу , құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-класс білім алушыларымен “Құқықтық мәдениет және оның маңызы” тақырыбында танымдық сабақ
Білімалушылардың Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ ретінде міндеттері мен құқықтары туралы білу, өз міндеттері мен құқықтарын үйренуге тәрбиелеу мақсатында 8 “а” класында “Менің құқықтарым мен міндеттерім” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды құқықтарын қорғау ,жасөспірімдерді адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында “Имандылық-ізгілік негізі” тақырыбында кездесу өткізілді
“Жалған террористер арасында жасөспірімдер мен балалардың үлесі қандай?” тақырыбында ата-аналарға арналған құқықтары мен міндеттері туралы жадынама
2024 жылдың 23-ақпан күні Білімалушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы ауданы №4 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Е.Н.Утенов 8 “А” класы білімалушыларымен “Өз құқығыңды білесің бе?” тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында жағымсыз әрекеттерден аулақ болу туралы да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2022-2023 оқу жылы
Мектебімізде 9 мамыр –Ұлы Жеңіс күніне арналған тәрбиелікіс шаралар болып өтті. Ел басына қара бұлт үйірілген қиын қыстау заманда қолына қару алып, болашақ ұрпақ үшін қан майданда от кешкен батырлардың қайсарлығы мен ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Халқымыздың аты аңыз болған даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, батырдың азаматтық ерлік істерін айту, қанатты сөздерімен таныстыру, бала бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету мақсатында 10”А” класс білім алушыларымен “Қазақтың мақтанышы-Бауыржан Момышұлы” атты тәрбие сағаты өткізілді. Білім алушылар даңқты батыр Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнебаян тамашалап, оның бейбіт күндері жазған әдеби кітаптарымен танысты. Батырдың жеке болмысын ашуға бағышталған викториналық сұрақтарға жауап берді.
Өткізген: класс жетекшісі: Балмағамбетова А.Ж.
класс тәрбиешісі:Мустафина Ж.Ж.
2022-2023 оқу жылы. “Оқуға құштар колледж”, “Оқуға құштар мектеп” тұжырымдамасы аясында «Қалам сынағы» тақырыбындағы поэзия конкурсы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың әдеби шығармашылық саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Ж.Балмағамбетова мен Ә.Б.Жақсылықовалардың ұйымдастыруымен өткен поэзия конкурсында 9 А және 10А сынып оқушылары қазақ ақындарының шығармаларынан және өз туындыларын мәнерлеп жатқа оқыды; қазақ қаламгерлерінің туындыларына қатысты өз ойларымен бөлісті. “Әдеби центон” кезеңінде білім алушылар жұптаса отырып бірнеше автордың әртүрлі шығармаларынан өлең шумақтарын құрастырды. Ал тапқырлықты, шапшаңдықты, шығармашылық қасиеттерді шыңдауға бағышталған “Буриме” ойынында білім алушылар дайын ұйқастардан мағыналы жыр жолдарын құрастырып оқыды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбымен өткен әдістемелік отырыс барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Б.Жақсылықова “Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұлттық рухани құндылықтарды меңгерту жолдары” атты шебер-сынып өткізді. Мақсаты: сабақ барысында ұлттық құндылықтарды оқытуды жүзеге асыру. Ә.Б.Жақсылықова:”Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор”, – деп, әрбір сабақ барысында ұлттық құндылықтарды байланыстырып отыру өте маңызды екендігін атап өтті. Шебер-сынып барысында педагог “Жас мөлшерінің атауы”, “Бата беру”, “Ұлттық ойындар”, “Батырлар жыры”, “Бәйге” сынды ұлттық құндылықтарды сабақта қалай тиімді қолдануға болатынын ортаға салды. Шебер-сыныпқа қатысушылар “Бір мақал-бір бауырсақ” әдісімен кері байланыс жасап, қорытындылады
«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде!» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында пән мұғалімдері: Г.Е. Умбеталиева, А.Ж.Балмағамбетова, Ә.Б. Жақсылықовалардың ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбымен әдістемелік отырыс болып өтті. Әдістемелік отырыстың мақсаты: -“Қазақ тілі мен әдебиеті” сабақтарында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдерін ортаға салу;
-Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасуына ықпал жасау;
-Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбымен өткен әдістемелік отырыс барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова “Оқылым дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдерінің тапсырмалары” атты шебер-сынып өткізді. Мақсаты: Оқу мақсатына лайықталған тиімді оқылым әдістерін қолдану дағдысын дамытуға ықпал ету. Шебер-сыныптың теориялық бөлімінде пән мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова оқылым дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдеріне шолу жасап, белгілі педагог-ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сілтеме жасады. Оқылым дағдысының оқылымалды тапсырмасы, оқылым тапсырмасы және оқылымнан кейінгі тапсырмалар жөнінде таныстырылым көрсетілді. Практикалық бөлімде “…2.6.1.Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу” мақсатымен әріптестеріне сабақ үлгісін ұсынды. Сабақ басында жағымды көңіл күй орнату мақсатымен “Көңілді сәлемдесу” ұйымдастырылды. Сабаққа қатысушыларды 3 топқа бөліп,сәттілік тіледі. Сабақ барысында Ы.Алтынсариннің “Атымтай жомарт” әңгімесін оқылып, мазмұнына қатысты талдау жұмыстары орындалды. Оқылым мәтіні “Ақпаратты сүзу”, “FILA кестесін толтыру”, “Қос диаграмма” тәсілдері арқылы талданды. “QR код” тәсілі арқылы берілген қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауда әріптестер белсенділік танытты. “Тик-ток” әдісімен кері байланыс орнатылып, қорытындыланды.
27.01.2023 ж. «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде!» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының жабылу салтанаты өтті. Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін ұлықтау; отансүйгіштікке тәрбиелеу; апталық барысында ұйымдастырылған әдеби іс-шараларды қорытындылау, белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.Апталықты қорытындылау лездемесінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетова С.М. сөз сөйлеп, апталықты ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне, сонымен қатар апталыққа белсене қатысқан жас спортшыларға алғысын білдірді. Оқушыларды алдағы уақытта да өздерінің ана тілін ұлықтауға, құрметтеуге, әрқашан да жанашырлық танытуға шақырды. Пән мұғалімдері А.Ж.Балмағамбетова мен Ә.Б.Жақсылықовалардың ұйымдастыруымен 7 А және 8Б сынып оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті
26.01.2023 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жақсылықова Ә.Б. 9 “А” сыныбында “Адал өмір сүру-абзал қасиет» тақырыбымен пікірталас ұйымдастырды.
Мақсаты:
Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Пікірталас барысында оқушыларға ойқозғау мақсатында әртүрлі жағдаяттық сұрақтар беріліп, тәрбиелік мәні зор бейнебаяндар көрсетілді. Пікірталасқа қатысушылар тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салып, көзқарастар тоғысында қарсы топпен сөз таластыруда белсенділік танытты.
25.01.2023 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова 7-8-сыныптар арасында “Дарындылар додасы” зияткерлік сайысын өткізді. Мақсаты:
Сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру; Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білу, ұғыну, түсіну ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу
Сайыстың «Сұрақ бізден-жауап сізден»,«Қанатты сөз қазына»,«Толғауы тоқсан қызыл тіл”, «Бұл кім? Бұл не?», «4 фото – 1 сөз»,«Кім жүйрік?» кезеңдері бойынша оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырманы тез әрі жылдам орындауға тырысты. Сайыс қорытындысы бойынша сайыстың барлық кезеңдерінде тапқырлығымен және шапшаңдығымен көзге түскен 8 А сынып оқушысы Бөлекбай Есет “Дарынды” болып танылды.
24.01.2023 ж. «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» тақырыбында пән мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова әдеби-танымдық отырыс өткізді. Мақсаты:халық педагогикасын оқу – тәрбие барысында қолдану, оқушылардың білімдерін тереңдете түсу, тапқырлықты, ой – өрісін, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, отбасы арасындағы сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеуОқушылар қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты көптеген тәрбиелік мәні бар мәліметтермен танысып, өздері білетін ақпараттармен бөлісті. Ертеден келе жатқан асық иіру ойыны оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойын барысында ерекше белсенділік танытты
23.01.2023 ж 7-11-сыныптар арасында “Менің арманымдағы Қазақстан” тақырыбында мектепішілік эссе байқауы өткізілді. Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін шыңдау; ізденімпаздық, тапқырлық, шешендік қасиеттерді дамыту.
23.01.-27.01.2023 ж аралығында пән мұғалімдері: А.Ж.Балмағамбетова, Ә.Б.Жақсылықова, Г.Е.Умбеталиевалардың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы болып өтті. Апталықтың мақсаты: сыныптан тыс шаралар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу; тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шешен сөйлеуге баулу. Апталық аясында аталмыш әдеби-танымдық шаралар ұйымдастырылды:
23.01.2023 ж. «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде!» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты. 2022-2023 оқу жылында есімі еске алынып, мерейтойы тойланатын қазақ ақын-жазушыларын еске түсіру, өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әдеби шығармаларын дәріптеу мақсатында А.Ж.Балмағамбетова және Ә.Б.Жақсылықованың ұйымдастыруымен 7А,8А,Ә,Б, 9А сынып оқушылары қазақ ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығына арналған таныстырылым жасады
Бүгін 24- қаңтар 2023 жылы Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің мектеп-интернат-колледжінің “Еркін елдің ертеңі -кемел білім мен ана тілінде” атты апталық аясында 7″ә” сыныбында “Қызықты қазақ тілі әлемі” атты сайыс өтті.
Сайыс жеңімпаздары сыйлықтарымен марапатталды.
Өткізген: педагог- модератор, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умбеталиева Г.Е
Бүгін 23-қаңтар 2023 жылы Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің мектеп-интернат-колледжінде “Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде!” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуы салтанатты түрде өткізілді.
12.01.2023
7 а сыныбына ” Туған өлкенің флорасы мен фаунасы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты:
– Өлкеге тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы біледі
– Өлкенің “Қызыл кітапқа” енген өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен танысады
Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты
Өткізген: педагог-модератор Дуйсенбина Г.К
2022 жылдың 19 шы қазан күні “Табиғат.Ғылым.Эксперимент”атты химия, биология, география апталығының География күніне арналған 9 – шы сыныптар арасында Не? Қайда? Қашан? атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру және білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
Өткізген педагог – модератор Дуйсенбина Г.К
“Әлемнің әдемі елдеріне саяхат” атты презентация жасау жобасы 10 – шы сыныптар арасында жүргізілді.Әлем елдеріне саяхат жасау бүгінде әрбір адамның арманы.Оқушылар Жапония, Канада, Ресей, БАӘ, Германия, Америка мемлекеттерінің географиялық орны, халқының саны, тілі, діні, туризм саласы, салт – дәстүрі туралы жоба қорғады, Оқушылар аса жауапкершілікпен қатысты.
Өткізген педагог – модератор Дуйсенбина Г.К
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, танымдық деңгейін көтеру мақсатында 9 кластар аралығында “Негізгі химиялық ұғымдарды білесің бе?” атты кластан тыс шара өткізілді. Іс шара барысында оқушылар сөз жұмбақ құрастырып, кроссворд шешті. “Сандар сөйлейді” кезеңінде, ойлау қабілетін дамыту мақсатында, қарапайым сандық есептер шығарды.
Өткізілген мерзімі: 17.10.2022 жыл
Пән мұғалімі педагог-зерттеуші Аббасова Р.Е.
2022-2023 оқу жылы. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында 10 «А» класында сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова «Туелсіздік –қастерлі ұғым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру;ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау; тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білімдерін толықтыру.Оқушылар Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы бейнебаянды тамашалап, есімі елге танылған дара тұлғалар есіміне қатысты тапсырмалар орындады.
2022-2023 оқу жылы. 19 қараша күні, сағ.10.00- де 10 «А» класында ата- аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1) І тоқсан бойынша арнайы спорттық дайындық жұмыстарының нәтижесі
2) І тоқсан бойынша оқу сапасы
3) Спортшы бала тәрбиесіндегі ата -ананың рөлі
4) Ұйымдастыру жұмыстары
Спорт бапкерлері тәрбиеленушілердің спорттағы нәтижелері мен дайындығы туралы ақпаратпен бөлісті. Класс жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова оқу тоқсанының қорытындысымен таныстырды, сонымен қатар ата-аналарды топтарға бөліп, жағдаяттық тапсырмалар ұсынылды. Тәрбиеші Ж.Ж.Мұстафина «Спортшы бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, әлеуметтік бейнебаян көрсету арқылы көпшілікке ой тастады. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар мен тілектер ескерілді
25 қазан – Республика күнін мерекелеуге байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова 8 «А» және 8 «Ә» сынып оқушыларына «Тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында диктант жаздыртты. Мақсаты: 25 қазан -Республика күні мерекесінің маңызы туралы, тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері туралы білімідерін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
2022-2023 оқу жылы. 17 қазан күні «Қазақ тілі» пәнінен 7 «А» сыныбында «Саламатты өмір салты. Мақал-мәтелдердің құрылымдық түрлері» тақырыбында пән мұғалімі А.Ж. Балмағамбетованың ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салтын, тазалықты, ұқыптылықты дәріптеу; мақал-мәтелдердің құрылымдық түрлерін ажырату, тақырыптық топтарына қатысты тапсырмалар орындау
2022-2023 оқу жылы. Қазан айында Ұстаздар күні мерекесіна арналған мектепішілік Ұстаздарды ұлықтау шаралары өткізілді. А.Ж.Балмағамбетованың жетекшілігіндегі 10 А сынып оқушылары пән мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, еңбек етіп жүрген Ұстаздарға өз алғыстарын жеткізді.
2022-2023 оқу жылы. 28 қыркүйек күні қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай “Әлемге әйгілі Әуезов” тақырыбында салтанатты лездеме өтті. Мақсаты: М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушы есімі мен еңбектерін ұлықтау; дара тұлғалар есімін қастерлеуге шақыру. Салтанатты лездеме барысында оқушылар қаламгер туралы бейнебаянды тамашалады, ұлы жазушыға арналған қазақ ақындарының шығармаларын жатқа оқыды, сонымен қатар 7 А сынып оқушылары (А.Ж.Балмағамбетова) Әуезов туралы “Қызық дерек” айдарын көрермендерге тарту етті. М.Әуезовке арналған кітап көрмесі ұсынылып, оқушылар түрлі мәліметтермен таныса алды.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл білімінің атасы» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен салтанатты лездеме ұйымдастырылды. Кештің бірінші бөлімінде оқушыларға бейнебаян арқылы ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары таныстырылды. Оқушылардың ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуы мен қазақ әндерін нақышына келтіре орындауы көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар Алаш көсеміне арнап кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларға таныстырылымын жасадым. Лездеме барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Нұрмағанбетова сөз сөйлеп, ұлы тұлғаға арналған әдеби лездеме үшін ерекше алғысын білдірді.
8 класқа, “Қанның құрамы мен қызметі” тақырыбында, биология пәнінен ашық сабақ
Мақсаты: қан құрамы мен қызметін сипаттау
2022-2023 оқу жылы бойынша “ТАБИҒАТ. ҒЫЛЫМ. ЭКСПЕРТМЕНТ. ” атты апталықтың БИОЛОГИЯ КҮНІНЕ арналған ” Күз кереметін табиғат аясында сезін” айдары бойынша өткізілген сабақ. Өткізген: педагог-сарапшы Б.Т Турумбетова
25 қазан Республика күніне орай 8″А”класс оқушыларымен “Атажұрт” интеллектуалдық сайыс өтті. Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі-туған Отанды сүюден басталатының түсіндіру. Өткізген: педагог-зерттеуші: Атыбаева Г. Н.
26 желтоқсан күні 10а класс оқушыларымен, Қазақстан тарих пәнінен Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолдана отырып, wordwoll және padlet платформаларында бірнеше қызықты тапсырмалар орындалып, сабақ өз мақсатына жетті. Өткізген педагог-зерттеуші: Атыбаева Г. Н.
Тарих және құқық пәндері апталығының 4-ші күнінде “Қонаев-ұлы тұлға” тақырыбында тарихи-танымдық сабақ өтті. Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, қайраткерлік өмірінен мағұлмат беріп, өмірде ұлы тұлға болған атамызбен жақын таныстыру.
Өткізген тарих пәні мұғалімі: Атыбаева Г. Н.
МҰХТАР ӘУЕЗОВ 125 ЖЫЛ
Ағымдағы жылдың 28-қыркүйегінде қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор,Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына орай Есет батыр атындағы ОРОММИК-інде салтанатты лездеме өтті. Лездеме барысында Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, Өзге ақын-жазушылар айтқан сан алуан ой-пікірлер, жазушы туралы ел білмейтін тың деректер айтылды. Тілге тиек ететін жайт, қоғам қайраткерінің туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті. Шараға қатысушылар поэзиямен сусындап, әуезді ән тыңдап, мол рухани азық алды. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері.
Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыдан тура 150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген алаш арысының бүгінгі
мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда.Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының 20
ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, білім алуға және бұқараны ағартуына шақырған. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Халық үшін, халықтың мәдени әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына150 жыл толуына орай Есет батыр атындағы ОРОММИК-те қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебімізде «ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында, Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Шара аясында ұлы тұлғаның еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 28 қараша- 2 желтоқсан аралығында мектебімізде “ Много языков на свете разных” тақырыбында ағылшын, орыс тілдері апталығы өтті.Апталықтың мақсаты: Оқушылардың орыс және ағылшын тілдерінің байлығы, мәнерлілігі, бейнелілігі туралы білімдерін тереңдету; тілге деген қызығушылығын арттыру.Апталық барысында көптеген сайыстар, ертегілер,дебат өтті. Белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
28 қараша күні Есет батыр атындағы ОРОММИК – де “Много языков на свете разных “ тақырыбында ағылшын , орыс тілдері апталығының ашылу салтанаты өтті .Апталықтың мақсаты : Оқушылардың орыс және ағылшын тілдерінің байлығы ,мәнерлілігі ,бейнелілігі туралы білімдерін тереңдету ; тілге деген қызығушылығын арттыру Ашылу барысында екі ұлттың салт – дәстүрлері көрсетіліп , өлеңдері оқылды.
28 қараша күні “Много языков на свете разных” тақырыбындағы ағылшын тілдері мен орыс тілдері бойынша өткен апталықтың жоспары бойынша “Компьютерные игры: добро или зло” атты 10 кластар арасында дебат өткізілді. Мақсаты: Орыс тілінде ой-пікірін жүйелі, нақты жеткізу. Қарсыластарының пікірлерін мұқият тыңдап, қате көзқарастарды әділ сынап жеңу. Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны туралы ортаға ой салынып, оқушылар өз пікірлерін айтты. Оқушылар пікірталаста бір-бірінің пікірлерін тыңдап, ақылдылықпен оңтайлы шешімдер шығарып отырды. Дебат арасында сергіту сәті де жүзеге асырылды. Бұл орайда бірнеше тіл білу де жетістікке жетелейді. Тілді үйрену – ешқашан кеш емес. Кез-келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікіріңді жеткізу – жеке тұлға ретіндегі беделіңді асырмаса, төмендетпейді. Ұйымдастырушылар : Катпина Б. К. ,Трумова М. Е.
29 қараша күні ағылшын , орыс тілдері апталығының жоспары бойынша”Турнир эрудитов ” тақырыбына 7 кластар арасында орыс тілі пәнінен сыныптан тыс шара өткізілді .Бұл шараның мақсаты : оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру , тіл үйрену
қажеттілігін тәрбиелеу Сайыста оқушылар орыс тілі пәнінен өз білімдерін көрсетті Ұйымдастырушылар : Катпина Б.К, Трумова М.Е.
Урок русского языка и литературы в 8 классе на тему: “Мир, созданный трудом”.2022-2023 учебный год. Учитель Трумова М.Е
30 қараша күні ағылшын, орыс тілдері апталығының жоспары бойынша “ Менің тілім-менің досым” тақырыбына 9 кластар арасында ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты:
Сайыстың көмегімен үш тілде ( қазақ, орыс, ағылшын) оқушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге көмектесу, сөйлеу белсенділігін табиғи нормаларға жақындату, командада жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру. Сайысқа оқушылар белсенді қатысты, қызығушылық танытты.
Ұйымдастырушылар: Сунгатова Б. Т., Саттаркулова Э. Ж.
2022 жылдың 28 ақпаны күні “Оқытушыларға арналған LearningApps.org сервисінде жұмыс жасау” тақырыбында әдістемелік сабақ өтті.Мақсаты: қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс қарқынында педагогтердің заман талабына сай жаңа технологияларды үйреніп, пайдалануы.Әдістемелік сабақ барысында мұғалімдер LearningApps.org сервисінің мүмкіндіктерімен танысып, іс-тәжірибеде бірнеше тапсырманы құрастырып үйренді. Өткізген: педагог-сарапшы, құқық негіздері пәнінің мұғалімі – А.А.Уразбаева31.01.2022 жылы 9б сыныбында құқық негіздері пәнінен “Кәмелетке толмағандардың еңбегі заңнамамен қалай қорғалады?” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Оқу мақсаты – 9.4.3.1 кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқық нормаларын талдау.Өткізген – құқық негіздері пәнінің мұғалімі Уразбаева А.А.
2021 жылдың желтоқсан айында 10 класс оқушыларымен “Менің құқығым қорғалады ма?” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. ҚР Конституциясын және құқықтық-нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету; адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылықты арттыру; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.Дөңгелек үстел барысында оқушыларға тренинг өткізіліп, әртүрлі ситуациялық сұрақтар қойылды. Соның ішінде кибербуллинг тақырыбы ерекше қозғалды.
Бүгін, яғни 6-желтоқсан күні тарих және құқық пәндер апталығы аясында оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының дін орталығының @aktobedin теолог маманы Орынбай Мәди Орынбайұлымен “Діни экстремизм – қоғамға төнген қауіп” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы, экстремизмнің салдары туралы ақпарат берілд
Ұйымдастырған: құқық негіздері пәнінің мұғалімі Уразбаева А.А.
2021 – 2022 оқу жылы
22.04.2022 сыныптан тыс жұмыс “Қазақстандағы отын энергетикасы”атты Баспасөз конференциясы
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның отын – энергетика тақырыбында ақпарат беру.Оқущыларды өздігінен білім алуға, ізденімпаздыққа, өз ойларына қорытынды жасай білуге үйрету.
Әр оқушы тақырыпқа сәйкес дайындап келген материалдарын баяндама, слайд арқылы қорғады
Өткізген педагог – модератор: Дуйсенбина Г.К
14.04.2022
7 а сыныбына “Көлік инфрақұрылымы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Сабақтың мақсаты:
– Көлік инфрақұрылымы туралы біледі
– Көлік инфрақұрылымының элементтерін анықтап, олардың ерекшелігін сипаттайды
– Көлік инфрақұрылымының таралу ерекшелігіне баға береді
Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты
Өткізген: педагог-модератор Дуйсенбина Г.К
26.04.2022 жылы “Тағам құрамындағы химиялық қосылыстар” атты қызықты химиялық тәжірибелер көрсету кластан тыс шара өткізді.
Мақсаты: Қызықты химиялық тәжірибелер көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымдық қасиетін дамыту.
Пән мұғалімі педагог-зерттеуші Аббасова Р.Е.
15.03.2022 жылы химия пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Аббасова Р.Е. ” Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы” тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинар мақсаты: теориялық бөлімде – шетелдік педагогтардың іс тәжірибесімен танысу, практикалық бөлімде – көрсетілген сабақ үлгісін талдау.
2022 жылы 26 наурыз күні оқытушылар арасында “Деңгейлік саралау технологиясы, оқушыларға қиындық деңгейі әртүрлі тапсырма дайындау жолдары” тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: қиындық деңгейіне қарай сараланған тапсырма түрлерін пайдала отырып, критериалды бағалау нормаларына сәйкес оқушыларды әділ бағалау. Өткізген пән мұғаімі, педагог-зерттеуші Б.П.Молдашева
“MENTIMETER – бұл сұрақтар жүйесіне негізделген платформа” тақырыбында іс-тәжірибе тарату мақсатында ұйымдастырылған әдістемелік сабақ. Ұйымдастырған: педагог – сарапшы Турумбетова Б.Т.
7 класқа, “Патогендермен күресу шаралары” тақырыбында, биология пәнінен ашық сабақ
Мақсаты: Оқушыларға
– антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру құралдарының қолданылуын сипаттау
“Үздік әдістер понарамасы” атты тәжірибе алмасуға бағытталған семинар
Мақсаты: ҚР жетекші мұғалімдердін педагогиканың қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелерін талқылауға тарту және педагогтердің инновациялық тәжірибесін трансляциялау және тарату.
«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты талқылауға арналған әдістемелік отырыста қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова өз жобасын ұсынды.
9 “А” сыныбында 1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
тақырыбындағы тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: оқушыларға білім мен еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсіндіру, отансүйгіштік, екбексүйгіштік қасиеттерді дәріптеу, дара тұлғалар есімін ұлықтау. Өткізген: сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова, тәрбиеші Ж.Ж.Мұстафина
2021-2022 оқу жылы. Қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Ж.Балмағамбетова, Ә.Б.Жақсылықова, Г.Е.Умбеталиевалар А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған “Ұлт ұстазы ” атты әдеби кеш ұйымдастырды. Әдеби кеште А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаяндар көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды
2021-2022 оқу жылы. 9 “А” сыныбында сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова «Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие» бағыты бойынша 18 қазан рухани келісім күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен бірліктің кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: Қазақстан халықтары арасындағы достықты ұлықтау, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Дөңгелек үстелде Қазақстан халқы Ассамблеясының жасап отырған жұмысы мен қоғамдық мәні туралы айтылды. Оқушылар өздері түсінбеген мәселелерге қатысты тұщымды жауап алды.
2021-2022 оқу жылы « Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты тарих апталығына А.Ж.Балмағамбетованың жетекшілігіндегі 9 А класс оқушылары белсене ат салысты. Тәуелсіз еліміздің рәміздерінің бірі көк байрағымызды құрметтеу, қастерлеу мақсатында «I IoveKZ» атты селфи-байқауына қатысып, туған еліне деген құрмет сезімін паш етті
2021-2022 оқу жылы. 9 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова 9 А сыныбында “Қазақ әдебиеті” пәнінен “Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Ш.Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолына шолу жасау, әдебиетке қатысты еңбектерімен танысу
2021-2022 оқу жылы. 9 А сыныбы бойынша І жартыжылдықты қорытындылауға арналған ата-аналар жиналысы онлайнформатта өтті. І және ІІ оқу тоқсанындағы сыныптың оқу үлгерімі туралы мәлімдеме жасалып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағышталған іс-шаралар туралы сөз қозғалды. Өткізгендер: сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова, тәрбиеші Ж.Ж Мұстафина
2021-2022 оқу жылы. 2022 жылдың 14-ақпанында “Геолог” МҮ-де Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай “Өшпес ерлікке – мәңгі тағзым” атты Ауғанстан ардагерлерімен өткен кездесуге 9 А сынып оқушылары да қатысты. (Сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова)Кеш қонағы Ауған соғысының ардагері, Құрмет орденінің иегері, “Ер-Бақыт” спорттық клубының төрағасы, еліміз үшін аянбай еңбек жасап, көптеген жастарға үлгі болған азамат Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы Ауған соғысы туралы өткенді еске алып, мағлұматтар беріп, жастарға патриоттық сезімін оятатын, рух беретін жігерлі сөздерін арнады. 9 А сынып оқушылары Кадиржанов Азамат, Майлыбаев Бекнұр батыр ағаларына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ізгі тілектерін арнады.
2021-2022 оқу жылы. Ақпан айында тіл мамандарының ұйымдастыруымен (А.Ж.Балмағамбетова, Ә.Б.Жақсылықова, Г.Е.Умбеталиева) М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеште оқушылар М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыратын бейнебаян тамашалап, сөздеріне жазылған әндерді тыңдады. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
2021-2022 оқу жылы. «Рухани-адамгершілік тәрбие» бағыты бойынша наурыз айында 9 А сыныбында жетекшісі А.Ж.Балмағамбетованың ұйымдастыруымен «Әдепті адам-әдемі адам” атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға әдептілік қағидаларының адам өміріндегі маңызы туралы айтылды. Оқушылар әдептілік, мәдениеттілік тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. Жағдаяттық тапсырмаларды орындады.
2021-2022 оқу жылы. Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында кластар арасында ауылдар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама, ұлттық тәлім-тәрбиелік көріністер, қазақтың қонақжайлылық дәстүрін көрсетті. Класқа жүктелген бата беру көрінісін оқушылар белсенділікпен сәтті алып шықты. Наурыз туралы өлеңдер оқып, наурыз батасын айтты. Ауыл қонақтары ата –аналар ұйымдастырған наурыз дастарханынан дәм татты. Сонымен қатар, 9 А класс оқушылары (Сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова) мектепішілік Наурыз тойында ұйымдастырылған қызықты ойындарға атсалысты
2021-2022 оқу жылы. Сәуір айында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова “Оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері, оқытудың дәстүрлі әдістерін зерттеудің жаңа тәсілдері” тақырыбында мектепішілік әдістемелік отырысында коучинг өткізді. Мақсаты: Оқыту сапасын жақсатрту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру
2021-2022 оқу жылы. 04.04.-09.04.2022 ж аралығында “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәндерінің «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбындағы апталығы болып өтті. Апталық аясында сыныптан тыс жұмыстар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. апталық қорытындысында белсене қатысқан оқушылар Мақтау Қағазымен марапатталды. Апталық аясында пән мұғалімі А.Ж. Балмағамбетова 9-сынып оқушыларының өатысуымен “Әдебиет әлемінде” атты зияткерлік сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын дәріптеу, әдебиетке деген құрмет сезімдерін ұлғайту. Сонымен қатар әріптесі Ә.Б.Жақсылықовамен бірлесе отырып 7-сынып оқушыларына арналған “Ертегілер елінде” шығармашылық байқауын, 7-11-сынып оқушылары арасында “Дара тұлға” жобалар байқауын ұйымдастырды.
2021-2022 оқу жылы. Мектеп психологымен бірлесе жұмыс жасау барысында тәрбиеленуші бойындағы күйзелістен арылту мақсатында 9 А сыныбының оқушыларымен құм терапиясы ұйымдастырлды. Тәрбиеленушілер аса қызығушылықпен құм арқылы өздеріне ұнаған бейнені жасап шығарды. Сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова
2021-2022 оқу жылы. 9 А сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова «Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие» бағыты бойынша мамыр айында «1 мамыр- ҚР халықтарының бірлігі күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылар бойында отансүйгіштік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыру. Сонымен қатар класс оқушылары: Н. Ташмағанбетов, Ә.Абатов, Б.Жайлыбаевтар мектеп бойынша ұйымдастырылған көлемді шарада өзбек халқын таныстырып, өзбектің ұлттық биін нақышына келтіріп билеп берді
2021-2022 оқу жылы. 25 мамыр күні 9 А сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова оқу жылын қорытындылауға арналған ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі таныстырылды. Жиналыстың күн тәртібіне «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар», «Вирустық инфекциялардың алдын алу және сақтану жолдары» т.б. өзекті мәселелер енгізіліп отырды. «Оқушы құқығы», «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі», «Мамандық таңдауға кеңестер» тақырыптарында әңгіме қозғалды.Сонымен қатар белсенді оқушыларды марапаттау рәсімі де өткізілді
Бүгін, 2022 жылдың 21 ақпан күні, “ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН SMART МАҚСАТ ҚОЯ БІЛУ” тақырыбында коучинг-сабақ өткізілді.Коучингтың мақсаты: сабаққа “SMART” мақсат қоюдың қаншалықты тиімді екенін түсіндіре отырып, тиімді жолдарын көрсету.Күтілетін нәтижені болжамдау,сабақ мақсаты мен болжамдалған нәтижені байланыстыру. Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдану.Коучинг, “Асыл-арман- ақыл ой” тақырыбындағы тренингпен өрбіп, әртүрлі мақсат қойылған деңгейлік тапсырмалармен жалғасып, “Менің жұлдызды шағым” атты, кері байланыспен талқыланып, сабақ өз мақсатына жетті
Өткізген: педагог-зерттеуші: Атыбаева Г. Н.
1 желтоқсан – ҚР-ның Тұңғыш Президент күні. Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, ел болып қалыптасу жолында Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың аянбай еңбек еткенін білетін болады. 7 – класс жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Г. Н. Атыбаева 7-класс білім алушыларына Елбасының өмірбаяны және еңбек жолы туралы кітаптармен таныстырып, мағлұмат берді.
2022 жылы 26 наурыз күні оқытушылар арасында “Деңгейлік саралау технологиясы, оқушыларға қиындық деңгейі әртүрлі тапсырма дайындау жолдары” тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: қиындық деңгейіне қарай сараланған тапсырма түрлерін пайдала отырып, критериалды бағалау нормаларына сәйкес оқушыларды әділ бағалау. Өткізген пән мұғаімі, педагог-зерттеуші Б.П.Молдашева
2022 жылы 15 ақпан күні 8 сыныптар арасында математика пәнінен «Математикалық ринг» деп аталатын математикалық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: математикалық жарыс арқылы сынып арасындағы байланысты нығайту, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа үйрету, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық дамуын қалыптастыру. Ұйымдастырушылары: математика пәнінің мұғалімдері Молдашева Бибігүл Пауетдиновна және Дорбетхан Амангүл
МИФ АПТАЛЫҒЫ
Мектебімізде 14-18 ақпан аралығында «Білімді жетер мұратқа» атты МИФ (математика, информатика, физика) апталығы өткізілді. Оқушылар апталыққа қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Математика, информатика және физика пәндер бойынша сыныптан тыс іс-шаралар болды. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
13.04.2022ж. 8 “Ә” сыныбында алгебра пәнінен “Рационал теңсіздік” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған. Сабақ барысында оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, тапсырмаларды жеке, топпен бірлесіп жұмыстанды.
Сынып оқушылары сабаққа белсенділікпен қатысты.
Пән мұғалімі педагог-зерттеуші: Б.П.Молдашева
М.Макатаевтың 90 жыл толуына орай өткен шара.
9 ақпан күні мектебімізде мәңгілік жырдың марғасқасы,қазақ поэзиясына ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында шара өткізілді. Аталмыш шарада 7-9-сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық бейнематериалдарды тамашалады.Мақсаты: ақын шығармаларының өміршеңдігі мен ұлттық құндылығын танытып, жас спортшыларды қазақтың сөз өнерін бағалай білуге тәрбиелеу және әдебиет әлеміне қызығушылықтарын арттыру. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері.
Бүгін 2022 жылдың 26 наурыз күні “Эссе жазуға үйретудің тиімді жолдары” тақырыбында әдістемелік сабақ өтті. Мақсаты: ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы 561 бұйрығы бойынша педагогтерді білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 2016 жылғы 27 қаңтарда шыққан 83 бұйрыққа енгізілген өзгерістердің бірі-педагогтерді аттестаттау кезінде эссе жазуы туралы жаңашылдықты түсіндіру. Эссе жазу талаптарымен таныстыру. Өткізген: педагог- модератор, “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәні
мұғалімі- Г.Е.Умбеталиева
Мектебімізде 04-09 сәуір аралығында “Тілге кұрмет-елге құрмет” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өткізілді. Апталық аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді. Атап айтсақ 5 сәуір күні 8 “Ә” сыныбында Тахауи Ахтанов өмірі, шығармашылығы. “Күй аңызы” әңгімесі тақырыбында ашық сабақ болды.
Өткізген: “педагог-модератор”, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі – Г.Е.Умбеталиева
Мектебімізде 04-09 сәуір аралығында “Тілге кұрмет-елге құрмет” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өткізілді. Апталық аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 8 сәуір күні 8 “Ә” сыныбында “Жыр алыбы-Жамбыл” тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Апталық жабылуында белсенді қатысқан тәрбиеленушілеріміз мақтау қағаздары және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Өткізген: “педагог-модератор”, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі – Г.Е.Умбеталиева
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ
Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету – Алаш идеяларын ұрпақ бойына сіңіру, оларды еске алу мақсатында 7-9 кластар арасында халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, іpi
ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, түрколог, ақын-аудармашы, сазгер, алаштың бес арысының бірі А.Байтұрсынұлына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты әдеби-танымдық кеші өтті. Оқушылар артына мол мұра қалдырып кеткен Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын, шығармашылығын кезек-кезегімен баяндап берді. Өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін тыңдады. Сонымен қатар, оқушылардың білімділіктерін шыңдау үшін сөзжұмбақ, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Ұлт жанашырына арнап оқушылар плакаттар, буклеттер әзірлеп, таныстырып өтті. Кеш соңында белсенділікпен көзге түскен оқушылар марапатталды. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері. Ұлтымыздың мәңгілігін ойлаған ұлы бабаларымыздың жүріп өткен жолын, ерлікке татитын еңбектерін бағалау – әрбір ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Алаш қозғалысының идеялары – ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылығы – тәуелсіздігіміздің таңымен сабақтасып жатқандығы. Демек, тарихи құндылығымызды дәріптеу арқылы жастарымыздың ұлттық өрісі де биіктей бермек!
2022 жылдың 5 сәуірі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша «Тілге құрмет – елге құрмет» атты апталық аясында ұйымдастырылған 8а, 8б класс оқушылары арасында «Тілге шебер спортшы» атты білімділік сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың ой ұшқырлықтарын байқау және өз білімін көрсете білуге үйрету, сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Сайыстың жоспары:
1. «Мыңның жүзін білгенше – бірдің атын біл!» /таныстыру/
2. «Білімді болсаң, байқап көр» /тіл білімділігін таныту/
3. «Ойлы болсаң, ойлап көр» /мақал-мәтелдер жарысы/
4. Өз өнерін көрсету сайысы
5. «Тапқыр болсаң, тауып көр» /сұрақ-жауап/
6.«А.Байтұрсынов нақыл сөздерінің мағынасын ашу».
Оқушылар өздерін таныстырып, алға қойған мақсаты, жетістіктері, жеке ұраны жайлы айтты. Сайыстың кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындап, тіл білімділіктерімен сынасып, ой ұшқырлықтарын байқатты. Сайыс арасында оқушылар арасынан Нұрхожаев Б, Дүйсенбай Қ әндер орындап, қолдау көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаз анықталып, сайыс соңында марапатталды.
Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші – Жақсылықова Ә.Б
Ұлы жазушы М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай өткізілген «Әлемге әйгілі Әуезов» атты әдеби кеш. Мақсаты:
Кешегіні болашақпен байланыстырып, қаламгер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту және М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығын, ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау. «Абай жолы» роман – эпопеясымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.Оқушылар жазушыға арналған ақындардың өлеңдерінен және өз шығармашылықтары мен арнау өлеңдерін оқыды. Көрермендерге М.Әуезовтің шығармашылығын насихаттайтын бейнебаян көрсетілді. Кеш барысында
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясынан сахналық қойылым аса шеберлікпен сомдалып, оқушылар халықтың ризашылығына бөленді. Оқушылар күмбірлетіп күй тартып, әсем әуезді әндер шырқап кештің сәнін келтірді. Кеш соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Нұрмағамбетова оқушыларға алғысын білдіріп,биік белестерді бағындыруда білім мен аянбай еңбек ету керектігін айтып,шығармашылық табыс тіледі. Кешке қатысқан көрермендер мен оқушылар Ұлы жазушының рухани бай мұрасынан өмірлік сабақ алып, кештен әсерленіп қайтты.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері А.Ж.Балмағамбетова мен Жақсылықова Ә.Б.
2022 жылдың 25 ақпаны күні «Парасаттылық және әдепті мұғалім» тақырыбында коучинг өткізілді. Мақсаты: педагогтық әдеп туралы түсінік беру, мұғалім мен оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау, мектеп оқушылары алдында өз абыройын сақтай білу дағдысын дамытуға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету. Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл-күйлерін көтеру.«Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Мектеп-интернат-колледж мұғалімдері рухани тұрғыдан ойларын ортаға салып, әдептілік пен парасаттылық, мәдениеттілік жайлы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жағдаяттық тапсырмалар орындап, ұстаздарға арналған заманауи киім үлгілері жобаларын ұсынды. Заң аясындағы әдептілік ережелерін ұстанып, ұстазға тән арнайы кеңестер де атап өтілді. Көңіл-күйді көтеру мақсатындағы сергіту сәті де көңілді өтті.Өткізуші: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші – Жақсылықова Ә.Б
Открытие недели русского языка и литературы. Тема недели: “Велик и могуч русский язык!”.
2021-2022 учебный год
2022 жылдың 15 наурызы күні мұғалімдер арасында “Kahoot әдісінің мүмкіндіктері” тақырыбында әдістемелік сабақ өтті.Мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастыру мен функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін “Kahoot” бағдарламасын тиімді қолдану.Әдістемелік сабақ барысында мұғалімдер “Kahoot” бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, іс-тәжірибеде әр түрлі тапсырмалар құрып үйренді.
Өткізген: педагог-сарапшы, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі М.Е. Трумова.
Внеклассное мероприятие по русскому языку и литературе в 7 классе на тему : “Лингвистические Олимпийские игры”.
2021-2022 учебный год.
Учитель Трумова М.Е.
Урок русского языка и литературы в 11 классе на тему : Ч.Айтматов ” Легенда о манкурте”.Учитель Катпина Б К
Сынып: 9 а,б
Тақырыбы: “Спорт біздің өмірімізде”
Мақсаты:
Оқытылатын тіл елінің мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Патриоттық сана негіздерін қалыптастыру.Ашық сабақ -7
Ашық сабақ -7 а
Тақырып – Киімдер және СәнОқу мақсаты- киімге қатысты нақты лексиканы меңгеру
Сабақ мақсаты-сын есімдерді пайдаланып киімдерді сипаттау, жалпы лексиканы тізіп, дұрыс жазу
ғания Ғания
2020 – 2021 оқу жылы
2020-2021 оқу жылы бойынша Биология, География, Химия пәндерінің “Жаратылыстану – жаһандану” тақырыбында өткен апталықтың ашылуы
22 сәуір күні 10а класс оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен”Тарихи және мәдени ескерткіштер “тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, деңгейлік тапсырмалар орындалды.” Менің жұлдызды шағым” атты кері байланыс смартфон арқылы оқушылардан алынып, сабақ өз мақсатына жетті. Өткізген: педагог-зерттеуші: Атыбаева Г. Н.
Тарих және құқық пәндері апталығы күндерінде “Азаттықты аңсаған алаш күрескері-Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына байланысты тарихи-танымдық сабақ өтті. Мақсаты: ұлы тұлғаның ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттің жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде көрсету.
Өткізген: педагог-зерттеуші: Атыбаева Г. Н.
2021 жылы мамырда 8 “А” класы бойынша 2020-2021 оқу жылын қорытындылауға арналған ата-аналар жиналысы онлайн түрде өтті. Жиналыста сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова оқу жылы бойынша білім сапасы таныстырып, оқушылардың оқу үлгерімі туралы саралау жүргізді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 2020-2021 оқу жылында жасалған тәрбиелік
іс-шаралардың есебімен тәрбиеші Мұстафина Ж.Ж. таныстырып өтті. Оқушылардың жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы мәселені ортаға салды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы қашықтықтан өткізілген әдістемелік отырыста 2020-2021 оқу жылына жоспарлаған іс-шараларының жүзеге асуы туралы есебімен таныстырды. Мақсаты: әріптестер арасында педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу, атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру
2021 жылы 25 мамырда 8 “А” сыныбында оқу жылын қорытындылауға арналған “Сыңғырла, соңғы қоңырау!” атты сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: қашықтықтан болған оқу жылын қорытындылау, Жазғы каникул кезіндегі оқушыларға арналған қауіпсіздік шараларының жадынамасымен таныстыру, 2021-2022 оқу жылына арналған жоспармен таныстыру. Дайындаған: сынып жетекшісі Балмағамбетова А.Ж
2021 жылы 30 сәуірде 8 “А” сыныбында қашықтықтан “1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні” тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дәріптеу, ынтымақ, бірлікке шақыру, Қазақстанда еңбегімен танылған өзге ұлт өкілдерінің есімімен таныстыру, еңбексүйгіштікке баулу.Дайындағандар: сынып жетекшісі Балмағамбетова А.Ж және тәрбиеші: Мұстафина Ж.Ж.
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қашықтықтан ұйымдастырған 9 Мамыр күніне арналған “Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік!” атты мәнерлеп оқу шарасына 8 “А” сынып оқушысы Таңат Ернұр қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: А.Ж. Балмағамбетова
2021 жылы 12 сәуірде 8 “А” сыныбында Халықаралық авиация және Ғарышкерлер күніне арналған қашықтықтан тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: адамзаттың ғылым үшін әкелген жаңалықтарын паш ету, қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен қызмет жолын дәріптеу, еңбексүйгіштік пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Өткізген сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова
2021 жылы 1 сәуірде “Қашықтықтан оқу кезінде оқушының білім алуын ұйымдастыру жолдары” тақырыбында 8 “А” сыныбының ата-аналар жиналысы қашықтықтан болып өтті. Мақсаты: Қашықтықтан оқу кезінде оқушының білім алуын ұйымдастыру; қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беру. Өткізген: сынып жетекшісі А.Ж.Балмағамбетова
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Ж. Жабаевтың туғанына 175 ж мерейтойына ұйымдастырған “Өлең сөздің дүлділі” атты оқу керуеніне қатысқан 8-сынып оқушысы Таңат Ернұр ақын шығармаларын насихаттауға үлес қосқаны үшін марапатталды. Жетекшісі: А.Ж. Балмағамбетова
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова “Өрлеу Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы” Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған “Қазақ әдебиеті пәнін жаңашыл бағытта оқытудағы кейбір мәселелер” тақырыбындағы қашықтықтан өткен дөңгелек үстелге қатысты
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Балмағамбетова “Өрлеу Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы” Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында өткен “Ұлы даланың мұрасы-білім мен тәрбиенің бастауы” тақырыбында облыстық вебинарға қатысты
2021 жылы 25 ақпанда 11-сынып оқушыларының қатысуымен Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай “Жыр алыбы – Жамбыл” атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Ж.Жабаевтың өмірі мен ақындық, айтыскерлік өнерін дәріптеу, ақын мұрасына деген қызығушылықтарын арттыру
2021 жылы 9 ақпанда 11-сынып оқушыларының қатысуымен М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Есіңе мені алғайсың!” атты әдеби кеш болып өтті. Мақсаты: М.Мақатаевтың есімі мен шығармашылық мұрасын дәріптеу
2021 жылы 11 ақпанда 11 “Ә” сыныбында “Қазақ тілі” пәнінен “Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері. Сөз дәлдігі” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұмат беру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, сөз дәлдігі ұғымына қатысты тапсырмалар орындау
2020-2021 оқу жылының 23-28 қараша аралығында өткен “Қазақ, орыс, ағылшын тілдері” апталығы аясында 8-сыныптар арасында “Ұшқыр ой, шешен тіл” атты зияткерлік сайыс қашықтықтан ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың сөздің қорын байыту, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
2020 жылы 20 қарашада 11 “Ә” сыныбында “Қазақ әдебиеті” пәнінен “Қ. Аманжоловтың “Өзім туралы” өлеңі тақырыбында қашықтықтан сабақ өтті. Мақсаты: Қ. Аманжоловтың “Өзім туралы” өлеңін оқу, мазмұнын түсіну, көркемдік ерекшелігі мен құрылымына қарай талдау жасау. Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балмағамбетова А.Ж.
2020-2021 оқу жылының 23-28 қараша аралығында өткен “Қазақ, орыс, ағылшын тілдері” апталығы аясында 8-сыныптар арасында “Үздік әдеби мүсін” атты шығармашылық байқау қашықтықтан ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өнер мен еңбекті дәріптеу
9а класс оқушыларымен Тың игеру жылдарындағы Қазақстанда тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар орындалып, INSERT әдісі арқылы бағалау жүргізіліп, сабақ өз мақсатына жетті. Өткізген: педагог-зерттеуші: Атыбаева Г. Н.