2022-2023 оқу жылы
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру, тәрбиеленушілерді білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу, денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында 7-8 кластар аралығында тәрбиеленушілері МИК дәрігері мен медбикесімен кездесу өткізіп, “Жұқпалы гепатит пен тұмау, суық тимеудің алдын алу” тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. Бүгінгі таңда , жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған. Осыған орай, 8-класс оқушыларымен «Жұқпалы тері аурулары және оның алдын алу жолдары» тақырыбында мектеп дәрігері
А. Қ. Байсейтовамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында, мектеп дәрігері аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, ауруды алдын алу туралы кеңесімен бөлісті.
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Топтық ұйымшылдылығын арттыру мақсатында 9″Ә” класында “Спорт сенің серігің” атты тәрбие сағаты өтті. Класс жетекшісі: Турумбетова Б.Т., Тәрбиешісі: Бешбаева А.Б.
Ең алғаш күрестің әліппесін үйреткен, баланы көзінен танитын бапкер Ахмет Жұмағұлов ағайы Елдостың тыным таппайтынына қызықты ма екен, оны сол жердегі балалармен күрестіріп, артынан дзюдо спортының киімін ұстатып, «ертең кел» деп жіберіпті. Ол кезде Елдос шамамен 5-6 жаста еді. Міне, содан бері тынымсыз еңбектеніп келеді.
Сол еңбектің арқасында Елдос Сметов Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиаданың күміс, Токио қаласында өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бірнеше дүркін Әлем чемпионы , Азия Чемпионы, Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, кеше ғана Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында қола медалды жеңіп алды.
“Алғашқы медаль” атты танымдық сабақта аты әлемге әйгілі спортшының өмірбаяны, спорттағы жетістіктері туралы сөз қозғалды.
“Кез келген маман кәсіби деңгейге немесе белгілі бір жетістікке жету үшін небір қиындықты басынан өткізеді. Жеңіс оңай келмейді. Мен осы уақытқа дейін оның оңай келетінін көрген жоқпын. Әрбір кәсіптің, әрбір істің өз қиындығы болады. Жаттығу жасап жүріп, денеңді ауыртып аласың, кейбір кездері жаттығудан жалығып кетесің. Бірақ оны жеңе білу керек. Егер оған адам шыдаса, қиындықты жеңе білсе, өз ісін жақсы көрсе, жеңіске жетеді”, – дейді спортшы.
Алда, Париж олимпиадасы… Олимпиаданың алтыны бұйырсын!
Бүгін,яғни 4- қазан күні ЖИТС орталығының маман- дәрігері М.К.Саламатова, мектеп дәрігері А.Байсейтова және ДТЖО С.Нұрмағамбетованың қатысуымен ” ЖИТС- қа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттаумеп қатар, ЖИТС инфекциясының адам ағзасына зияны, адамдарға жұғу жолдарымен оның белгілерін, зиянын және алдын алу шаралары туралы баяндалды.
10-класс тәрбиеленушілерімен “Спорт және денсаулық” тақырыбында хирург-травматолог дәрігер А.А.Оспановпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жас спортшылар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты, жаттығу барысында жарақат алған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болатындығы туралы сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар жалпы спортпен айналысатын жастардың денсаулығы, салмақ ұстау, салмақ тастау кездеріндегі дұрыс күтім туралы да біраз ақпаратпен алмасты.
Есет батыр атындағы ОРОММИК 9 класс оқушыларының арасында “Шылым шегудің зияны” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар өздері ізденіп, темекінің зияны туралы мәлімдемелер жинап оқып берді. Мәлімделерінде темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашып айтты. Шылым шегудің зиянды жақтарын басым айта отырып, одан жиіркенуге, темекі – у екенін айтып, бойларын зиянды заттардан аулақ ұстауға шақырды. Салауатты өмір салтын ұстанып, жат қылықтан аулақ болу керектігін басып айтты. Тәрбие сағаты қызықты ойынмен жалғасын тапты. Ойын барысында оқушылар өз қызуғушылықтарын танытып, ауызбіршіліктерін көрсетті. Тәрбиешілері: Исламбекова А., Бешбаева А.
АИТВ-ның таралу жолдарын ескертіп, мәлімдеме беру АИТВ жұқтыру қауіпсіздікгінен сақтануды түсіндіру мақсатында “АИТВ жұқпасының алдын алу” тақырыбында ЖИТС орталығының маманы Матаева Мерует Канатовна Есет батыр атындағы ОРОММИК 10-11 класс оқушыларына дәріс өткізді.
Спорт-ең алдымен денсаулық, бәсеке, ұжымдық бірлік. Ал, жеңіске деген ұмтылыс оқушыларымызды алға жетелеп, аянбай еңбек етуге, үнемі алға ұмтылуға, алға қойған мақсаттарына жетуге баулиды. Ең бастысы спорт-бейбіт бәсеке. Осыған орай 10»а» класс оқушыларымен «Спорт – бейбітшілік белгісі, мемлекетіміздің мәртебесі» тақырыбында МИК-дың Әлемдік додаларының жеңімпаздарымен және жаттықтырушылармен кездесу сабақ өтті. Сабақ барысында жаттықтырушылар мен чемпиондарымыз жас спортшыларға ақыл-кеңестерін айтып, сұрақтарға жауап берді.
1-ЖЕЛТОҚСАН ХАЛЫКАРАЛЫҚ СПИД-КЕ ҚАРСЫ күрес күні.
СПИД – тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан – жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана – сезімдерін дамыта түсу. Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру. Оқушыларды ЖИТС (жүре п. б. иммундық тапшылық синдромы) немесе ЖЖБАдан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік, дағды /ББД/ қалыптастыру мақсаттарында 7 “А” және 7 “Ә” класс білімалушылары арасында “СПИД – ғасыр дерті” атты тәрбие сағаты өтті.
Ұйымдастырған: педагог-тәрбиеші Бөлекбаева В.М., Трумова Б.Т.
2021-2022 оқу жылы
“Темекі және оның ағзаға тигізетін зиянды әсерлері”
Қараша айының 22-сінде 8 “б” класында білімалушыларды зиянды заттардан аулақ болуға, соның ішінде темекінің зияны туралы толық ақпарат беру мақсатында “Темекі және оның ағзаға тигізетін зиянды әсерлері” атты тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар толыққанды ақпараттармен таныстырылып, бейнероликтер көрсетілді.
Сабаққа ДТІЖО С.Нұрмағамбетова, класс жетекші – Г.Дүйсенбина және класқа бекітілген тәжірибеден өтуші студент Е.Құлбатыров қатысты. Және ұтымды ой-пікірлерімен бөлісті.