2022-2023 оқу жылы
21.12.2022 Есет батыр атындағы ОРОММИК “Жылы жүрек”еріктер жасағының жетекшілері мен мүшелері,ауыр атлетика бөлімінің тәрбиеленушілері кіші қызметкерлерге көмек қолдарын созып,қар тазалады.Еріктілер жасағы әрқашан кез -келген іске көмек беруге дайын екендіктерін іс -әрекеттерімен тағы да жеткізді десек болады.Сонымен қатар еріктілер шыршаның құрылып безендірілуіне де белсене кірісіп,өз үлестерін оңтайлы қосты.
ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЛБЕТІ
Ұлттық валюта-бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Осы орайда білімалушыларға теңге тарихы туралы мағлұмат беру және ақшаны жүйелі және пайдалы заттарға жұмсауды ұғындыру мақсатында 7 “А” класында “Теңге- тәуелсіздік келбеті” атты тәрбие сағаты өтті.
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да дұрыс таңдай білуі туралы түсінік беру. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек дей отырып мамандық таңдауда бағыт -бағдар беру мақсатында 11 класс оқушыларына “Мамандық-өмір таңдауы”тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Теңге – тәуелсіздігіміздің төл перзенті. Тоқсаныншы жылдардың басындағы кетеуі кеткен күрделі кезеңде саяси егемендікке қол жеткізген Қазақ елі дербес қаржылық-экономикалық саясатын қалыптастыруға тәуекел еткенді. Осылайша, Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы – теңге дүниеге келген болатын. Ел тарихындағы тағдырлы сәтте дүниеге келген ұлттық валютамыз отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанның дербес қаржылық, экономикалық жүйесін қалыптастыруға негіз қалады. Уақыт талабына сай, оның дизайны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетілдіріліп отырды.
15 қараша – Ұлттық валюта теңге күніне орай 8-класс оқушыларымен «Теңге – Тәуелсіздік келбеті» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру мақсатында 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай “Теңге-Тәуелсіздік келбеті”тақырыбында 9 класс оқушылары арасында интеллектуалды кеш өткізілді.Кеш барысында оқушыларға сұрақ -жауап тәсілін пайдалана отырып сұрақтар қойылып,валюта туралы білімдері тексерілінді. Оқушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдері ояна отырып өз ойларын еркін жеткізіп Қазақстанның азаматы деген патриоттық сезімдері одан әрі жанданады.Кештің соңы “Мақсатыңа жет”тренинг ойынымен өз мәресіне жетіп қортындыланды.
https://www.instagram.com/reel/Ck3L9NyoMjh2XelY71Lbl02hTE2ZYw3pnGUX3s0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің 10ә класс оқушылары облыстық “Жанашыр жүрек” қайырымдылық шарасына қатысып, мектеп-интернатымыздың ардагер ұстазы Сұлтанов Жақсылық ағайға қол ұшын берді. Жұмыс барысында ағаштардың шіріген бұталарын кесіп, кесілген ағаштарды тасыды. Ауладағы бау-бақша егілетін жерлерін қопсытып, тал жапырақтарын жинады. Оқушылар Жақсылық ағайдың батасын алды.
Класс жетекші Сатен Г.И.
Тәрбиеші Жиеналина М.С.
8 сынып оқушылары сабақтан және жаттығудан бос уақыт кезінде этаждағы демалыс орнында тазалық жұмыстарын жүргізді. Гүлдерге су құйылып, кей жиһаздардың орны ауыстырылды
Елімізде 2013 жылдан бастап,қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп белгіленді. Атаулы мерекеге орай, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде еңбек құндылықтарын жеткізу және еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Еңбек – жалпыға ортақ құндылық» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Қаланы көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында Есет батыр атындағы ОРОММИК-де сенбілік жұмыс өтуде.
Ұлттық валюта төл теңгеміздің туған күніне орай «Теңге туралы қызықты деректер» тақырыбында 8 «а» класында тәрбие сағаты өткізілді.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты. 2021-2022 ж.ж
Оқушылар зейнеткерлердің қар басқан ауласын тазартуға барды.
11 «а»класс оқушылары қардың қалын жаууына байланысты мектебіміздің қызметкерлеріне көмек көрсетті.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты. 2019-2020 ж.ж
Ата-анамен білім ордасы арасындағы байланысты нығайту барысында оқушылардың демалыс орындарын ұйымдастыру мен бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 10«ә» класс ата-аналары «Жасыл табиғат бұрышын» ұйымдастыруға белсене ат салысты.
Ақтөбе қаласындағы бастау алған жалпы қалалық сенбілікті қолдау мақсатында, Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің ішкі және сыртқы аумағында спорттық сенбілік ұйымдастрылды.
«Ақтөбе- туған өлкем»жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Ақтөбе – таза қала мекені »ұранымен сенбілікке шықты.
Бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында «Ғажайып күз» көрмесі ұйымдастырылды.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты. 2020-2021 ж.ж
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жарлығымен 2020 ж.«Волонтер » жылы деп жарияланды.Осған орай 11, 9 класс оқушылары технология пәні мұғалімімен ардагер ұстазымыз Жақсылық атамыздың үйіне барып көмек берді.
Апталықтың ашылуында табиғатты аялау және еңбекке баулу мақсатында МИК директоры Ғ.Ташенбаевтың бастамасымен құстарға арналған ұялар 7 класс оқушыларына табысталды.
«Еңбек бәрін де жеңбек»7-11 класс оқушылары көктемгі демалыс кезіндегі бос уақыттарында ата-аналарына үй шаруасымен көмек беруде.
11 «а» класс оқушыларымен қоршаған ортаны қорға білу, дүниетанымдық, қабілетін арттыру мақсатында «Табиғат және біз» тақырыбында қашықтан тәрбие сағаты өтті.
7-11 класс оқушылары « Қуаныш сыйлайық»акциясына қатысты.
Күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған «Күз кереметі»
«Ұлттық тенге-тәуелсіздігіміздің тірегі»тақырыбында 7 «ә»класс оқушыларымен қашықтықтан тәрбие сағатты өткізілді.
Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту мақсатында«Ақтөбе облысының орман шаруашылығы»
КММ бас маманы – Сұлтанғалиевпен кездесу өткізілді.
С.М.Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен оқытушылар мен білімалушылар арасындағы
«Экономикалық дамудағы мақсатты көрсеткіштер» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.
«Алғысым шексіз сіздерге».Бүгінгі алғыс айту күнінің мәні мен мағынасы осы бір ауыз сөзге сыйып тұрғандай. Алғыс айту – адамгершілік белгісі.Осыған орай 9-11 класс оқушылары еңбек апталығын тиімді пайдаланып , алғыс айту күніне құттықтау газеттерін, хаттарын салды.
Еңбек, экономика және экологиялық апталығының жоспарына сәйкес «Ана деп көркем жыр төккен, Армысың ару нұр көктем» атты қашықтықтан ұйымдастырылған жас суретшілер байқауына қатысушы 7-8 класс оқушылары.
«Біз еңбекті сүйетін- мәнгілік ел болашағымыз»тақырыбында 10 класс оқушыларына қашықтықтан онлайн тәрбие сағаты өткізілді.
«Отбасылық бюджет» тақырыбында 11 класс оқушыларына тәрбие сағат өткізілді.
Еңбек, экономика және экологиялық апталығының жоспарына сәйкес «Таза сенбі» тақырыбында 9-11 класс оқушылары тазалық жұмыстарын жүргізді.
7-11 класс оқушылар арасында «15 қараша Ұлттық валюта күні» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.