2022-2023 оқу жылы
Білім алушылардың демалыс кезіндегі уақытын тиімді пайдалана отырып ауызбіршілікке шақыру, өзара достық қарым-қатынастарын арттырып, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, бәсекеге қабілеттілікке баулу мақсатында 7-8 кластарда “Жұлдызды шақ” ойын сайысы өткізілді.
Ұйымдастырушы: Бөлекбаева В, Жумагалиева Г.
Болашақ жарқын болсын
Бірлікпен орта толсын
Жетелейтін бізді тек алға
Бәріміз бірге бір үйдің баласындай
Қол ұстасып таң қалмай
Жылжимыз сонда тек алға…
Демекші бір үйдің балаларындай болған МИК-дің 7-класс тәрбиеленушілері “Достармен түрлі-түсті кеш” өткізді. Өзара достық, татулық қарым-қатынасты нығайту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткен кеште балалар би билеп, ойындар ойнап, керемет көңіл күймен қатысты. Кешті ұйымдастыруға қолдау білдірген 7 “А”, 7 “Ә” класс ата-аналарына алғыс білдіреміз.
Ұйымдастырушылар: Бөлекбаева В., Трумова Б., Дүйсенбина Г., Аққалжанова А.
https://www.instagram.com/reel/Cn_8ZBtg-Zj/?utm_source=ig_web_copy_link
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.
Бізде осындай қасиеттерді оқушылардың бойынан нығайтып, өзара ауызбіршілікке, сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында түрлі түсті кешті ұйымдастырдық. Түрлі түсті кешке оқушылар қызығушылықпен қатысып, түрлі ойындар ойнатылды.
Ұйымдастырушылар: Бақытгүл Темірбекқызы, Асия Бекболқызы
https://www.instagram.com/reel/CnyihSBAdeG/?utm_source=ig_web_copy_link
Дос-ажарың, жолдас базарың, достық -баға жетпес құндылық дей келе Есет батыр атындағы 9А класс оқушылары “Достығымыз жарасқан” деген ұстаныммен түрлі -түсті кеш өткізді. Бұл кештің мақсаты тәрбиеленушілер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара ауыз біршілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Демалыс уақыттарын тиімді, қызықты пайдалану болды. Кешке оқушылар қызығушылықпен атсалысып, түрлі ойындар ойнатылды.
Ұйымдастырушы: Исламбекова А.Б, Жақсылықова А.Б.
https://www.instagram.com/reel/CnwH9uHj3iw/?utm_source=ig_web_copy_link
Бүкіл әлемдегі балалардың асыға күтетін, сүйікті мерекелерінің бірі Жаңа жыл.
Осыған орай Есет батыр атындағы ОРОММИКде 7-11 класс білімалушыларына арналған «Жаңа жылға саяхат» атты мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізу және балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас нығайту мақсатында күлкілі әзілдер, ойындар ойнатылып, өз бойларындағы өнерлерін ортаға салып, көңілді әндер айтылып, керемет билер биленді. Кеш соңында лоторея билеті ойнатылды.
https://www.instagram.com/reel/Cm06HMzjVdL/?utm_source=ig_web_copy_link
БОС УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
7-класс тәрбиеленушілерімен сенбі күнгі кешкі уақытты тиімді пайдаланып, балаларға жақсы демалыстық көңіл күй сыйлау мақсатында топтық ойындар ұйымдастырылды.
Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді пайдалану, құқықбқзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындардағы мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында 7″Ә” класс тәрбиеленушілері балалар ойын-сауық орталығына апарылды. Балалар бір сергіп, жақсы көңіл күймен оралды.
8 “Б” класс оқушылары жатақхана ішінде қазіргі жастар арасындағы тренд “QushaqtaCAM” жасады) Негізгі мақсатымыз жанымызда жүрген жандарға жылулық сыйлау❤️
Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, 8″а” класс оқушылары “Keruen City” ойын- сауық орталығына барып , өздеріне ұнаған фильмдерін тамашалап, жақсы көңіл-күйде сергіп қайтты.
Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, 9″а” класс оқушылары “Keruen City” ойын- сауық орталығына барып , өздеріне ұнаған фильм тамашалап келді.
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ
Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7 “А” класс білімалушылары Керуен Сити ойын-сауық орталығындағы кинопаркке барып, фильм тамашалады. Барысында күзгі табиғат аясында серуендеп, көтеріңкі көңіл күймен оралды.
Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8, 11 класс оқушылары “Keruen City” ойын -сауық орталығына барып, өздеріне ұнаған фильмдерін тамашалап, жақсы көңіл-күйде сергіп қайтты.
Есет батыр атындағы ОРОММИК 9″А” класс оқушыларымен “Қарттарым аман-сау жүрші” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Өмірден алынған кейбір келеңсіз жайттарды мысалға келтіре отырып,әр оқушының пікірін тыңдау, мұндай жағдайда өздері қандай әрекетке баратыны туралы ортаға салып әңгімелесу. Жас жеткіншектерге үлкенді сыйлап,тыңдай білуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, адами құндылықтарға тоқталу.
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ!
Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.
Осынау дәстүрлі түрде аталып өтілетін қазан айының бірінші жексенбісі ҰСТАЗДАР күніне орай салтанатты мерекелік шарамыз өтті! Мереке барысында Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектерін ескере отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін Есет батыр атындағы ОРОММИК ұжымын ұстаздар мерекесімен құттықтап, АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталды!
Мерекелік шарамызға ардагер ұстаздарымыз да қонақ болып кетті! Ардагер ұстаздарымызды ұлықтап, мерекесімен құттықтап, сый-құрметтемізді көрсеттік.
Құрметті ұстаздар! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сіздерді құттықтаймыз. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!!!
https://www.instagram.com/reel/CjK-eVsDxBOfHvaJJfiAGQ11h9kBVumWzwtAjc0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
“Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар” деп Ғабиден Мұстафин атамыз айтқандай арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, уақытты, еңбексүйгіштікті, Отаншылдықты, тәртіпті, ақылды талап етеді. Адам арманының орындалғаны қандай жақсы!
Білім алушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету мақсатында 10″а” класс тәрбиеленушілерімен “Менің ойларым, армандарым, үміттерім” тақырыбында арманына жету үшін ортаға қойылған кедергілерден құтылу жолдарын айтып, арманға қол жеткізуге көп күш жұмсалатыны туралы өз ойларымен бөлісті.
Ұйымдастырған: тәрбиеші-педагог Мустафина Ж.Ж.
1-қыркүйек Білім күні
“Білімге ұмтылу, еңбексүгіштік және отаншылдық”
Президент ел жастарына арнаған үндеуінде өскелең ұрпақтың басты құндылығы еңбексүйгіштік, терең білім, отаншылдық болуы тиіс екеніне ерекше тоқталды. Елді көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар алға бастайды. Осы құндылықтарды жас буынның бойына сіңіріп, оларды жаңа трендке айналдыру мақсатында әр класта тәрбие сағаттары өтті.
7-клас білімалушылары “ЧЕМПИОНДАР МЕКТЕБІ” аталған білім ордамыздың МАҚТАНЫШТАРЫ, яғни Азия мен Әлем Чемпионаттарының жеңімпаз, жүлдегерлерімен кездесті.
Яғни, осындай жетістіктері еңбексүйгіштік пен патриоттық сезім, сонымен қатар тәртіп пен білімнің арқасында келгенін түсіндіру мақсатында ұйыдастырылды.
Өткізгендер: педагог-тәрбиешілер-
В. М. Бөлекбаева, Б. Т. Трумова
класс жетекшілер- Г. Қ. Дүйсенбина,
А. А. Аққалжанова
Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие. 2021-2022 оқу жылы
«Менің мақтанышым- менің білім ордам» атты фото байқауға қатысты.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай патриоттық бағыттағы әнші –сазгер, Мәдинетмайталманы, және Сауап медальдарының иегері Исмагулова Орынгул Райымқұлқызының«Мәңгілік Елім-Қазақстаным» атты шығармашылық кешіне Есет батыр атындағыОРОММИК –нің тәрбиеленушілері барып патриоттық кештің куәсі болды.
«Онтайлы сандық планетарий»Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай дәріс оқып, кітаптар көрмесіне шолужасады.Жұлдызды аспанымен, жарық шоқжұлдыздарымен, Ғаламның таңғажайып обьективтілерімен таныстырды.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Экскурсия барысындабалалар ерекше әсер алып, рухани байлығын кеңейтіп қайтты.
«Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің жаңа СУБҰРҚАҚ ашылды.«Чемпиондар сарқырамасы»
7 –мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 9-11 класс оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны-2022 байқауы өтті.
«Қазақстан- Бірлік пен Татулықтың Мекені» атты мерекелік салтанатты жиыны өтті.
«Интернат наны» әңгімесінен қойылым.Әңгімеде соғыс жылдарынан кейінгі интернатөмірі суреттеледі.
«Кәрі солдат» әңгімесінен қойылым. 1987 жылдың иісі аңқитын соғыс жылдарынан кейінгіөмір суреттелген.
«Жазғы демалыс» әңгімесінен қойылым. Әйгілі Шер-ағаның, Шерхан Мұртазаның туғантопырағы туралы толғанған туындылары.
«Қасқырдың тарамысы» әңгімесінен қойылым.Әңгімелерінің тақырыбына екінші дүниежүзілік соғыс зардабын да өзек еткен. Эпикалық жанырдағы жұмысшылар тағдырын арқау етіп, бүгінгі күннің шындығын бейнелеген туындысы.
Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие. 2019-2020 оқу жылы
«Киелі қала-Түркістан» тақырыбында оқушыларымен, білім алушылармен мәдени орындарға қашықтықтан виртуалды саяхат ұйымдастырылды.
Қазақтың ақыны – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Есіңе мені алғайсың» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді.
«Күз кереметі» атты көрмеге белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
«Дарындылар әлемі» атты оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие. 2018-2019 оқу жылы
«Аналарға құрмет көрсетілді.
«Алғысым шексіз сіздерге»
Облыстық тарихи – өлке тану мұражайына экскурсияға барды.