Қазақстандық патриотизм және азамматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2022-2023 оқу жылы
Ақпан айының айлық жоспарына сәйкес, 7-класс білімалушыларына Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт – санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілері екендігі туралы құнды мәлімет бере отыра, ел рәміздерін, елдің абыройын әлемге танытуда спортшылардың ойып алар орны бар екендігін ұғындыра отырып, оқушылар арасында “Ел рәміздерін құрметтейік!” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді.
Ұйыдастырушылар педагог-тәрбиешілер: Трумова Б.Т., Бөлекбаева В.М.
https://www.instagram.com/reel/CpA8Pm8oggY/?utm_source=ig_web_copy_link
Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін,оның ажырағысыз атрибуттарының бірі, осыған орай “Ел рәміздер-ел рухы” апталығы аясында 10”а”класс білім алушылары “Рәміз-рух көтереді” атты бейнеролик ұсынады.
Мақсаты: Елімізді дүние жүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ұғындыру. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін ұялату.
https://www.instagram.com/reel/Co_g_GVoBfY/?utm_source=ig_web_copy_link
Оқушылардың құқықтық білімдерін толықтыру және түрлі өмірлік жағдайларда өзін-өзі қорғауға үйрену мақсатында “Менің құқығым, менің болашағым!” атты 9- класс оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Елімізді дүние жүзіне таныта білген мемілекеттік рәміздер туралы жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оқушыларға мемілекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп мақтан ету керектігін түсіндіру мақсатында 11 класс оқушыларымен “Мемілекеттік рәміздер маңыздылығы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілінді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өздері білетін ақпараттармен бөлісіп еліне, жеріне, рәміздерге деген құрметтерін, ұлтжанды екендіктерін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/CouX19dorO1/?utm_source=ig_web_copy_link
Зорлық-зомбылық әрекеттері туралы түсіндіру, оның алдын алу, жасөспірімдер арасында қатыгездікке жол бермеу мақсатында – Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9-11 класс оқушыларымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Арнайы бейнеролик көрсетіліп, балалар өз ойларын ортаға салды.
Зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.
Спортшы үшін ел рәміздерін құрметтеу, мақтан тұту ең бірінші орында тұруы тиіс. Тәрбиеленушілердің бойындағы патриоттық сезімдерін, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, рәміздерді насихаттау мақсатында 8 “А” класында “Рәміздерім – мақтанышым” тақырыбында жігерлендіру сабағы өтті.
Зорлық-зомбылық әрекеттері туралы түсіндіру, оның алдын алу, жасөспірімдер арасында қатыгездікке жол бермеу мақсатында – Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7-8 класс оқушыларымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Арнайы бейнеролик көрсетіліп, балалар өз ойларын ортаға салды.
Зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.
Зорлық-зомбылық әрекеттері туралы түсіндіру, оның алдын алу, жасөспірімдер арасында қатыгездікке жол бермеу мақсатында – Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7-8 класс оқушыларымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Арнайы бейнеролик көрсетіліп, балалар өз ойларын ортаға салды.
Зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8 «Ә» сыныбында «Жасөспірім және заң» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында, оқушыларға тәртібі мен оқуына мән беріп, бос уақытын тиімді пайдаланса құқық бұзушылықтың алдын алуға болатындығы жөнінде айтылды.
Бүгін, Есет батыр атындағы ОРОММИК білім алушылары үшін “Өз құқығыңды білесің бе? “ тақырыбында сауалнама алынды. Мақсаты: білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құқықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларына пайдалана білуін дағдыландыру.
Педагог-психолог: Т.Советова
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды. Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.
Жоғарыдағы айтылғандарды басты назарда ұстап Құқықбұзушылық 10 күндігі аясында 8 “Б” класс оқушылары арасында тәрбие сағаты және Алматы ауданы ҚПБ ЖПҚ КТІЖ УПИ полиция капитаны Дузбаев Ержан Ергазиевич пен полиция лейтенанты Адаев Асылан Маратовичпен кездесу өткен болатын. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы ұсақ-түйек қылмыстар үлкен қылмысқа жол ашатындығы туралы дәрістер айтылды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында”Құқықбұзушылықтың алдын алу -басты міндет” атты онкүндік аясында 8 “Ә” класс оқушыларымен “Тәртіпке бас иген құл болмайды” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Есет батыр атындағы ОРОММИК “Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет” он күндігінде 7″Ә” класс оқушыларымен жол ережесі туралы білімдерін кеңейту, жол белгілерін, көше ережесіне байланысты ұғымдарды білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында “Жолда жүру ережесін білеміз бе?” тақырыбында Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы полиция аға лейтенанты А.С.Жалғасовпен кездесу өткізілді.
“Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет” онкүндік аясында 10-класс тәрбиеленушілерімен “Спорт және денсаулық” тақырыбында хирург-травматолог дәрігер А.А.Оспановпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жас спортшылар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты, жаттығу барысында жарақат алған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болатындығы туралы сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар жалпы спортпен айналысатын жастардың денсаулығы, салмақ ұстау, салмақ тастау кездеріндегі дұрыс күтім туралы да біраз ақпаратпен алмасты.
Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты мақсат онкүндігіне орай, оқушыларды жол белгілерімен,
жолда жүру ережелерімен таныстыру,жолда жүру қауіпсіздін үйрету мақсатында Есет батыр атындағы ОРОММИК 9Ә класс оқушыларымен “Оқушылардың жолдағы қауіпсіз қозғалысы” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу арқылы оқушыларға көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білу, есте сақтау қатаң сақтау ескертілді.
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу. Есет батыр атындағы ОРОММИК “Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет” он күндігінде 11а класс оқушыларымен “Әлімжеттік жасау-әлсіздік” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, Ата заңымызға деген құрметтері артты.
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу. Есет батыр атындағы ОРОММИК “Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет” он күндігінде 8 “А” класс оқушыларымен “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Құқық бұзыушылықтың алдын алу-басты міндет онкүндігіне орай 23.11.22 Есет батыр атындағы ОРОММИК “Жылы жүрек”еріктілер жасағының жетекшілері және мүшелері, грек-рим тобының тәрбиеленушілері “Жолда жүру ережесін сақтайық”акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияның мақсаты қаламыздың кішкентай тұрғындарының жолда жүру ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге,сақ болуға үйрету, яғни түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Еріктілер кішкентай тұрғындарды жолдан өткізе отырып, жол ережесі жазылған жадынамаларды таратты.
https://www.instagram.com/reel/ClTlmgFoH-xG3XcCV_wEiVtMhbBzooo7RnY_G40/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша. Сондықтан , мемлекеттік рәміздерді қас¬терлеу азаматтарымыз үшін басты мін¬дет болып табылуы тиіс. Осыған орай, 8-класс оқушыларымен «Тәуелсіз Қазақстан рәміздері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
“Құқықбұзушылықтың алдын алу —басты міндет” атты онкүндік аясында 9А класына “Сенің құқықтарың мен міндеттерің” атты пікірталас өтті.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы таныстырып, елінің тәрбиелі, парасатты азаматы болып өсуіне бағытталған пікірталас өтті. Пікірталаста құқықбұзушылықтың алдын алып, түрлі мәселелерді қалай шешу жолдары туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды. Бір-бірінің пікірлерін тыңдап, ақылдылықпен оңтайлы шешімдер шығарып отырды. Өздерінің құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып, ұтымды жауаптарымен білімділік пен тапқырлық деңгейлерінің жоғары екендігін аңғартты. Сонымен қатар арасында бойларын жазып, сергіту жұмысы жасалды. Екі топқа бөлініп, топтық жұмыстар жасалды.
«Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды деген тұжырыммен пікірталас аяқталды.
https://www.instagram.com/reel/ClTlmgFoH-xG3XcCV_wEiVtMhbBzooo7RnY_G40/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу. Есет батыр атындағы ОРОММИК “Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет” он күндігінде 11Ә класс оқушыларымен “Жасөспірім, құқықбұзушылық, жауапкершілік” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, Ата заңымызға деген құрметтері артты.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде жалпы ата аналар жиналысы өткізілді.
*Күн тәртібінде*:
1) І тоқсан бойынша арнайы спорттық дайындық жұмыстарының нәтижесі
2) І тоқсан бойынша оқу сапасы
3) Спортшы бала тәрбиесіндені ата ананың рөлі
4) Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында ата аналармен бірлесіп жүргізілетін шаралар
Бүгін Есет батыр атындағы ОРОММИК те, 10 “ә” класс білім алушылары үшін құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша онкүндік жоспарға сәйкес “ Буллинг дегеніміз не? “ тақырыбында дәріс тренинг өтті. Білім алушылар дәрісте ақпарат алып, сұрақтар қойып белсенді қатысты. Тренинг барысында білім алушыларға арнайы топтық, жеке жұмыстар ұсынылды.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ!
25 қазан Республика күніне орай 8″А” класс оқушыларымен “Атажұрт” интеллектуалдық сайысы өтті. Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі-туған Отанды сүюден басталатының түсіндіру мақсатында тәрбие сағаты өтті.
Ұйысдастырған класс жетекші: Атыбаева Г. Н.
Республика күні
13 жылдан соң қайта “оралған” мереке!!!
2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.
Білім алушылардың бойына туған еліне құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында 9 “А” класында “Тәуелсіз ел – Қазақстан” атты дөңгелек үстел өтті. Отырысқа МИК тәрбиешілері қатысып спортшыларға мерекенің маңызы мен қажетті мәліметтерге қанық ақпараттарды ортаға салды.Ұйымдастырушы педагог-тәрбиеші: Исламбекова А.Б.
https://instagram.com/p/CkAaDEpgFkVl17s2NUo65k73GbrMwH2pRBx3tU0/
25 қазан Республика күні
13 жылдан соң қайта оралған мерекенің тарихы мен маңызын, өз отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту мақсатында 9 “Ә” класс оқушылары “Қазақстан -туған елім” атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Класс жетекшісі: Турумбетова Б. Тәрбиешісі: Бешбаева А
https://instagram.com/p/CkAN-GtIyYQDt-e3JeLxH0RInEk7TUr6DuoeZE0/
“ОТАНЫМ- ҚАЗАҚСТАН” дөңгелек үстел
Тәрбиеленушілерге Ұлттық мереке РЕСПУБЛИКА күнінің маңызын ұғындыру, елін, Отанын, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие арқылы түрлі додаларда көк байрақты желбіретіп, әнұранды асқақтатуға мотивация беру мақсатында 7 “А” класында дөңгелек үстел өтті.
Сабақ мемлекеттік ӘНҰРАНМЕН басталды. Үстел басындағы қонақтар ДТІЖО С.М.Нұрмағамбетова, ДОІЖО М.Ж.Асанова, тарих пәні мұғалімі А.Т.Бектілеуова, орыс тілі пәні мұғалімі Б.К.Катпина, физика пәні мұғалімі Ғ.Ғ.Ажигулова, география пәні мұғалімі Г.Қ.Дүйсенбина, педагог-тәрбиешілер Б.Ш.Жолдасбаева, Ғ.Б.Тілеубаева, Б.Т.Трумова және МИК түлегі, әдіскер Е.Б.Жайлаубаев, әлемді бағындырған МИК чемпиондары Б.Мұқан, А.Жұма, Е.Қуандық қатысты.
Тәрбиеленушілер көкейлеріндегі сұрақпен бөлісіп, мол ақпараттар алды.
Отырыс барысында Мұқағали оқуларының жеңімпаздары марапатталып, сабақ соңында барлығы қосыла “Отаным-Қазақстан” әнін шырқап, көтеріңкі, патриоттық көңіл-күймен тарасты.
Республика күні
13 жылдан соң қайта “оралған” мереке!!!
2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.
Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды.
Осындай ҰЛТТЫҚ мерекеге орай 7 “А” класында “Отаным-Қазақстан” атты дөңгелек үстел өтті. Отырысқа МИК ұстаздары, МИК түлегі және МИК чемпиондары қатысып, жас спортшыларға мерекенің маңызы мен қажетті мәліметтерге қанық ақпараттарды ортаға салды.
25 қазан Республика күніне орай 10 Ә класс оқушыларымен «Егеменді елдің болашағы жарқын»тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру; Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.Оқушылар тәрбие сағаты барысында пікірталастырып,сөзжұмбақтар шешті.
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов:”Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін” деген екен. Біз осы елдің тек перзенті емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы болуға тиіспіз. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары, көк байрағымызды көкке желбірететін әлем чемпионы болайық-деп 10″а”класс білімалушылары Маратов Арслан мен Жамбылұлы Бақдаулет, яғни өзін-өзі басқару ұйымы 25 қазан-Республика күніне орай “Еңселі елім-егемен елім” атты ақпараттық сағат өткізді.
Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алды. Бұл бұрынғы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттың таңы. 13 жылдан соң қайта “оралған” мерекенің тарихы мен маңызын, өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, тарихын, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу мақсатында 11 “ә” класында “Туған жер – тұнған тарих” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ!
Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алды. Бұл бұрынғы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттың таңы. 13 жылдан соң қайта “оралған” мерекенің тарихы мен маңызын, өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу мақсатында 7«ә» класында “Қуат алған өзіңнен, туған елдің ұлымын” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ұйымдастырушы: педагог-тәрбиеші Трумова Б.Т.
Кез келген ел азаттыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады, басқа мерекелерден айрықша қастерлейді. Биылдан бастап елімізде 25 қазан – Республика күні болып аталып өтіледі.
Еліміз үшін 25 қазан күні – аса маңызды даталардың бірі. Себебі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл 70 жыл бойы арман болған тәуелсіздікке қарай жасалған алғашқы қадам болатын.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы қазанның 25-і күні Республика күні ретінде тойланып келді. Алайда, бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталды. Биыл мейрам қайта жанданып ұлттық мереке ретінде бекітілді.
Осы орайда 11″а” класында Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту мақсатында “Менің елім – егеменді Қазақстан” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Ағымдағы жылдың 17-қазан күні кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықтық тәрбие бере отырып, рухани мықтылыққа, саналы ойлауға, адамгершілікке баулып, дұрыс сөйлеп, мәдениеті қабілеттерін шыңдау, дамыту мақсатында «Өз құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа» тақырыбында жасөспірімдер инспекторы Е.Дузбаевпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге заңды әркім білуге міндетті екендігін, өз іс – әрекетіне жауап беретіндей өй – өрісін кеңейту арқылы, өз құқығын қорғай білуге, өз санасында құқықтық сананы қалыптастыруда,
құқық, заң туралы білімін жетілдіріп, саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру туралы түсіндірілді. Сонымен қатар жатақхана бөлмелеріне кезекті рейдтік шаралар ұйымдастырылып, білім алушылардың тұрмыс – тіршілігінде бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер қанша болса , сол мемлекеттердің барлығында бірінен бірін ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан белгілері болады. Оларды рәміздер деп атаймыз. Рәміздерге байланысты 8 класс оқушыларымен «Тәуелсіз Қазақстан рәміздері » атты тәрбие сағат өтті.
“Құқықбұзушылықтың алдын алу —басты міндет” атты онкүндік аясында 9А класына “Сенің құқықтарың мен міндеттерің” атты пікірталас өтті. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы таныстырып, елінің тәрбиелі, парасатты азаматы болып өсуіне бағытталған пікірталас өтті. Пікірталаста құқықбұзушылықтың алдын алып, түрлі мәселелерді қалай шешу жолдары туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды. Бір-бірінің пікірлерін тыңдап, ақылдылықпен оңтайлы шешімдер шығарып отырды. Өздерінің құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып, ұтымды жауаптарымен білімділік пен тапқырлық деңгейлерінің жоғары екендігін аңғартты. Сонымен қатар арасында бойларын жазып, сергіту жұмысы жасалды. Екі топқа бөлініп, топтық жұмыстар жасалды. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды деген тұжырыммен пікірталас аяқталды. Ұйымдастырушылар: педагог-тәрбиеші Исламбекова А.Б. мен класс жетекші Жақсылықова Ә.Б.
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу. Есет батыр атындағы ОРОММИК “Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет” он күндігінде 11Ә класс оқушыларымен “Жасөспірім, құқықбұзушылық, жауапкершілік” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, Ата заңымызға деген құрметтері артты. Ұйымдастырған: класс тәрбиешісі Г.Тлеубаева Класс жетекшісі А.Уразбаева
Бүгін Есет батыр атындағы ОРОММИК те, 10 “ә” класс білім алушылары үшін құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша онкүндік жоспарға сәйкес “ Буллинг дегеніміз не? “ тақырыбында дәріс тренинг өтті. Білім алушылар дәрісте ақпарат алып, сұрақтар қойып белсенді қатысты. Тренинг барысында білім алушыларға арнайы топтық, жеке жұмыстар ұсынылды. Ұйымдастырушылар: Класс тәрбиешісі: Жиеналина М., психолог- Советова Т.
Қазақстандық патриотизм және азамматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2021 – 2022 оқу жылы
Жеңіс күні – жыл сайын тоғызыншы мамырда тойланатын мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көп жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Осы мерекеге орай, 7-класс білім алушыларымен “ Ерлік – ұрпаққа ұран” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Және әр класс тәрбиеленушілері жеңіс жолында құрбан болған батырларымызды еске алып, Ұлы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтады. Жас ұрпақ Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктерін еш уақытта ұмытпайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай жəне мектеп-интернат-колледжінде өткізіліп жатқан “Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз”айлық жоспар аясында тәрбиеленушілерді Отанын, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, бабалар аманат еткен тәуелсіздікті сақтауға, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында класс тәрбиеленушілерімен тәрбие сағаттар, интеллектуалды сайыс, дөңгелек үстел өтті.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, патриот болуға тәрбиелеу, еліне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттар өтті.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздіңи егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» /Н.Назарбаев/ Тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ерекше құрметтеп, мақтан тұту мен патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында 7 – 9 кластар арасында «Тұғыры биіктеген көк туым» атты мәнерлеп оқу челленджі өтті.
Құқықтық тәрбие
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы аясында жаттықтырушылар мен тәрбиешілер бірлескен кезекті шаралар жүргізді. Шараның мақсаты: тәрбиеленушілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау және жатақхана аумағында, бөлмелерінде денсаулыққа зиянды заттарды анықтау, қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы аясында 7 класс оқушыларымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағамбетова С. және мектеп психологы Советова Т. «Құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың салдары» тақырыбында бейнежазбалар көрсету арқылы дәрістер өткізіп, тақырыпқа сай профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар әр каникул алдында қауіпсіздік ережелерін сақтау, әрбір оқушы каникул кезінде өзін-өзі ұстау туралы тәртіп ережесі туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Нұрмағамбетова, мектеп психологы Т. Советова және жасөспірімдер инспекторы Е. Дузбаев барлық мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын өткізді.
2021 жылдың 13 қыркүйек күні Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7-8 класс оқушыларымен «Абайлаңыз балалар!» атты жол ережелерін таныстыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу сондай-ақ, балаларға жол қауіпсіздігін назарға алу мақсатында Ақтөбе қаласының батальон патрульдік полициясының қызмет инспекторы, аға лейтенант полициясы Ж.С Сайнов және кіші лейтенант Д.Ж Данабаев қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажеттігін арттыру мақсатында студенттермен де “Жол ережесін бәріне білу- міндет” тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.
2020-2021 оқу жылы Жеңіс күніне орай “Ұрпаққа үлгі болған ерлік” тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, эссе, тест жұмыстары және тәрбиеленушілердің мерекеге орай құттықтау-бейнероликтер жасау сияқ Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат берілді. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақтан ету мақсатында тәрбиеленушілерге онлайн түрде мағлұматтар берілді. Тәрбиеленушілер өз ойларын ортаға салып, ерлік, қайсарлық, Отан алдындағы борыш туралы ұғымдар туралы түсініктерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/tv/COqkHOlAOK1/
Cтуденттермен Ақтөбе облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қозғалысын ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция капитаны Орынбеков Нуралы Орналыулымен кездесу өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты:
- жоспарға сәйкес осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ақпараттармен бөлісу.
- Жасөспірімдер мен жастар арасында жол көлік апаттарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі. Және Ақтөбе облысы ПД ЖПДБ патрульдік полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы полиция майоры Ә.М.Сағынтаев студенттерімен кездесіп, жалпы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығымен, міндеттері туралы айтып, тұрып жатқан жатақхана бөлмелерін аралап өтті.
Тәрбиеленушілер арасында әр класта құқық сабақтары өткізілді, сауалнамалар алынды. Сонымен қатар құқықтық тәрбие аясында 2021 жылдың 11наурыз күні”15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылар күніне байланысты” тәрбиеленушілерге Тұтынушылардың құқығын қорғау Қазақстан Республикасы заңының белгілі бір қағдилары мен нормаларын ұғындыру мақсатында мәлімет берілді
Елдің тәуелсіздігі баға жетпес – байлық. Сондықтан жас жеткіншектерге жастайынан Елтаңба, Ту, Әнұраны деген ұғымдарды бойларына сіңіру, құрметтеуді ұғымдару аясында 2021-жылдың 05-15-ақпан күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30- жылдығына орай “Мемлекеттік мәртебесі- Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны” тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды. Бүгін, яғни 16- ақпан күні жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатындағы ұйымдастырылған онкүндік өз мәресіне жетіп, қорытындыланды.
23 қаңтар, сағат 15:00 де «Zoom» платформасы арқылы «Адам зорлығы-қоғам зардабы» тақырыбындағы онкүндігі аясында кәмелеттік жасқа толмағандармен,«Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға!» тақырыбында заречный полиция бөлімінің жергілікті жасөспірімдер инспекторы, полиция капитаны-Қуанышева Лаура Рашидқызымен онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, және оның алдын алу болып табылады.
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күніне орай студенттер мен тәрбиеленушілер арасында онлайн форматта “Тәуелсіз елім – Қазақстаным” бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Елбасы — татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Бүгінгі күні жерінің тұтастығын сақтай отырып, ел тыныштығы мен ауызбіршілікті, татулық пен достықты ту етіп көтеріп, жасампаз Қазақстан құра білген 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Атаулы мерекеге орай, кластарда онлайн форматта тәрбие сағаттар өтті.
1 қыркүйек Білім мерекесі күні барлық кластарда тәрбиеленушілерге жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, еліміздің Ата заңын ардақтаған азаматтарды қалыптастыру, салт -дәстүрлерін дәріптейтін үлгілі азамат болуға шақыру және әр оқушының бойына өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімінің одан әрі артуын ұялату мақсатында “Конституция – біздің болашағымыз” тақырыбында класс сағаттары өтті.
2019 – 2020 оқу жылы
9-мамыр Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай патриоттық тәрбие беру мақсатында “Сіздерге мың тағзым” атты қашықтықтан патриоттық акциясы өтіп, қан майданда Отаны үшін тер төккен аталары туралы мәліметтермен бөлісіп, олардың ерлігін үлгі етті. Және барлық кластар ұлы мерекеге құттықтау бейнеролигін жариялады. Сонымен қатар Жеңістің 75- жылдығына орай білім алушыларға патриотизмге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне орай “Желбіре, Жеңіс жалауы” тақырыбында оқушылар мен студенттер арасында онлайн тәрбие сағаттары өткізілді.
https://www.instagram.com/tv/B_9j7u4gsTs/
https://www.instagram.com/tv/B_9QbQ5AyFz/
https://www.instagram.com/tv/B_7EA5fgG7D/
https://www.instagram.com/tv/B_6tB5xADQv/
https://www.instagram.com/tv/B_5UbQmATTv/
https://www.instagram.com/tv/B_5AIJnAe7n/
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Жастар арасында заң бұзушылықты болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілерді түсіндіру, тәртіп бұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіру арқылы — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру мақсатында барлық кластарда, әр түрлі тақырыпта тәрбие сағаттары өтті.
Және кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық білімін арттыру және құқықбұзушылықтың алдын-алу мен болдырмау мақсатында ата-аналармен бірлескен “Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады” тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.
Ауған оқиғасы туралы мәлімет беру, фауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беру мақсатында “Ауған асуында от кешкендер” атты кездесу өткізілді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Г.А.Галиев, Н.А.Зайнеденов және сол соғыста жанын қиған ержүрек батырымыз С.Қ.Суюндуковтың бауырлары қатысты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай “Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты” атты мерекелік шара өтті. Мақсаты : жас ұрпаққа түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы екенін ұғындыру. Және әр класта тәрбие сағаттары өтті.
https://www.instagram.com/p/B6Fk5CdADj0/
https://www.instagram.com/p/B6DlsBRgqQ8/
https://www.instagram.com/p/B6DiZP6gD0Q/
16- желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай, жас спортшыларға патриоттық тәрбие берумен қатар бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өзің өзі басқару тобының жетекшілігімен “Мен- елімнің рәміздерін қорғаймын” тақырыбында жоба- үлгілер байқауы, сурет байқауы болып өтті
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Тұңғыш Президент Н.Ə.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу мақсатында ашық тəрбие сағаттары өткізілді.
Демалыс күндері оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, 7а-7ә-7б класс оқушыларымен “Жігітке жеті өнерде аз” атты патриоттық ән байқауы өткізілді.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, өскелең ұрпақтың зиянды заттардан аулақ болуын қадағалау, қылмысты болдырмау және азайту мақсатында құқық қорғау органының өкілі А.Т.Жармаханова дәріс оқыды.
Облыс әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі #136 өкімімен бекітілген “Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2019 жылға арналған бірлескен іс- шаралар жоспарына” сәйкес “Білім алушының тәртіп Ережесі” мен “Білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттар тізбесін” анықтау мақсатында мектеп-интернат-колледжге құқық қорғау орган өкілдерімен рейд жүргізілді. Ақтөбе облысы ПБ Алматы ауданы 4 ҚПБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Сембай Данияр Мәлікұлы мен ДТІЖО Нұрмағамбетова Сандуғаш Мұратқызының қатысуымен кездесу өткізілді.
Ақтөбе облысының білім басқармасы 14 қараша күні Ақтөбе облысының полиция департаментімен бірлесіп облыстық полиция департаментінің мамандары Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушыларының қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық акция ұйымдастырылды. Ұйымдастырылатын акция Ақтөбе қаласының 19 орнында өтті. Мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, жаяу жүргінші жасөспірімдерді жолда абай болуға және көше жол ережелерін, жол қауіпсіздігін сақтау. Ұйымдастырылған акцияға 300-ден астам оқушы,студенттер қатысты. Акция барысында қала тұрғындарына тақырыптық үлестірме парақшалар таратылды.
2018 – 2019 оқу жылы
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай класс тәрбиеленушілерімен тәрбие сағаттар және мектепішілік “Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс” атты мерекелік іс – шара өткізілді
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында тәрбиеленушілермен барлық кластарда құқық туралы әр түрлі тақырыпта тәрбие сағаттары, сауалнамалар, кездесулер, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
“Террорлық қауіп төнген жағдайдағы əрекеттер” оқу -жаттығу жиын өткізілді.Жиынды Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Заречный ПБ-нің жергілікті полиция тобының аға инспекторы полиция капитаны Жармаханова А.Т. жəне Ақтөбе ҚІІБ Заречный ПБ ЖПҚ бастығының м.а. полиция капитаны Зулғарин өткізді.
1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу жəне шәкірт жүрегінде Елбасына деген құрмет, сүйіспеншілік сезімін, ояту мақсатында тәрбиеленушілермен түрлі формада тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Қазақ елінің Тәуелсіздік жолында бірнеше рет Ұлт азаттық көтірілістер болғаны белгілі. Осы орайда 16- желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай оқушыларға қолбастаған батырлар мен сөз бастаған билердің өнегелі істерін үлгі ету мақсатында “Тәуелсіздік – ел бақыты” атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/BrXkuNwgTxK/
https://www.instagram.com/p/BrYJZLXgYRI/
https://www.instagram.com/p/BrYJpoXAqoP/
https://www.instagram.com/p/BrYKMAAALiD/
https://www.instagram.com/p/BrYK-BBgMrO/
https://www.instagram.com/p/BrYNHl3gaiu/
https://www.instagram.com/p/BrYN3V5ACtn/
https://www.instagram.com/p/BraCrMGAUIB/
“Жасай бер, жаса, Тәуелсіздік ел-Қазақстан” атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Мерекелерімен құттықтауға Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан бас маманы Н.Пұсырманов және “Ер бақыт” патриоттық клубының төрағасы, Ауған соғысының ардагері М.А.Қойлыбаев қонаққа келді. Салтанатты жиында ұжым мүшелерін Алғыс хаттармен марапаттап, құттықтап мерекелік жиын балалардың концертімен жалғасты.
https://www.instagram.com/p/BrYGbFPgxWY/
16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай барлық кластарда әр түрлі форматта, түрлі тақырыпта патриоттық сабақтар өтті.