2022-2023 оқу жылы
ӘКЕЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
“ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ”
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. “Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала” деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі ерекше болатын. Жүзінен мейірім төгіліп тұрмағанмен, қас-қабағынан бәрін түсініп өскен бала әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осы. Осындай әкенің дұрыс тәрбиесі- ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ алдын алуда орасан зор. Осы орайда ер бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде білімалушыларға пайдалы кеңестер мен тұшымды ой бөлісу мақсатында 7 “А” класында әкелермен кездесу өтті. Кездесуге білімалушылар және әкелері мен аналары да қатысып, өнегелі ой-пікірлер айтылды. Ұйымдастырған: класс тәрбиешісі В.М.Бөлекбаева Класс жетекшісі Г.Қ.Дүйсенбина
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде жалпы ата аналар жиналысы өткізілді.
*Күн тәртібінде*:
1) І тоқсан бойынша арнайы спорттық дайындық жұмыстарының нәтижесі
2) І тоқсан бойынша оқу сапасы
3) Спортшы бала тәрбиесіндені ата ананың рөлі
4) Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында ата аналармен бірлесіп жүргізілетін шаралар
Ұстаздар күніне орай 11Ә класс ата-аналары және оқушылары “Ұстаздар-ұлы тұлға”атты мерекелік шара ұйымдастырып,ұстаздарға мерекелік көңіл күй тарту етті. Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыта отырып өз өнерлерін ортаға салды.
“ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР” мерекелеріңізбен!!!
Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.
Мереке қарсаңында 7″А” класс тәрбиеленушілері мен ата-аналарының ұйымдастыруымен “Ұлағатты ұстаздар ” атты құттықтау сабағы өтті. Сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барша ат салысқан ата-аналар мен тәрбиеленушілерге ризашылығымызды білдіреміз!!!
Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында 9 “Ә” класс оқушылары “Қарттарын қадірлеген ел ардақты” атты кездесуін өткізді. Мерекелік кездесуге келген қонақтар Досжанова Назира Ануарқызы, Балмахан Нағашыбай келді. Балмахан Нағашыбай қонақ кәдесімен мектеп кітапханасына өзінің авторлық кітабын табыстады. Кездесу соңында келген қонақтарға алғыс хат табысталды. Класс жетекшісі: Турумбетова Б.Т. Тәрбиешісі: Бешбаева А.Б.
Отбасы тәрбиесі. 2021-2022 оқу жылы
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол бір шағын ғана мемлекет. Осы орайда, Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі екенін ұғындыру және өз отбасындағы сыйластық пен құрметті нығайтуда үлес қосуды түсіндіру мақсатында 8 “Б” класында “Отбасым-мақтанышым” атты ата-аналарына өлең шумақтарын арнап Поэзия минуты ұйымдастырылды.
15 мамыр Отбасы күніне орай бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастырыпынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу мақсатында 9 ә класс тәрбиеленушілері “Мен және менің отбасым” тақырыбында эссе жазып, өз отбасылары туралы ой толғады.
Отбасы-адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Білім алушылардың отбасының бірлігін сақтап, ата-ананың алдындағы парызың өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу 8 “а” класс оқушылары өз отбастары туралы, ата-аналары, бауырлар туралы ой бөлісті.
Есет батыр атындағы ОРОММИК 10 Ә класс оқушыларымен “Отбасы экономикасы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Ішкі және сыртқы экономика жөнінде мағлұмат бере отыра, жанұя мүшесінің еңбекпен тапқан табысын, отбасындағы ортақ игілігіне жұмсай білу қағидаларына түсінік беру. Ең негізгісі – алдымызға мақсат қоя отырып отбасылық қаржы есебі жүргізілсе және жоспарланған стратегия бойынша қаржы басқарылса, мақсатқа жету іске асырылатынына сөз жоқ екендігін басым айту.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез-келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай 7-класс білім алушыларымен “Отбасы бюджеті” тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында, отбасылық қаржы, оның кіріс, шығыстары туралы сөз қозғалды.
Отбасы-ұлттың тірегі 15 мамыр – Отбасы күніне орай, оқушыларға отбасы құндылықтары туралы мәліметтер беру, олардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 8ә класс оқушыларымен «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. «Ұлы жол-отбасы баспалдағынан басталады» атты бөлімде ойларын ортаға салды. Өз отбасылары туралы әңгімелермен бөлісіп, «суреттер сөйлейді» кезеңімен жалғастырып, тақырып аясында эссе жазды.
«ЖАҚСЫ КӨРЕМІН», «РАХМЕТ» сөзін жиі айтайық!Қазақ балалары қашанда қайсар мінезді, дархан көңілді. Бірақ Аналарымыздың алдында батыр да, хан да, патша да кішкентай баладай. Есейіп кетсекте, әрқашан сәби болып қалатын, еміреніп еркелей алатын жалғыз жан – ол қымбатты Аналарымыз! Алғыс айту күні және 8 наурыз Аналар мерекесіне орай, Есет батыр атындағы ОРОММИК 8 «Ә» класс оқушылары Аналарына хабарласып «Жақсы көремін», «Рахмет», «Мың алғыс» сөздерін, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Қарты бардың – қазынасы бар! Құрметті білім алушылар! 1-қазан Қарттар күніне орай 2021жылдың 25 – 30 қыркүйек аралығында өтетін “Қарты бардың- қазынасы бар ” тақырыбында отбасымыздағы қарттардан естіген өнегелі әңгімелер бейнероликтер топтамасы акциясына қатысуға шақырамыз. 1 қазан – қарттар күніне орай “Қарты бардың – қазынасы бар” тақырыбында акцияға қатысушы 7 “А” класс оқушысы, таеквондо тобының тәрбиеленушісі Төлеу Диас ата-әжесі Шектібаев Төлеу, Сисенова Мадинаның үйіне барып, атасының ақыл-кеңесін тыңдап, батасын алып кайтты.
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы – мейір – махаббат, сүйіспеншілік, құрмет пен ынтымақ ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің кепілі. 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай 10 кластар арасында “Отбасы қоғамның алтын діңгегі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді 2021 жыл.
15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, Есет батыр атындағы ОРОММИК 7 “А” класс оқушыларымен “Менің Отбасым” тақырыбында арт терапия өткізілді.
15.05.2021 жылы “Отан – отбасынан басталады” демекші, жанұяның береке-бірлігі әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Есет батыр атындағы ОРОММИК 9 класс оқушыларымен “Отбасым- бақыт мекенім” атты тәрбие сағаты өтті. Әр оқушы өз отбасы құндылықтарымен бөлісе отырып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Отбасы тәрбиесі. 2019 – 2020 оқу жылы.
Бата-қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дəстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, жақсылықтарда беріледі.Бата- қысылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, əрбір іс-əрекетіңе даңғыл жол ашып, бəле-жаладан қорғайды деп есептелген.”Батамен ер көгереді,Жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған.Бүгін сіздерге тəрбиелік мəні жоғары, халқымыздың асыл қазынасының бірі бата беру үрдісі топтамасын ұсынамыз.9 «А» класс окушысы, грек рим бөлімінің тәрбиеленушісі Оразалы Әсеттің отбасы.
Ұлттық асханамыз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің айнымас бөлігі болып қалыптасқан. Мұның барлығы халқымыздың айтарлықтай бай, үйлесімді, берекелі ұлттық асханасы бар екенін білдіреді. Қазақ дастарханындағы әрбір тағамның өз тарихы, орны мен уақыты бар. Содан болар, ондағы кез келген ас мәнді де мағыналы әдет-ғұрыптың ұшқынындай көрінеді. “Қазақ асханасы- ұлттық мәдениеттің негізі” тақырыбында Есет батыр атындағы ОРОММИК ата-аналары ұлттық тағамдарды дайындалуы жөнінде бейнероликтерін түсіріп жолдады. Әрбір ата-ана өздерінің ас мәзірін тағайындаудағы шеберліктерімен бөлісті. 11-класс оқушысы, үстел теннисі бөлімінің тәрбиеленушісі Асылбекұлы Ғазиздың анасы Сыдықова Мақтагүл.
АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
2021-жылдың 5-наурыз күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30- жыл қарсаңында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Асыл жүрек – Аналар» атты көп балалы отбасынан шыққан спортшы балалардың қадірлі аналары, яғни ісі көпке үлгі болып отырған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері асыл жүректі аналармен онлайн форматында мерекелік кездесу өткізілді. Кездесу барысында Ана туралы бейнероллик көрсетіліп, Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихы туралы ақпараттар берілді. Аналарымызбен бірнеше пікір алмасу сұрақтары қойылып, тәрбиелік мəні зор әңгімелер спортшы балалардың тәрбиелеудегі тәрбиелеу аясында зор әңгімелер айтылды.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы балаға ең алдымен ақ сүт беріп әлпештеген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды.Тәрбиеленушілердің бойында ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 9 класс оқушыларымен “Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар аналарына жыр шумақтарын арнап, аналары туралы мақтанышпен әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
2018.01 қазан – қарттар күніне орай “Қарты бардың – қазынасы бар” тақырыбында акцияға қатысушы 10 “ә” класс оқушысы Қуаныш Жарбол.
1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл дата – әлемдік дәстүрді ресми хаттаған күн. Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. 11 класс оқушылары барлық қарттарымызды мерекелерімен құттықтап, өз тілектерін білдірді.2021 жыл.
06.05.2019 жылы «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты Әлемдік деңгейде жарыс додаларынан көрініп, абыройымызды асқақтатып жүрген спортшыларымыздың аналарына ерекше құрмет көрсетілді.
1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Баламның білім ордасына шын жүректен алғыс айтамын» атты акция өтті, аталған акцияда ата-аналар белсенді атсалысып жүрекжарды лебіздерін білдірді.