“Сыбайлас жемқорлық” ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінігін қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында 10″а” класс тәрбиеленушілер арасында тәрбие сағаты өткізілді. Бейнеролик, слайдтар көрсетіліп, балалар өз ойларын ортаға салды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиенетті қалыптастыру бойынша “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубы 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
“Сыбайлас – жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру;
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту; Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында 7-кластар арасында адалдық сағаты өтті.
Ұйымдастырған педагог-тәрбиешілер: Бөлекбаева В.М., Трумова Б.Т.
“Сыбайлас – жемқорлық” туралы түснік беру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 8 “А” класында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Оқушыларға тақырыптың маңыздылығын түсіндіру мақсатында бейнеролик көрсетіліп, кері байланыс жасалынып жемқорлық мәселесінің қоғамдық проблема екендігін ашылып айтылды. Класс оқушылары диаграмма құрып, өз пікірлері мен мысалдарын ортаға салды.
9 желтоқсан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 8 “Ә” класс оқушыларымен “Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Адамзат пайда болғаннан бері өзінің қажеттілігін тек еңбек арқылы қамтамасыз етіп келеді. Адал еңбек адамды адалдық, шыншылдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге баулып, игілікке жеткізеді. Сабақ барысында, оқушылар адалдық, адал еңбек, адал дос туралы өз ойларын айтты.
АДАЛДЫҚ – АРЫҢ
Жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында 9«Ә» класс оқушыларымен қыркүйек айының жоспарына сәйкес «Адалдық-арың» тақырыбында тәрбие-сағаты өтті.
Сабақ барысында адалдық мәдениетін қалыптастыру қағидалары, әділ және адал еңбек ету, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы айтылып, жағдаяттарға байланысты сұрақтар қойылды.
Тәрбиеленушілерді адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету мақсатында 10 ә класына “Адалдық адамдықтың белгісі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушыларға адал, әділ, адамгершілік, бір-біріне деген көңілі таза, пейілі кең, шын дос бола білу ұғымдарын қалыптастыру мақсатында 7″ә” класына “Асыл қасиет – адалдық” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Ұйымдастырған педагог-тәрбиеші: Трумова Б.Т.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі және адам бағасының бір өлшемі іспетті. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында “Адалдық, парасаттылық – адамдықтың белгісі” тақырыбында 8-класта тәрбие сағаты өткізілді.
Есет батыр атындағы ОРОММИК 11 класс оқушыларымен “Адалдық ардың-ісі “тақырыбында адалдық сағаты өткізілінді. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу. Адамгершілік, адалдық, достық, тұрақтылық, адами құндылық, өзгенің құндылығы төңірегінде сұрақтар қойылып оқушылар пікірлерімен бөлісті. Бейне роликтерді қарай отыра өз ойларын ашып ортаға салып пікір алмасты.
Есет батыр атындағы ОРОММИК 9 А класс оқушыларымен “Адалдық адамдықтың белгісі” тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Оқушыларға адами адамгершілік қасиеттер туралы айтылып әрқашан адал жолмен жүріп, жемқорлықтан аулақ болу айтылды. Оқушылар “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында суреттерін сала отырып, салған суреттері бойынша өз ойларын ортаға салып өтті.
Ұйымдастырған: тәрбиеші-педагог А. Б. Исламбекова
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиенетті қалыптастыру бойынша “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубы 2021-2022 оқу жылына арналған жоспары
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі А.Б.Тәжімұратов ұстаздар мен “Адалдық Алаңы” жобасының аясында кездесу өткізді.
«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру .
Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және қызмет алушылардың қызметкерлермен әрекеттесу көрсеткішін төмендету мақсатында цифрландыру мүмкіндіктері белсенді қолданылуда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік цифрландыру жобалары ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын факторларды болдырмау, экономикалық қайтарым және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталғандығы туралы ақпарат берді.
“Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз”
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс – шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті болашақ жеткіншектер өздерің екенін ескерте отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында “Пара беруден бас тарту” атты бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
https://www.instagram.com/tv/CcA1TanDnei/?utm_source=ig_web_copy_link
9- желтоқсан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, сыбайлас жемқорлыққа əкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою, білім алушыларды ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, еркін сөйлеуге тəрбиелеу мақсатында 9″а” класында ” Жемқорлықсыз болашақ” тақырыбында дөңғелек үстел өткізілді.
Жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, ізгілік сияқты адами құндылықтарды дарыту, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 7 – класс білім алушыларымен “Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді” тақырыбында пікірлесу сағаты өткізілді. Балалар адалдық, әділдік, шыншылдық жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Өткізген: класс тәрбиешісі Жолдасбаева Б.Ш.
“Сыбайлас – жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай – ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіру, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру,
өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында 11 “а” класс оқушыларына “Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Өткізген: класс тәрбиешісі: Шекина Д.Қ.
Есет батыр атындағы ОРОММИК 10 класс оқушыларымен “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады. Талқылау барысында тәрбиеленушілер сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, нарықтық тетіктерді бұрмалайды дей отыра өз ойларын ортаға салып пікір алмасты.
Тәрбиеленушілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру және өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту мақсатында 9 “Б” класында “Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында жемқорлық туралы слайд арқылы мағлұматтар берілді. Сабақты тәрбиеленушілер өз бетінше жүргізіп, өз ойларын дәлелдер арқылы жеткізе білді.
Ұйымдастырушы педагог-тәрбиеші Н.Кенжеғали
Тәрбиеленушілерге жемқорлықты жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде, осы құбылыстың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянын түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, Заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіндіру мақсатында 8″а”класында “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз “атты тәрбие сағат өтті.
Ұйымдастырушы:педагог – тәрбиеші А. Исламбекова
Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол мемлекеттің экономикалық салаға зиян тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл – ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. Осы тұрғыда 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас-жемқорлықпен күрес күніне орай “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру мақсатында 11ә класс оқушыларына “Жемқорлық індет, жою міндет” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтіні туралы айтылды.
Ұйымдастырушы: педагог-тәрбиеші Б.Трумова
“Сыбайлас – жемқорлыққа” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында 9″ә” класс оқушылары “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында мағлұмат берілді.
Ұйымдастырушы: педагог-тәрбиеші М.Жиеналина
Есет батыр атындағы ОРОММИК 8«Ә» класс оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушыларға тақырыптың маңыздылығын түсіндіру мақсатында бейнеролик көрсетіліп, кері байланыс жасалынып жемқорлық мәселесінің қоғамдық проблема екендігін ашылып айтылды. Класс оқушылары диаграмма құрып, өз пікірлері мен мысалдарын ортаға салды. Сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтіні анық. Сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіпті іс-қимыл болып табылады.
Ұйымдастырушы: педагог-тәрбиеші М.Асылбекқызы
“Сыбайлас – жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 8 “Б” класында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында тәрбиеленушілерге “Жемқорлық” сөзінің мағынасы түсіндіріліп, Заңнамалармен таныстырылды. Сонымен қатар ситуациялық сұрақтар беріліп, білімалушылар өз ойларын толыққанды жеткізе білді.
Ұйымдастырушы: педагог-тәрбиеші В.Бөлекбаева
ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫНАЙЫЛЫҚ
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде колледж студенттерімен өскелең жастар арасында «парасаттылық принциптерін ілгерілету», «парасаттылық, әділдік, шынайылық» ұғымдарын трендке айналдыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасаттылық және шынайлық» тақырыбында кітапханада танымдық сағаты өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жадынама және «Адалдық сағатында» аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың қатысуымен түсірілген бейнедәрісі, Ринат Бектұровтың бейнепікірі ұсынылды.
2020-2021 оқу жылы
Жас ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 10-11-класс білім алушыларымен “Сыбайлас жемқорлықка жол жоқ!” тақырыбында “ZOOM” платформасында сабақ өткізілді.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ?
Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7 класс оқушыларымен осы тақырып төңірегінде «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты :
• Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.
• Жемқорлық масштабының кең таралуына жол бермеу қажеттілігін түсіндіру;
Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдықты үйрету, сыбайлас жемқорлық туралы мағлұматтар беру мақсатында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” атты 8″ә” класында қашықтықтан тәрбие сағаты өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол мемлекеттің экономикалық салаға зиян тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл – ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. 9-кластарда “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтіні туралы айтылды.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде ұжым мүшелерімен, оқытушыларымен жылдық жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алу мақсатында кезекті қашықтықтан жиналыс өткізілді.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлескен жоспарына сәйкес, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облысының «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы ұйымдастырған спорт саласында, спортшылар арасында «Адалдық алаңы» бағдарламасына қатысып, өз ойларымен, пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Осы мақсатта Есет батыр атындағы ОРОММИК-де студенттер арасында “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында тəрбие сағаты өтті. Ұйымдастырушылар: топ кураторлары
2019-2020 оқу жылы
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында “Таза сессия” тақырыбында ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінде білім алушылармен қашықтық форматында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігімен бірлесе ұйымдастырылған жалпы республикалық “Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай” тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.
18.04.2020 8ә класс оқушыларымен “Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді ” тақырыбында пікірлесу сағаты өтті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жас ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 10-класс оқушыларымен “Жемқорлықтың тарихи тамыры” атты танымдық сабақ өткізілді. Оқушылармен сыбайлас жемқорлық, оның залалы жайында талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай мектеп инспекторы Д. Сембаймен “Спорттта сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” атты Адалдық сағаты өткізілді. Өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын сіңіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
“Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек” Н.Ә.Назарбаев.
Өсіп келе жатқан жас буынға сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жағдайларын түсіндіріп, және болашақта олардың жемқорлыққа қарсы тұра білетіндей мәдениет қалыптастырып, алдын алу мақсатында 8-класта “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында тəрбие сағаты өткізілді.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!» 9 а класс оқушыларының ұйымдастырылуымен түсірілген ” Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Біздің таңдауымыз-спорт” бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.
“ADAL JOL” Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! тақырыбында жемқорлықпен күресу, парақорлыққа жол бермеу мақсатында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, қоғамда жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату мақсатында 11а класс оқушыларының ұйымдастыруымен түсірілген “Жемқорлықсыз-болашақ”атты видеосын назарларыңызға ұсынады.
Жас ұрпақтың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез-келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сеніміміз мол!
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” ҚР заңдары жатады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс.Біз сонда ғана алға қойылған мақсатқа жете аламыз» деген Елбасы сөзін мақсатқа ала отырып, “Жемқорлық-қоғам дерті” тақырыбында 11а класс оқушыларымен сыбайлас жемқорлық туралы видеоролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
Адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыру, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 11ә класс оқушыларымен “Жемқорлық-ғасыр дерті” атты тәрбие сағаты өтті.
7.12.19 8Ә класс оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы мағлұмат беру. Оқушыларды адал жолмен жүруге,әділдікке тәрбиелеу.
2018-2019 оқу жылы
Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру, оған қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу мақсатында 7 “а”класында “Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті” тақырыбында видеоролик түсірілді. Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында!
https://www.instagram.com/p/BrKhPc_nVSC/?utm_source=ig_web_copy_link
Есет батыр атындағы ОРОММИК-нің 7″Ә” класс оқушылары “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында бейнеролик түсіріп, жемқорлықтың зардаптары туралы өз ойларын еркін жеткізе білді. Патриоттық тәрбиелері артып, дүниетанымы кеңейді.
https://www.instagram.com/p/BrFRIZbHeTf/?utm_source=ig_web_copy_link
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп – өркендеп, небір тегеурінді қарсыластарға төтеп беріп, заңсыз қаражат иелену қайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осы орайда, 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің балалары “Жемқорлыққа жол жоқ! Біздің таңдауымыз – спорт!”, – деген ұранмен бұл келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы екендіктерін білдіртті.
https://www.instagram.com/p/BrE4ttrntFM/?utm_source=ig_web_copy_link
Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол-Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Осы жолды бізде таңдадық . Осы мақсатта Есет батыр атындағы ОРОММИК-де І курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Ұйымдастырушы топ кураторы: А.Ж.Аманқосова
https://www.instagram.com/p/BoL_nDej0pn/?utm_source=ig_web_copy_link
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Осы мақсатта Есет батыр атындағы ОРОММИК-де 8-кластар арасында “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында тəрбие сағаты өтті. Ұйымдастырушы тəрбиешілер – Бөлекбаева Венера Миканкызы жəне Трумова Бақытгүл Төлегенқызы
https://www.instagram.com/p/Bn-NVJUjv8C/?utm_source=ig_web_copy_link
2017-2018 оқу жылы
Құқық апталығы аясында Бокс тобында өткізілген “Жемқорлыққа жол жоқ” деген тақырыпта тəрбие сағатын өткізуші Дюсенова Сания Бактыбаевна