2022-2023 оқу жылы
Ізгі ниетпен көмек қолын соза білуді адамгершілік борышымыз деп санайтын “Жылы жүрек” еріктілері , грек-рим бөлімінің тәрбиеленушілері Есет батыр ОРОММИК құрметті зейнеткері Жақсылық ағайдың үйіне барып,ауласын қардан тазалап берді. Үлкеннің батасын алып, қол көмектерін шын жүректен ұсынды.
https://www.instagram.com/reel/Co_foUAoI7k/?utm_source=ig_web_copy_link
Адамдарға қай уақытта да көмек қолын созу, өзгелеге құрметпен қарау, әрқашан кішіпейілдік таныту нағыз адамгершілік пен парасаттылықтың белгісі. 9А класс оқушылары тәрбиешілерімен бірге Есет батыр ОРОМИК кіре берісіндегі жолды қардан тазалап,көліктердің кедергісіз келуіне өз үлестерін қосты. Олар өздерінің бұл істерін азаматтық көмегіміз деп белсене ауызбіршілікпен жасады. Жарайсыңдар 9А класс жігіттері!
https://www.instagram.com/reel/Co2fA12Ie4f/?utm_source=ig_web_copy_link
Өзін- өзі басқару ұйымының мүшелері жексенбі күні 8-класс оқушылары арасында “Кім жылдам, кім епті?” тақырыбында дамытушы ойындар өткізді.
Оқушылардың демалыс кезіндегі уақытын тиімді пайдалана отырып ауызбіршілікке шақыру, өзара достық қарым-қатынастарын арттырып,ұйымшылдыққа баулу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ұйымдастырушы: Жумагалиева Г.Қ , Тлеубаева Г.Б, Қалмағамбетов Аян, Ермекбай Арман.
https://www.instagram.com/reel/CoEkSTWAESi/?utm_source=ig_web_copy_link
Өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 7-класс оқушылары арасында “Көңілді эстафета” ойыны өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір сүруге, жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа шақыру, жылдамдық пен ептілік қасиеттерін дамыту.
Ұйымдастырушы: Жумагалиева Г.К , Қуандық Е, Нұрланов А, Дәуренұлы Н.
https://www.instagram.com/reel/CnwD2QMj8i7/?utm_source=ig_web_copy_link
МИК өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың шығармашылығын, олардың жауапкершілігі мен азаматтық позицияларын, әлеуметтік белсенділікті дамытуға ықпалын тигізеді.
Осы орайда МИК өзін-өзі басқару ұйымының отырысы өткізілді оқушылардың маңызды мәселелері шешіліп, өзекті сұрақтары талқыланды.
МИК ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
♦Президент – Қуандық Ералхан;
♦Премьер министр – Сәлімжан Әлімжан;
♦Премьер министр – Салауатов Нұрхан;
♦Білім министрі – Сүндетбаев Құдірет;
♦Білім вице министрі – Жүсіпбергенов Төлеген, Нұрбергенов Омар;
♦Спорт және денсаулық министрі – Жұма Арсен:
♦Спорт және денсаулық вице министрлері – Ермекбай Арман; Саматов Ақтан;
♦Тәртіп және еңбек министрі – Жеңіс Әбдірайым;
♦Тәртіп және еңбек Вице министрлері Есенғұл Жансерік; Жамбылұлы Бағдаулет;
♦Мәдениет министрі – Қалмағамбетов Аян;
♦Мәдениет Вице министрі: Әкімәлі Арслан; Жайлыбаев Бибарыс;
♦Шаруашылық министрі – Ықыласов Ақжан;
♦Шаруашылық Вице министрлері – Ташмағанбетов Нұрсұлтан, Байтурин Рамазан;
♦Ақпарат және технология министрі – Асанов Айтбек;
♦Ақпарат және технология Вице министрлері – Қалмағамбетов Қазбек; Сабыркерей Сұңғат.
МИК президенті және парламент мүшелеріне алдағы оқу жылына сәттілік тілейміз!
МИК ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2022-2023 оқу жылының Ұстаздар және Қарттар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылған болатын. Аталмыш шараға тұспа тұс келген 10-11 класс оқушылары арасында ДӘСТҮРЛІ МИК ПРЕЗИДЕНТІ және ПАРЛАМЕНТ мүшелігін сайлау іс-шарасы өтті.
МИК Президенті мен парламент мүшелерін сайлаудың басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді, қызықты етіп пайдалану және қоғамдық шараларға белсенділіктерін арттыру болып табылады.
Өзін-өзі басқару ұйымының басшысына дауыс беру бекітілген ережелерге сай ашық және еркін түрде жүргізіліп, комиссия төрағасы Жайлаубаев Ерсұлтан тікелей дауыс берудің әділ өтуін қамтамасыз етті.
Сайлауға 10-11 класс оқушылары арасынан 21 үміткер өтініш беріп, өздерінің сайлауалды бағдарламалаларымен таныстырды. Осы тұрғыда әр кандидаттың өз ойын ашық айтып, оны аргументтер арқылы дәлелдей алғанын, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білгенін атап өткен жөн.
Есеп жүргізген комиссияның шешімі бойынша, ең көп дауысты 11 «А» класс, грек-рим күресі бөлімі – Қуандық Ералхан жинап, 2022-2023 оқу жылына өзін-өзі басқару парламентінің президенті болып сайланды. Және парламент құрамына:
Премьер-министр болып Сәлімжан Әлімжан және Салауатов Нұрхан сайланды.
Сонымен қатар, қалған кандидаттар Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Әділет, Еңбек, Спорт, Мәдениет, Қоршаған орта және экология министрі мен министрдің орынбасарлары болып тағайындалды.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп -интернат колледжінің тәрбиеленушілері соның ішінде өзін-өзі басқару МИК президенттігіне үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырды.Үміткерлер барлық оқушыларды өз бағдарламаларымен таныстыра отырып алдыға қойған мақсаттарымен,жоспарларымен бөлісті. Бағдарламаларын ортаға сала отырып өздеріне сенім артып дауыс беруге шақырды.