Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
2022-2023 оқу жылы
Бүгін,3- қараша күні кезекті жоспарға сәйкес Есет батыр атындағы ОРОММИК -де “Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі” “Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының” теолог маманы Ә.Б.Ұзақбаевпен және психолог Т.Т. Төлепбергеновпен ұжым қызметкерлері және колледж студенттерімен “Дін- тәрбиенің рухани тірегі” атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында, қазіргі кезде адам санасын, жалпы қоғамымызды улап жатқан діни ағымдар туралы, олардың өмірге қаншалықты зиян келтіретін қисапсыз түрлері бар екені айтылды. Студенттерге елді адастырып, қатерге бастайтын діни ағымдар туралы мәлімет беріле отырып, одан аулақ болудың жолдары туралы айтты. Әлеуметтік желідегі жалған діни топтар мен деструктивті идеологияны насихаттаушы парақшалардың айла-тәсілдері, іс-әрекеттері және де қолдануға болмайтын, бұғатталған сайттар жайында да ұтқыр мысалдар келтіріп, бейне слайдтар көрсетілді.
2022 жылғы 27 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап. Тұлға. Рух» жобасы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күйші Жайлау Жаншаұлы Асылханов және ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласаның үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірмен «Өнері биік тұлғалар» атты кездесу кеші болды. Есет батыр атындағы ОРОММИК студенттері және ДТІЖО Сандуғаш Мұратқызы “Оқуға құштар колледж” аясында аталған шараға белсене қатысып, сұрақтар қойып, ерекше кештің куәсі болды. Шара қонақтары жас ұрпақтың рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен тәрбие құралы –кітап екендігін, өз өмірлеріндегі жетістіктері туралы, жетістікке жетудің қыры мен сырымен бөлісіп, адам жасында қиялға берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсе келе өмірге шынайы көзібен қарайтын парасатты, жалған мен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік кемелденген тұлға болып қалыптасатыны туралы айтып, оқырмандармен еркін сұқбаттасты.
Бүгін, яғни 6-желтоқсан күні тарих және құқық пәндер апталығы аясында оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының дін орталығының @aktobedin теолог маманы Орынбай Мәди Орынбайұлымен “Діни экстремизм – қоғамға төнген қауіп” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы, экстремизмнің салдары туралы ақпарат берілді.
Есет батыр атындағы ОРОММИК кітапханасында А. Ж.Ахабаеваның ұйымдастырумен білім алушылардың оқу мәдениетін, сөйлеу қабілеттері мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, орындаушылық шеберлігін дамыту мақсатында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында “Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады“ тақырыбында дебат өткізілді. Пікірталас барысында спикерлер өз ойларын ортаға салып, қызу талқыға түскен резолюцияны талдап, керемет ойын өрнегін көрсетті .
ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ – 3 ОРЫН!
Ағымдағы жылдың 10-желтоқсан күнінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі жанындағы “Жаңа ғасыр” дебат клубының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай “Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!” атты колледж аралалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Аталған турнирге мектебіміздің білім алушылары
Жамбылұлы Бақдаулет және Қалмағамбетов Қазыбек, Анар Жамбылқызының жетекшілігімен қатысқан болатын. Алғаш рет қатысулары болса да, оқушыларымыз ЖҮЛДЕЛІ 3-орынды иеленді!
Ұйымдастырушы тарапқа өз алғысымызды білдіреміз!
2021-2022 оқу жылы
5 қыркүйек – Қазақстан Тілдері күні және 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдер мерекесі атаулы күндеріне орай, 8 «Ә» класс оқушылары – Жансерік Әлішер және Досжан Асылжан «Үш тұғырлы тіл», «Сөз сыры» атты байқауларға қатысып, жүлделі 1 дәрежелі дипломдарға ие болды.
Қазақ поэзиясының аса көрнекті , дарынды ақыны – Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» тақырыбында шара. Мақсаты: білім алушыларды ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстырып, ақынның өзіндік мұратын түсіндіру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №1-18-41566-И хаты негізінде2020-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарында дебаттық қозғалыс жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасымен «Ұшқыр ой» алаңы білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде оқушылар арасында мектепішілік дебат турнирлері өткізілді.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесінде біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін атап көрсеткен болатын. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы-Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай білім алушылармен «Даланың дара ұстазы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Жастарды патриотизмге, еңбек сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
«ҚР Дарынды оқушылардың – Алтын кітабы» атты Республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломды иеленді.
Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. 2020-2021 оқу жылы
ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Ата Заңым-айбыным» онлайн сурет байқауына тәрбиеленушілер қатысып алғыс хатпен марапатталды.
«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген, Ақтөбе облысы бойынша 7 сыныптар арасындағы «Жас дарын» олимпиадасына қатысып, белсенділік танытқандары үшін 7 класс білім алушылары дипломдармен, сертификаттармен марапатталды.
Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, рухани мол тәрбиені насихаттау және дамуын қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру мен болашақ жас жұлдыздарды жарыққа шығару, сахна мәдениетін меңгерту мақсатында өткен Республикалық «Мен жұлдыз боламын!» байқауның көркемсөз жанры бойынша 9 «Ә»кл.,дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі Сүндетбаев Құдырет ІІ орынға ие болып «Түркияға жолдама-2021»марапатын жеңіп алды.
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Менің жүрегімдегі кітап» атты Республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы 9 «А»кл.оқушысы Сәлімжан Әлімжан ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
2019-2020 оқу жылы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайүлының-175 жылдығына орай, ақын шығармаларынан «Абай оқулары» атты 7 класс тәрбиеленушілер арасында сайыс өткізілді.
Оқушылардың спорт туралы білімін теориялық жүзінде байқау, ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында 8-класс оқушылар арасында «Спорт терминдері» тақырыбында зияткерлік сайыс -өткізілді.
Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау, тереңдету,патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты интеллектуалды ойын-сабақ өткізілді.
14 ақпан күні МИКде тарих, өлкетану бойынша «Менің өлкемнің электронды энциклопедиясы» тақырыбында әр аудан балаларының туған жері туралы слайд презентация жасау күні өткізілді.Білім алушылар өз туған жерлерінің мақтанышы болып түрлі мәдени орындары мен спортшыларымен, тарихи орындары туралы мәлімет беруде мақтанышпен айтып өтті.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты 7 класс білім алушылар арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, өз елінің әлемге танылған спортшыларын үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
2018-2019 оқу жылы
Есет Көкіұлының тікелей ұрпағы Нұрмағамбетов Саламат ағай және тарихшы,журналист Бақыт Айшуақ Дәрменұлымен «Болашақтан үміт күткен-Ұлы елдің ұрпақтары» атты кездесу өткізілді. Есет батырдың ерлігі және Тәуелсіздік жолындағы бірнеше тарихи оқиғалар туралы мағлұмат алып, өз өнерлерін көрсетті.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 2019 жыл «Жастар жылы»деп жариялануына сәйкес және сүйікті Ақтөбе қаламыздың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мектепішілік «Көңілді чемпиондар алаңы» сайысы өткізілді.
«Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен 12-22 қараша күндері аралығында өткен Республикалық сайысқа әртүрлі номинацияға оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Ақтөбе қаласының әкімдігі «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» атты қалалық тіл фестивалі аясында өткен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлігінің қалалық байқауында 10 «Ә» класс оқушысы Мулдибаев Қуаныш ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды