2022-2023 оқу жылы
Есет батыр атындағы ОРОММИК ата-аналары үшін “Жанұя бақыты” атты тренинг өтті.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым – қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Есет батыр атындағы ОРОММИК – те кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:
1) 2- тоқсанның оқу сапасы 2) Тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстар 3) “Спорт мектебінің талаптары” 4) Ұйымдастыру жұмыстары
Және ата-аналар оқушылардың интернат өміріндегі тыныс тіршілігімен танысып, өз пікірлерімен бөлісті.
ӘКЕЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
“ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ”
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. “Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала” деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан.
Дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі ерекше болатын. Жүзінен мейірім төгіліп тұрмағанмен, қас-қабағынан бәрін түсініп өскен бала әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осы.
Осындай әкенің дұрыс тәрбиесі- ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ алдын алуда орасан зор.
Осы орайда ер бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде білімалушыларға пайдалы кеңестер мен тұшымды ой бөлісу мақсатында
7 “А” класында әкелермен кездесу өтті.
Кездесуге білімалушылар және әкелері мен аналары да қатысып, өнегелі ой-пікірлер айтылды.
Ұйымдастырған: класс тәрбиешісі В.М.Бөлекбаева
Класс жетекшісі Г.Қ.Дүйсенбина
https://www.instagram.com/reel/Ck_7SzAIZ5c49MZvHhzVYz0LGZkCXnDJUnvQds0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде жалпы ата аналар жиналысы өткізілді.
*Күн тәртібінде*:
1) І тоқсан бойынша арнайы спорттық дайындық жұмыстарының нәтижесі
2) І тоқсан бойынша оқу сапасы
3) Спортшы бала тәрбиесіндені ата ананың рөлі
4) Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында ата аналармен бірлесіп жүргізілетін шаралар
АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС!!!
25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған “Ұлттық құндылық- ұлт қазынасы” атты көрмеге 7 “А” класс тәрбиеленушілері мен ата-аналары бірігіп көрмеге қойылатын бұйымдар жасады.
https://instagram.com/p/CkAN-GtIyYQDt-e3JeLxH0RInEk7TUr6DuoeZE0/
Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Кішкентай кезінен спортқа баулыған ата-анасы жаңа оқу жылында Ернарды Есет батыр атындағы спорт-интернат-колледжіне алып келді. Халықаралық, Республикалық турнирлерде жүлде алып жүрген Ернар спорт мектеп-интернатта өз шеберлігін шыңдауда.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. М.Жұмабаев былай деген екен: “Ата- аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, олардың заманы ата – аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн”. Осы сөзді ұстаным еткен Маратовтар отбасы балаларын жастайынан спортқа баулыған. Аслан мен Диас Есет батыр атындағы спорт мектеп- интернат – колледжінде 8, 10 – сыныптарда оқиды. Өткен жылы бұл отбасы үшін қуанышты жыл болды. Диас Бахрейн елі Манама қаласында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Салауатты өмір салтын ұстанатын жарасымды отбасы көп балалы ата-ана ретінде де көпке үлгі боп жүр.
Отбасы- сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез-келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасы күніне орай “Отбасы – бақыт мекені” бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.
Психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес “Бейімделуге бағыт және ер мінезді ұл тәрбиелеу” тақырыбында 7 класс білім алушыларының ата-аналар назарына қашықтықтан ағарту жұмысы жүргізілді. Ер мінезді ұл тәрбиелеуге кеңестер ұсынылып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Ер мінезді батырлар ғана әлемді бағындырады.
Құрметпен МИК психологі Т.М.Советова
2021-2022 оқу жылы
2021-жылдың 5-наурыз күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30- жыл қарсаңында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Асыл жүрек – Аналар» атты көп балалы отбасынан шыққан спортшы балалардың қадірлі аналары, яғни ісі көпке үлгі болып отырған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері асыл жүректі аналармен онлайн форматында мерекелік кездесу өткізілді.
АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Тәуелсіздік таңы атқан отыз жылдың ішінде елімізде спортты дамыту жолында қыруар жұмыстар атқарылуда. Біздің мектеп-интернат-колледжімізде 300 жас спортшы, 9 олимпиадалық спорт түрі жұмыс жасайды. Биылғы бұқаралық спорттық шаралар төтенше жағдайға қарамастан өз деңгейінде ұйымдастырылып, соның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған бірнеше спорттық жарыстар өткізілуде.Қаңтар-ақпан айлары, Ақтөбе қ. «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткен дзюдо күресінен ҚР чемпионатында алтын жүлдеге ие болған – Бисенов Н., қола жүлдегерлер – Алмат Ә., Бағытбергенов Н., және Бокстан ҚР чемпионатының қола жүлдегері – Мустафинов Е., Орал қ. өткен Батыс аймақтық чемпионатының күміс жүлдегері – Әбутәліп М. секілді жүйріктеріміздің ардақты Аналарына – Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі әкімшілігі атынан құрмет көрсетіліп, ақ жаулық тарту етілді.
Дүниежүзілік тұтынушылар күніне орай “Тұтынушылар құқығы қорғалады” тақырыбында қашықтан ата-аналар мен білімалушыларға бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттар берілді.
Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелері❗Құрметті Ата-аналар, Балаңыздың қауіпсіздінін қадағалаңыз❗
7-11 класс білім алушыларының Ата-аналарымен ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша жиналысы өтті.
7 класс оқушылары жыл бойына өз белсенділіктерін танытып, оқу-тәрбие жұмыстары және таңдаған спорт түрі бойынша нәтижелі жетістіктерге жетті. Есет батыр атындағы ОРОММИК 7«Ә» класс оқушыларының Ата-аналарымен қорытынды жиналысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылып, Ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7-11 класс білім алушыларының Ата-аналарымен 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығының қорытындысы бойынша жиналысы өтті.
8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында 8 класс оқушыларының ұйымдастыруымен «Менің Мамам Super!» атты мерекелік кеш өтті.
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Ата-аналар жиналысының мақсаты: кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау және ата-ана құқығы мен міндеттеріндегі баланың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жоспарға сәйкес, Есет батыр атындағы ОРОММИК тәрбиеленушілерімен ювеналды полиция инспекторы – Е. Дузбаев, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – С.Нұрмағамбетова және педагог- психолог Т.Советова зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Заң және жасөспірім» тақырыбында жиналыс жасады. Жиналыстан соң білімалушылардың тұрмыс-тіршілігін бақылау үшін жатақхананы аралап, жекелеген сұхбаттасу жұмыстарын жүргізді.
2020-2021 оқу жылы.
2020 ж. 6 наурыз күні шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурызХалықаралық әйелдер күні мейрамына орай 9″Ә” класында “Сыйынар ем, ана деген тәңірге” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар аналарына жүрекжарды өлеңдер арнап, әдемі ән шырқап, әсем би биледі.
ҚР Президентінің жарлығымен Covid-19 пандемиясына байланысты 2020жылдың 16-наурыздан 15-сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Сол себепті 7-11 класс тәрбиеленушілеріне көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, әртүрлі тапсырмалар берілді.Сонымен қатар ата-аналармен онлайн режимінде тікелей байланыстар жүргізілді.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА?
Балаларға қашықтықтан оқуға қалай көмектесуге болады?
-Күн тәртібін құру;
-Мұғаліммен кері байланыс;
-Оқуға жағдай жасау;
-Тапсырмалардың орындалуын қадағалау;
-Балаңызға барынша қолдау көрсету.
Құрметті ата-аналар, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етіп ұйымдастыру, аса маңызды іс. Сондықтан ата-аналарға арналған “Қауіпсіз каникул-2020” жаднамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Ата-аналарға арналған қашықтықтан оқытудың тиімді ұйымдастырудың жолдары.Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі кеңестер туралы жаднама.
2020 жылдың 30 – қазан күні кезекті жоспарға сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Нұрмағамбетова және мектеп психологі Т.Советова “Құқықтық сана және мәдениет” тақырыбында қашықтықтан ата-аналар жиналысын өткізді.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7-11класс оқушыларының Ата-аналарымен бірлескен І тоқсан қорытындысы бойынша жиналысы өткізілді.
Есет батыр атындағы ОРОММИК-те жылдық жоспарға сәйкес, 2021 жылдың қаңтар айында білім алушылардың ата-аналарымен ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жиналыс өткізілді.
2019-2020 оқу жылы
Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың төреғалығымен өткізілген құқықбұзушылық профилактикасының ведомстволарлық комиссия барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында мектебімізде қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді.
МИК жатақханасына құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатыында ата-аналармен бірлескен балалардың бөлмелеріне кезекті тексеріс жүргізілді.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында 7-11 класс оқушылар ата-аналар жиналысы өтті.
Балалардың бос уақытың қызықты тиімді ұйымдастыру мақсатында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Баланың білім ордасына -шын жүректен алғыс айтамын» атты ата-аналар акциясы өтті.
«Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты әлемдік, республикалық облыстық деңгейде спорт додаларында ел намысын қорғап жүрген үздік спортшы балардың аналарына құрмет көрсетілді.
Есет батыр атындағы ОРОММИК -де қамқоршылық кеңесі отырысы өткізілді.
Есет батыр атындағы ОРОММИК-те ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша “Тәрбие және талап” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста күн тәртібі бойынша жоспарға сәйкес:1) ІІ тоқсанның қорытындысы, 2) Ата-аналармен “Білім алушылардың тәртіп Ережесіне сәйкес” кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы бірлескен жұмыстар” туралы айтылды.
“Спортшы балалардың табысқа жету жолындағы ата-ананың ықпалы” тақырыбындағы “Ашық есік” күні өткізілді. Мектеп-интернат-колледжімізде тәрбиеленіп жатырған спортшы-оқушыларымыздың ата-аналары келіп, бағдарлама бойынша мектеп-интернат-колледждің тыныс-тіршілігімен танысты.
«Спортшы балалардың табысқа жету жолындағы ата-ананың ықпалы» тақырыбындағы мектеп-интернат-колледжімізде “Ашық есік” күні құқық қорғау органының өкілдері Д.Сембай, Д.Нуршин және жасөспірімдердің ата-аналарының қатысуымен, мектеп ғимараттары, жатақхана аумағы және жатын бөлмелерді аралау жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын аңғарту мақсатында 8 класс ата-аналарымен “Құқықтық тəрбие негізі отбасынан басталады” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
9 «Ә» класында кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімін арттыру және құқықбұзушылықтың алдын-алу мен болдырмау мақсатында ата-аналармен бірлескен “Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 04.02.2020 ж.
№1-КО хаттамасында көрсетілгендей ата-аналармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Оқушылар арасында тыйым салынған заттардың бар жоқтығын анықтау үшін кездейсоқ рейдтер ұйымдастырылды.
Аталмыш мереке қарсаңында, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директорының бастамасымен, «Қазақтай рухты елдің абыройын асқақтатып, спорт жолында нәтижелі жетістіктерге ие болуымен қатар,үлгілі тәртібі, ынталы білімімен біздің білім ордамыздың мақтанышына айналған дарынды спортшылардың Ата-аналарына алғыс хат табыстау шарасы ұйымдастырылды. Өз баласының өмірде ерекше орын қалыптастырып, білім ордасында зор табыстарға жету арқылы, жас жеткіншектерге өнеге бола білуі Ата-ана үшін үлкен абырой болып табылады.
2018-2019 оқу жылы
Бүгін,Есет батыр атындағы ОРОММИК-де мектепшілік ата-аналармен жиналыс өткізіліп,оқу ісі, спорт жіне тәрбие ісі бойынша жүргізілген жұмыстардың жарты жылдық қорытынды есебі айтылды.
Дзюдо бөлімінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыумен «Ата-ана және мектеп» атты пікірталас өткізілді.
Адам өмірінде спорттың алатын орны ерекше. Спортты жандарына серік еткен отбасылар біздің бокспен айналысатын 9 класс оқушысы Тыныш Айбатырдың отбасы.Тыныш атасы еркін күрестен спорт шебері болса,әкесі Төлепбаев Қуаныш Тынышұлы азиялық жекпе-жектен спорт шебері.Апасы Айябокспен 4 жыл айналысып, түрлі жетістіктерге жетіп жүрсе,інісі Әбілмансұр бокспен айналысып жүр екен.
Осындай әулетпен кездесу кеші «Мен отбасымен мақтанамын» тақырыбында спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін оятты.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы- адам құқығы» атты республикалық он күндік аясында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Бала тәрбиесі – басты назарымызда» тақырыбында 10«а»класс оқушыларының ата-аналарымен жиналысы өткізілді.