Ағымдағы жылдың 17-19 сәуір Өзбекстан елі, Андижан қаласында (WT) Таеквандодан ересектер және юниорлар арасындағы “ANDIJAN OPEN” халықаралық турнирінде біздің спортшыларымыз бақ сынап, келесідей нәтижелерге қол жеткізді. Ешимов Ақтан – 51кг Қазбаева Әділет – 54кг Серіков Ислам – 63кг Едіге Арсен – 63кг Және ересектер арасында 58кг салмақ дәрежесінде Серіков Ислам ҚОЛА жүлдеге ие болды. Жетістікке жеткен спортшыларымыз бен таеквандо бөлімінің Бапкерлерін жетістіктерімен құттықтаймыз!!
Хорватия елінің Пореч қаласында өткен Грек-рим күресінен U20 Жастар арасындағы Халыкаралық турнирде біздің спортшыларымыз алтын, күміс, қола жүлдені қанжығаларына еншіледі. Атап айтар болсақ: 1 орын Дамир Ибрашов – 63кг 2 орын Арсен Жұма – 55кг 3 орын Рахат Бержанов – 97 кг Жетістікке жеткен спортшыларымыз бен грек-рим күресі бөлімінің Бапкерлерін құттықтаймыз!!! Жеңісті күндер көп болсын!!!…
2004 – 2006 ж.т. жастар арасындағы республикалық турнирінде біздің студент спортшыларымыздың жетістіктері
Үстіміздегі жылдың 2-3 мамыр күндері Талдықорған қаласында өткен Еркін күрестен ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионы АМАНЖОЛ БУҒЫБАЕВТЫҢ жүлдесіне арналған 2004 – 2006 ж.т. жастар арасындағы республикалық турнирінде біздің студент спортшыларымыз келесідей жетістіктерге жетті: 🥈Өтегенов Нұрлан-74кг 🥉Қайролла Қуаныш – Жетістікке жеткен спортшыларымыз бен еркін күрес бөлімінің Бапкерлерін құттықтаймыз. Жеңісті күндер көп…
Спортшыларымыз қола еншіледі
Ағымдағы жылдың 20-21 сәуір күндері Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, Байғанин ауданының құрметті азаматы Нұрлан Тасинды еске алу құрметіне арналған дзюдодан 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирінен спортшыларымыз 🥉🥉🥉 ҚОЛА еншіледі. Атап кетер болсақ: 🥉Досов Халид – 38кг 🥉Қайырбай Сағидолла – 55кг 🥉Өтеген Сұлтан – 66кг
Құттықтаймыз!
Ағымдағы жылдың 10-12 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында WT Таеквандодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогінде 80кг салмақ дәрежесінде КҮМІС жүлдеге ие болған ГАЛИЕВ АЛИШЕРДІ және таеквандо бөлімінің Бапкерлерін құттықтаймыз!
Грек-рим күресінен (U15) Өтеген Рамазан Қазақстан Республикасының чемпионаттарының екі дүркін жеңімпазы, Жаңажол Куанышбек 41 келі салмақ дәрежесінде жеңімпазы атанды!
Біздің білім ордамыздың түлектері, МИК мақтаныштары, талай намысты додаларда өздерінің шеберліктерін дәлелдеген ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ бүгінде тағы бір мәрте ел намысын көкке көтерді. Олар РАХМЕТҚАЛИ ЖАНАРЫС , АЛМАТ ӘДІЛЕТ , БИСЕНОВ НҰРЖАН . Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы үлкен сайыстарға тек қана СӘТТІЛІК пен ЖЕҢІС тілейміз! Арманы асқақ – мақсаты айқын спортшы әрдайым жеңіс тұғырына көтерілері хақ!!! Осындай спортшыларды дайындауда аянбай еңбек етіп, тер төккен БАПКЕРЛЕРІМІЗДІ де құттықтаймыз!!!
ОРЫНБОР ҚАЛАСЫНАН ҚАНЖЫҒАМЫЗҒА БОКСШЫЛАРЫМЫЗ 5 алтын, 4 күміс және 1 ҚОЛА ОЛЖАЛАДЫ. Үстіміздегі жылдың қазан айының 17-21 күндер аралығында Орынбор қаласында өткен Ресейдің ЕССШ Еуропа Чемпионы В.Ф.Чернышевті еске алуға арналған бокстан ХХV ашық республикалық турниріне біздің спортшыларымыз қатысып, боксшы ұл-қыздарымыз керемет нәтиже көрсетті: Бакыткали Бекжан 42 кг Атауов Ердәулет 50 кг Болат Рамазан 52 кг Ораз Ғибрат 48 кг Ағымбай Данияр 60 кг Қазбек Айбар 70 кг Тынытық Ризат 57 кг Сагынбек Томирис 48 кг Демегенова Еркеназ 63 кг Казбек Бота 63 кг Және осы сайыста ерекше көзге түсіп,“Ең жақсы техника-тактикалық шеберлік” номинациясы бойынша Атауов Ердәулет марапатталды. Барлық керемет жаңалықтарымен бокс бөлімінің спортшылары мен Бапкерлерін құттықтаймыз!!!
Алты алаштың басы қосылса, ұстаздың орны төрден демекші Ұстаздар мерекесіне орай тәрбие бөлімі “Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік” атты мерекелік жиын ұйымдастырып, барша ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады…

































