10–11 қаңтар 2026 жыл 📍 Ақтөбе облысы еркін күрестен облыстық чемпионат өткізілді Есет батыр атындағы мектеп-интернат-колледжінің спортшылары облыстық деңгейде өз шеберліктерін дәлелдеп, керемет нәтижелерге қол жеткізді! ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР: 🥇 Қуанышев Ахмет — 45 кг 🥉 Дәулетқалиев Рамазан — 45 кг 🥈 Биімбет Әділет — 48 кг 🥇 Мұрат Дастан — 51 кг 🥈 Серік Қыдырәлі — 55 кг 🥇 Асқарбай Әміржан — 65 кг 🥉 Сейілханов Мейірбек — 65 кг 🥇 Мақсат Ералы — 71 кг 🥈 Жолшора Руслан — 71 кг 🥉 Аманжолов Нұрсұлтан — 80 кг 🥈 Илюпов Дидар — 92 кг 💪 Бұл жеңістер — спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігінің нәтижесі. 🔝 Біз әр балуанымызға мақтанышпен қараймыз! Posted on 14.01.2026 By admin https://esetbatyr.sport.edu.kz/wp-content/uploads/2026/01/Еркін-күрес.mp4 Жаңалықтар
5–9 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында өткен футбол чемпионатында “Есет батыр атындағы ОРОММИК” командасы барлық кездесуде жеңіске жетіп, жарыс жеңімпазы атанды! Posted on 13.01.202613.01.2026 By admin Жаңалықтар
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚАРСЫ АЛУ СӘТІ! Дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі орындарға ие болған шәкірттерімізді мектебімізде ерекше қошеметпен қарсы алдық! Posted on 21.10.202521.10.2025 By admin https://esetbatyr.sport.edu.kz/wp-content/uploads/2025/10/чемпиондар.mp4 Жаңалықтар
🏆БОКСТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ 2025 жылдың 16-19 қазан күндер аралығында бокстан 2008-2009 ж.т. жастар арасындағы облыс чемпионатында біздің спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.🔥🔥🔥 🥇Қабдоллаұлы Диас – 48кг 🥇Сисенбай Нұрлан – 50кг 🥇Атауов Ердаулет – 55кг 🥇Тыныштық Ризат – 65кг 🥇Кәдір Нұрқадыр – 75кг 🥈Болат Ренат – 55кг 🥈Ерланұлы Ерасыл – 75кг 🥉Қани Алихан – 50кг 🥉Иманбай Марлен – 60кг Posted on 19.10.202519.10.2025 By admin Жаңалықтар
ДЗЮДО күресінен ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА 🥇 және 🥉👏🏻👏🏻👏🏻 Ағымдағы жылдың 15-18 қазан күндер аралығында Павлодар қаласында ДЗЮДОдан 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатының екінші күнінде біздің спортшыларымыз топ жарып, қоржынымызға АЛТЫН🥇 және ҚОЛА🥉жүлделерді еншіледі. Атап айтсақ: 🥇 Амангелді Ұлан – 73кг 🥉Өтеген Сұлтан – 66кг Дзюдо бөлімінің бапкерлері мен барша спортшыларын құттықтаймыз! Жеңістер еселене берсін! 👏🏻👏🏻👏🏻🔥🔥🔥 Posted on 19.10.202519.10.2025 By admin Жаңалықтар
Павлодар қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындар өткен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА 55кг салмақ дәрежесінде шәкіртіміз ЗАМЗЕЕВ МАРЛЕН қола жүлдегері атанды🥉🔥 Posted on 19.10.202519.10.2025 By admin Жаңалықтар
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 🥉🇰🇿 Грек – рим күресінен 21-24 тамыз күндері аралығында 🇧🇬 Болгария елінің Самаков қаласында өтіп жатқан U-20 жастар арасындағы ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҰМА АРСЕН қола жүлдені жеңіп алып, барша қазақ жұртын қуантты. Қола жүлде үшін белдесуде Қырғызстан елінің спортшысын 9-0 есеп айырмашылығымен ұтып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті . Біз үшін , ел үшін үлкен қуаныш. Біз сенімен мақтанамыз ! Posted on 26.08.2025 By admin https://esetbatyr.sport.edu.kz/wp-content/uploads/2025/08/ЖҰМА-АРСЕН-🔥ӘЛЕМ-ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ-ҚОЛА-ЖҮЛДЕГЕРІ-🥉🇰🇿Грек-рим-күресінен-21-24-тамыз-күндері-а.mp4 Жаңалықтар
Жаңажол Қуанышбекті Ақтөбе салтанатты түрде қарсы алды! Бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайында барша спорт сүйер қауым грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алған жас чемпион – Жаңажол Қуанышбекті зор құрметпен қарсы алды👏 Грекияның Афина қаласында өткен дүбірлі додада 45 кг салмақта сынға түскен Жаңажол Болгария, Молдова, Иран және Қырғызстан елдерінің балуандарын жеңіп, Әлем чемпионы атанған болатын. Чемпионның жеңісі – барша Ақтөбеліктер үшін зор қуаныш! Біз Жаңажолдың жарқын жеңісін мақтан тұтамыз және алдағы спорттық жолында сәттілік тілейміз! Көк Туымызды биікте желбіреткен балуанға алғысымыз шексіз! Posted on 07.08.2025 By admin https://esetbatyr.sport.edu.kz/wp-content/uploads/2025/08/🏆Жаңажол-Қуанышбекті-Ақтөбе-салтанатты-түрде-қарсы-алдыБүгін-Ақтөбе-халықаралық-әуежайында-бар.mp4 Жаңалықтар
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 🥇🇰🇿 Грек – рим күресінен 29-30 күндері аралығында шілде аралығында 🇬🇷 Афина қаласында өтіп жатқан U-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАҢАЖОЛ ҚУАНЫШБЕК 🥇 Жеңімпаз атанып, көк туымызды көкке көтеріп әнұранымызды барша әлем жұртының алдында шырқатты. Финалда Қырғызстан елінің балуанымен 8-7 есебімен ұтып, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атаған орындады . Біз үшін , ел үшін үлкен қуаныш. Біз сенімен мақтанамыз !!!🫂🥇🇰🇿 Керемет жетістіктерімен грек – рим күресі бөлімін және Бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!! Posted on 07.08.2025 By admin https://esetbatyr.sport.edu.kz/wp-content/uploads/2025/08/Қуан-қазақ-елі🔥ӘЛЕМ-ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ-ЖЕҢІМПАЗЫ-🥇🇰🇿Грек-рим-күресінен-29-30-күндері-аралығынд.mp4 Жаңалықтар
Азия чемпионы-Алмас Али салтанатты түрде қарсы алынды! Posted on 14.07.2025 By admin https://esetbatyr.sport.edu.kz/wp-content/uploads/2025/07/05.mp4 Жаңалықтар