Грек-рим күресінен 03-04 сәуір күндері Қарағанды қаласында өткен U-23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионаты: 1.Ықыласов Ақжан 77кг чемпион 2.Мұратұлы Саламат 60кг 2-орын. 3.Сайлауов Диас 67кг 2-орын. 4.Бержанов Рахат 97кг 3-орын. 5.Өтегенов Ұланқандас 130кг 3-орын. Құттықтаймыз🔥
“ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ” Наурыз мерекесінде мектебімізде ұлттық ойындардан жарыс өткізілді! Қатысушылар Ләнгі тебу, Қой көтеру, Бес асық және Аударыспақ сияқты ұлттық ойындарда өз күштері мен шеберліктерін сынады. Осы қызықты ойындар барысында белсенді қатысқан командаларға мектебіміздің басшысы *ақшалай сыйлықтар* табыстап, жеңімпаздарды құттықтады! Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, мерекелік көңіл-күйде өткен бұл шара барлығымызға ерекше әсер қалдырды!
Чемпионаттың алғашқы куні грек-рим куресінен U20 санаты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының 55кг салмақ дәрежесі бойынша Арсен Жұма чемпион атанды.
2024 жылдың 13-23 қазан күндері аралығында Қызылорда қаласында өткен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер Ауыр атлетикадан ҚР Чемпионатында біздің спортшымыз ТАШМАҒАМБЕТОВ АРСЛАНБЕК ЖЕҢІМПАЗ атанып, СПОРТ ШЕБЕРІ атағын орындады.Арсланбекті және бапкері ҚАЗДАЕВ БАУЫРЖАН ПАХТОВИЧТІ шын жүректен құттықтаймыз!
🏆KZ БОКСТАН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ
Бүгін 30 қыркүйек Есет батыр атындағы ОРОММИК-де БОКСТАН Ақтөбе облысы Чемпионаты салтанатты түрде ашылып, алғашқы жекпе-жектер басталып кетті. Әдеттегідей 5 күнге жалғасатын жарыстың финалдық кездесулері 4 қазан күні өтетіндігін хабарлаймыз!!! Барша қатысушыларға СӘТТІЛІК тілейміз!
Ағымдағы жылдың 16-22 қыркүйек күндері аралығында Қызылорда қаласында өткен бокстан 2008-2009 жылы туылған жастар арасында ҚР спорт қайраткері Аманбек Рахметұлы Досмайыловты еске алуға арналған халықаралық турниріне қатысқан біздің спортшыларымыз қос АЛТЫН және үш ҚОЛА жүлде иеленді. Атап айтар болсақ: Атауов Ердаулет – 54кг Сұлтанбай Ұлан – 75кг Бекмуратов Бекжан – 60кг Иманбай Марлен – 57кг Қазбек Айбар – 70кг Жетістікке жеткен боксшыларымыз бен бапкерлерін құттықтаймыз!
2024-2025 оқу жылына Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы 4S01140503 «Cпорт жатықтырушысы – оқытушы» біліктілігіне түскен білім алушылар


































