Ақмола обл. грек-рим күресінен кадеттер арасында ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан жас палуандар жиналды.
Жарыстың алғашқы күнінде, біздің грек-рим күресі бөлімінің спортшысы – Сүеу Ақжол 45кг салмақта 2 орын алды. 51 келіде белдескен палуандарымыз Мырзағалиев Бекзат – күміс, Шаңғытбаев Наурызбек қола жүлдеге ие болды.
Жарыстың келесі күнінде, 65 келі салмақтағы спортшымыз- Амантаев Айдос жүлделі 2 орынға ие болып, күміс медаль тақты. Ауыр салмақта күрескен палуандар арасында, спортшымыз – Бержанов Рахат та 92кг күміс жүлдегер атанумен, жарысты қорытындылады.
Сонымен қатар, Грек-рим күресі бойынша Ақтөбе облысының құрамасы командалық есепте І орынға ие болды.